Этиологиясы. E.hystolitica Entamaebae тұқымдастығына, Sarcodinae (жалғанаяқтылар) класына, Protozoa типіне жатады.
Амебаның тіршілік циклы 2 кезеңнен: вегетативті (трофозоит) және тыныштық (циста) тұрады. Олар иесінің организмінде орналасу жағдайына байланысты бір-біріне ауыса алады.
Амебаның даму кезеңдері:
Тіндік түрі (эритрофаг);
Қуыстық (коменсальді) түрі;
Циста (сыртқы ортаға төзімді, ылғал нәжісте сақталады, құбыр суында 1 айға дейін сақталуы мүмкін).
Тіндік түрінің сипаттамасы:
Пішіні үлкен (20-25 мкм), цитоплазмасы анық эктоплазма мен эндоплазмаға бөлінген;
Инвазивтілігі бар;
Жақсы қимылдайды;
Жедел амебиазда және сирек нәжісте анықталады.
Вегетативті түрі (үлкен):
ұзындығы 30-80 мкм;
қимылдайды;
эритрофаг (10-20 жұтылған эритроциттер);
тек қана ішектік амебиазда жаңа нәжісте анықталады (себебі 30 минуттан кейін өледі).
Қуыстық түрі:
ұзындығы 10-20 мкм;
аз қимылдайды;
тоқ ішек қуысында мекендейді және созылмалы ағымдағы реконвалесценттер мен амеба тасымалдаушылардың нәжістерінде анықталады.
Цистаалды түрі:
ұзындығы 12-20 мкм;
аз қимылдайды;
реконвалесценттер мен тасымалдаушылардың нәжістерінде анықталады.
Тыныштық кезеңі:
әртүрлі дәрежеде дамыған цисталар түрінде
өлшемі 9-14 мкм;
реконвалесценттерде созылмалы амебиазда және тасымалдаушыларда анықталады;
өте төзімді болады;
жоғары температура, кептіру, эмитин ерітіндісі өлтіретін әсер етеді. Басқа дез.ерітінділерге төзімді.