Болжамы. Ерте анықтағанда қолайлы.
Емдеуі. Режим 1. №4 диета.
Этиотропты терапия:
I. Ятрен және дийодохин қуыстық түріне әсер етеді: Ятрен 0,5х3 рет тәулігіне 10 күн, 10 күннен кейін қайталау курсын жүргізуге болады. Бірге ятренмен (1-2 г -1 ст. суға) клизма жасауға болады.
Дийодохин 0,25 х3 рет –тәулігіне 10 күн.
II. Тіндік амебоцидтер (тіндік және қуыстық түрлеріне әсер етеді): Эметин тұз қышқылды 1 мг/кг бұлшықетке немесе тері астына 1%-3,0х2 рет тәулігіне 5-6 күн;
Дигидроэмитин 10 күн бұлшықетке, тері астына 1 мг/кг тәулікте;
Амбильгар peros 0,25 мг/кг тәулігіне 7-10 күн
Делагил – 3 апта курс схема бойынша:
1 апта – 0,75 –тен /тәулігіне
2 апта – 0,5 –тен/тәулігіне
3 апта – 0,25-тен /тәулігіне немесе 1-2 күн 1,0 ем қалған күндері (18 күн) 0,5-тен.
III. Амебаның барлық түріндегі (амебалық) универсалдық препараттар: Метронидазол 0,4х3 рет 5 күн ал ішектен тыс түрінде 1 күн 0,8х3 рет. Абсцестерде –хирургиялық ем.
IV. Паразиттасымалдаушылыққа әсер етеді: Дилоксанида фуроат, пароммоицин, метронидзол, тинидазол, орнидазол, секнидазол, дигидроэметин, тетрациклин және хлорохин комбинациясы.
Алдын алу шаралары.Эпидемиологиялық қадағалау, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары инвазияның берілу механизмін үзуге бағытталған. Олар оңашалауды, науқастарды химиялық препараттармен емдеуді және дені сау циста тасымалдаушыларды сауықтыруды: қоршаған орта объектілерін қорғау және тазарту жөніндегі күрделі шараларды (су қоймалары, топырақ, тағамдық объектілер және т.б.), халық арасында қоғамдық, жеке бас тазалығын сақтау туралы үнемі санитарлық-гигиеналық ағарту жұмысын жүргізуді қамтиды. Бүкіл керекті шаралар тізімі жедел ішек инфекциялары кезіндегідей және олар қазіргі Ережелер мен Нұсқауларға (СанЕжН) сәйкес өткізіледі.