Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет196/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Жалпы сипаттамасы: созылмалы толқынды қызу, спленомегалия, гепатомегалия, анемия, кахексия тән.
Клиникалық көріністері. Инкубациялық мерзімі 6-8 айға жуық, бірақ 3 айға дейін қысқаруы не 1 жылға дейін ұзаруы мүмкін.
Клиникалық дамуында 3 сатыны атауға болады.

  1. Басталуы (начальный);

  2. Аурудың қозу кезі (разгар);

  3. Терминалды сатысы.



Ι сатысы – басталуы: жалпы әлсіздік, тез шаршау белгілері байқалады. Науқастың түр-келбеті өзгереді – қудай бозғылт, не жер түстес, болып көрінеді. Асқа тәбеті төмендейді, көкбауыр көлемі өсуі мүмкін. Осы белгілермен ауру кей кезде шектелуі мүмкін – апиректикалық формасы.
ΙΙ сатысы аурудың қозған кезі. Өте жоғарғы деңгейде қызуы көтеріледі 39-400С, кенеттен төмендеп, тәулік ішінде бірнеше толқынды түрде қызу көрсеткіштері ауысып, науқас қатты терлейді, әсіресе түнде. Науқастың терісі, шырыш қабаттары бозғылт тартып, кейде қорғасын түстес болады. Геморрагиялық диатез белгілері – мұрыннан қан кетуі мүмкін. Тері асты май қабаты, бұлшық еттер атрофиясы байқалады, науқас арықтайды.
Көкбауыр, бауыр көлемдері ұлғайып, ішінің өсуі көзге түседі, асцит қалыптасады. Бетінде, аяқ қолдарында ісік байқалады.
Осы өзгерістер нәтижесінде жүрек қалыпты жағдайынан солға ығысып, оның жұмысы бұзылады. ЭКГ – миокардиодистрофияға тән белгілер анықталады. АҚ төмендейді.
Лимфа түйіндері ұлғаяды, бірақ олар тері қабатымен бірікпейді, ауыр сезімі басқанда байқалмайды. Қан түзу жұмысы бұзылуының нәтижесінде қызыл қан түйршіктерінің жалпы саны төмендейді. Анэозинофилия висцеральды лейшманиозға тән диагностикалық белгі. Лейкопения, тромбоцитопения.
Қанның ұю қасиеті төмендейді, эритроциттердің тұрақтылығы төмендейді.
ΙΙΙ сатысы – кахексиялық: аурудың соңғы сатысы. Науқас азып, арықтайды, ішінің көлемі ұлғаяды, төмен салбырап тұрады (бауыр, көкбауыр бұзылысы нәтижесі). Висцеральды лейшманиоздың жедел түрі 2 жасқа дейінгі балаларда кездеседі (39-400С, анемия, интоксикациялық белгілері жоғарлайды). Дер кезінде ем қолданбаса өліп кетуі мүмкін. Жас өспірімдер мен жас адамдарда созылмалы түрі кездеседі. Уақытында қолданылған ем нәтижесінде науқас айығып кетуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет