ВАСКУЛИТ СИНДРОМЫМЕН СИПАТТАЛАТЫН ЖАЙЫЛМАЛЫ ҚАН ИНФЕКЦИЯСЫ ↓
шешуші диагностикалық белгілер:
↓
R.provacheki антигенімен комплемент байланыстырушы реакцияның «оң» нәтижесі
↓
БӨРТПЕ СҮЗЕГІ НЕМЕСЕ БРИЛЛ АУРУЫ
№19 кесте
Бөртпе сүзегінің және іш сүзегінің,
А және В парасүзектерінің салыстырмалы-диагностикалық белгілері
Бөртпе сүзегі
Іш сүзегі (А және В парасүзектері)
Дене қызуының тез жоғарылауы және ауру белгілерінің жедел дамуы
Клиникалық белгілері жай дамып,
аурудың бірте-бірте басталуы
Аурудың 4-5 күндерінде дене қызуы көбінесе тұрақты және кейде ремиттирлеуші болады
Қызба толқынтәрізді (боткин қисығы),
ауыр түрінде – тұрақты қисық
Науқастың беті ісінген, қызарған. Конъюнктиваның қан тамырлары инъекцияланған
Беті бозарған, склералары
аздап сарығаған
Киари-Авцын және Розенберг-Винокуров-Лендорф симптомдары- ның «+» болуы
Киари-Авцын және Розенберг-Винокуров-Лендорф
симптомдарының «-» болуы
Науқастың жалпы жағдайында қозғыштық, сөйлегіштік байқалады; кей жағдайда тежелу. Аурудың өршу кезінде жалпы діріл байқалады және де көп науқастарда – сандырақтау
Жалпы адинамия, науқастар аз сөйлейді.
Егер сандырақтау болған жағдайда,
тыныштық сипатта
Тілі құрғақ, сұр жабындымен қапталған
Тістің іздері ісінген тіл, қоңыр жабындымен
қапталған
Тыныс алуының жиілеуі пульстің жиілігінен жоғары;
Тыныс алуының жиілегі пульстің жиілігіне
сәйкес
Пульс дене қызуына сәйкес немесе тахикардия болады;
Салыстырмалы брадикардия, жиі
дикротиямен сипатталады;
Аурудың 3-4 күндерінде көк бауыры ұлғаяды, консистенциясы жұмсақ. Іштің кебуі аз сипатта, егер болған жағдайда орташа түрде. Оң жақ мықын аймағында қырылдау жоқ. Падалка симптомы теріс.
Көк бауырының ұлғаюы 1-ші аптаның соңында
байқалады, консистенциясы қатты. І
штің кебуі айқын. Оң жақ мықын аймағында
құрылдау анықталады. Падалка симптомы оң.
Бөртпе розеолезді-петехиалды сипатта, көп мөлшерде; Элементтері жиі жағдайларда жалпақ, бүкіл денеге, аяқ-қолдарында тараған. Аурудың 4-6-ші күндерінде пайда болады. Бөртпе қайтқанда пигментация қалады; жаңа бөртпе элементтері болмайды
Бөртпе розеолезді сипатта, аурудың 8-10ші
күндерінде шығады. Элементтерінің саны аз,
санауға келеді, тері денгейінен жоғары шығып
тұрады; іште, дененің жоғарғы бүйірінде,
белде орналасады, пигментациясыз жойылады;
жаңа элементтер пайда болады
Терінің, көрудің, естудің, иіс-сезуінің гиперестезиясы жиі байқалуы
Тән емес
Менингизм болуы мүмкін
Сирек байқалады және ауыр интоксикация
жағдайларында
Ошақты булбарлы симптоматика тән (Говоров-Годелье симптомы, тілдің бір жаққа қарай ауытқуы, дизартрия, ауыз-мұрын қатпарларының тегістелуі);
Ошақты булбарлы симптомы тән емес
Қанда: таяқша-ядролы нейтрофилдердің солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы, жиі лейкоцитоз, тромбоцитопения
Лейкопения, эозинопения, таяқша ядролы
нейтрофилдердің солға ығысуы, салыстырмалы
лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, тромбоцитопения.
Видаль реакциясы 2-ші аптаның соңында оң;
Аурудың 4-6-ші күндерінде Провачек риккетсиясымен агглютинация реакциясының және 7-8-ші күндері - комплемент байланыстыру реакциясының, ТЕГАР-ң оң болуы .
Іш сүзегі кезінде мына реакциялар әр уақытта теріс.
Бөртпе сүзектің арнайы диагностикасы науқастың қанынан Провачек риккетсияларының таза дақылын немесе оларға қарсы антиденелерді бөлуге негізделген. Риккетсияларды өсіру техникалық қиындығына байланысты практикалық маңызы жоқ, сондықтан бөртпе сүзектің лабораториялық диагностикасы үшін сероиммунологиялық әдісті ( КБР, ТеГАР, РАР, МФА) пайдаланады. КБР-ның диагностикалық титрі (1:160 және одан артық) аурудың 6-7 күні анықталады, аурудың 12-20 күні максималді мәніне ( 1:640 – 1:1280) жетеді. Бөртпе сүзектің реконвалесценттерінде комплемент байланыстырушы антиденелер ұзақ жылдар бойы сақталады да, РСК-ны аурудың ретроспективті диагностикасына қажетті етеді ( 1:10 титрында ).
Бөртпе сүзектің серодиагностикасында ТеГАР-ның маңызы зор, себебі бұл реакция тек антиденелердің қосынды титрін анықтап қана қоймай, олардың иммунноглобулиндерінің қай класына жататынын анықтайды. Бөртпе сүзекте аурудың 5-7 күнінде диагностикалық титрі 1:1000 немесе одан артық болады. Бұл классқа жататын антиденелер анықталынады. Аурудың 15-20 күнінде антиденелердің максимальды титрі ( 1:12800 және одан артық) анықталады. Оның ішінде аурудың 3-4 аптасында қан сары суында класына жататын антиденелер басым болады.
Бөртпе сүзек ошақтарындағы тұрғындардың иммунологиялық құрылысын анықтау үшін теріге аллергиялық сынама жүргізеді.
Емдеуі. Эпидемиялық бөртпе сүзек кезінде этиотропты, патогенетикалық, симптоматикалық ем қолданады. Қазіргі уақытта негізгі этиотропты препараттар, бұл тетрациклин тобының антибиотиктері екені белгілі. Тетрациклинді пероралдьы ересектер үшін 0,3-0,4 г. күніне 4 рет белгілейді (тәулегіне 1,2 – 1,6 г.) немесе доксициклин 0,1 г күніне 2 рет (тәулегіне 0,2 г.) Емдеу курсы- бүкіл қызба кезеңі бойы және апирекцияның 2 күніне тағайындайды. Сирек левомицетинді 0,5-0,75 г. тәулігіне 4 реттен белгілеген. Аурудың ауыр өту кезеңдерінде антибиотиктерді парантеральды енгізеді. Этиотропты антибиотикотерапия өте тез әсер береді және сондықтан да патогенетикалық терапияның көп әдістері қазіргі уақытта тек тарихи маңызға ғана ие болып отыр.
Патогенетикалық терапия көрсеткіштер бойынша дезинтоксикациялық препараттар, диуретиктер, тамырлық аналептиктер, жүрек гликозидтері, витаминдер, әсіресе аскорбин қышқылы және Р-витаминді препараттарды қарастырады. Аурудың ауыр өтуі кезінде интенсивті терапия жүргізеді.
Делирий дамығанда бромидтер , барбитураттар, аминазин, седуксен, галоперидол немесе натрий оксибутиратты қолданады.
Тромбоз бен тромбоэмболиялық асқынулардың алдын-алу үшін антикоагулянттар тағайындайды.
Стоматит, паротит, жара (пролежни) болдырмау үшін міндетті түрде ауыз қуысы мен теріні тазалау қажет. Апирексияның 5-6 күніне дейін төсектік тәртіп, дене қызуы қалпына келгеннен кейін 6-7 күннен бастап науқасқа жүруге болады, аурудың асқынуы болмаған жағдайда апирексияның 12 күнінде ауруханадан шығарылады.