Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Асқынулары: - дегидратациялық шок, - екіншілік микрофлораның қосылуы Диагностикасы



бет39/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Асқынулары:
- дегидратациялық шок,
- екіншілік микрофлораның қосылуы
Диагностикасы. Салыстырмалы диагностикасы сальмонеллезбен, дизентериямен, тағамдық токсикоинфекциялармен, эшерихиозбен, кампиллобактериозбен т.б. жүргізіледі.
Тырысқақ кезінде қан плазмасының меншікті салмағын, гематокритті және электролиттер көрсеткіштерін бақылау қажет. Нәжіс микроскопиясында қозғалмалы микробтар аурудың болжау диагнозын күмәндануға көмектеседі. Классикалық зерттеу – бактериологиялық. Экспресс әдістері – иммунофлюоресценттік зерттеу, ИФА. Серологиялық әдістері: вибрицидті және антитоксикалық антиденелерді анықтау (нейтрализация реакциясы т.б.). Сонғы жылдары ПТР қолданылады.
Емдеуі. Міндетті түрде науқастар ауруханаға жатқызылады. Бірінші орында патогенетикалық терапия: жоғалған сұйықтық орнын толтыру – регидратация. Регидратация 2 кезеңді жүргізіледі:
-Біріншілік регидратация
-Компенсаторлы регидратация
Су мен электролиттердің жоғалуын коррекциялау (компенсаторлы регидратация). Біріншілік регидратация ауруханаға дейін басталу қажет. Оның мақсаты – науқастың бұрын жоғалтқан су электролиттерін қайтадан енгізу. Аурудың жеңіл түрінде - оральді (ауыз арқылы) регидратация қолданылады: регидрон, цитраглюкосолан ерітінділері қолданылады. Физиологиялық ерітіндісін, Рингер ерітіндісін, глюкозаның 5% ерітіндісін көктамырға енгізуге болады. Ертінділердің көлемі 200-350 мл/кг/тәулігіне. Дегидратацияның ауыр дәрежесінде сұйықтықтарды көктамырға жіберу арқылы жүргізіледі. Бұл кезде Филлипстің N1 ерітіндісі немесе хлосоль, трисоль ерітінділері көктамырға енгізіледі. Ерітінді 370 С-қа дейін жылытылған болу керек. Ерітінді ағынды түрде енгізіледі. Науқаста пирогенді реакция болса да, десенсибилизация жүргізіп ерітіндінің енгізуін тоқтатпаған жөн.
Біріншілік регидратациядан кейін науқастың жағдайы жақсарып, АҚ орнына келсе, онда Филлипстің N2 ерітіндісі немесе дисоль ерітіндісі көктамырға енгізіледі.
Компенсаторлы регидратацияның мақсаты – диарея мен құсудың әсерінен жалғасып жатқан су және электролиттердің дефицитімен күресу. Науқастың халі аздап жақсарған соң, ерітінді көктамырға 80-120 мл/мин. Жылдамдықпен тамшылап енгізіледі.

  1. Этиотропты ем. Емдеу курсы 5 күн.

Тамыр ішіне 1-3 күн

    • Цефтриаксон

    • Цефтизоксим

    • Цефалотин

    • Цефазолин

    • Карбенициллин

    • Амикацин

    • Нетилмицин

    • Доксициклин

    • Пефлоксацин

    • Ципрофлоксацин

    • Флероксацин

    • Офлоксацин

2. Бұлшықет ішіне 1-2 күн

  • Сизомицин

  • Мономицин

3. Ауыз арқылы - атоксикалық вариант кезінде -3 күн, токсикалық вариант кезінде– 5 күн:

  • Пефлоксацин

  • Ципрфлоксацин

  • Офлоксацин

  • Норфлоксацин

  • Ломефлоксацин

  • Доксициклин

  • Левомицетин

  • Цефалексин

Науқасты ауруханадан шығару ережелері: науқас толығымен сауыққанда және бактериологаялық зерттеу нәтижесінде 3 рет теріс жауап алынғанда.
Ауыр жағдайдағы науқастар қабылдау бөліміне бармай-ақ, реанимациялық шараларды жүргізу және қарқынды бақылау үшін өте қажет құралдармен жабдықталған регидратациялық палатаға (боксқа) бірден орыналастырылады. Тырысқақтық стационарда жұмыс істейтін қызметкерлер карантинде болып, аурухана территориясындағы бөлек бөлмеге орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет