Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет91/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Диагностикасы. Типті оқиғаларда эпидемиялық паротитті анықтау қиындық келтірмейді. Құлақ тұсы сілекей бездерінің зақымдануы басқа инфекциялық аурулар кезінде 2-шілік болып табылып, іріңді зақымдану сипатына ие болады. Науқасты ұқыпты тексеру, соның ішінде фарингоскопия, бұл ауруды еш қиындықсыз ажыратуға мүмкіндік береді.
Эпидемиялық паротиттің асқынған түрінде дифференциалды диагностикасы қиындайды, әсіресе сілекей безінің зақымдануы айқын болмаса немесе жоқ болса.
Паротиттік серозды менингитті басқа этиологиялы серозды менингиттерден, әсіресе туберкулезді және энтеровирусты менингиттерден ажырату керек. Туберкулезді менингит продром құбылысының болуымен, неврологиялық симптомдары ақырындап басталуымен және үдемелі күшеюімен сипатталады. Энтеровирусты менингит жаз мезгілінің аяғында немесе күздің басында кездеседі.
Жедел панкреатитті асқазан-ішек қуысының жедел хирургиялық ауруларынан дифференциялау қажет (жедел холецистит, аппендицит және т.б.).
Иммунофлюоресцентті әдістер клетка дақылынан 2-3 күннен кейін вирустарды табуға мүмкіндік береді. Ол және де жұтқыншақ клеткасынан тікелей вирусты антигенді табуға мүмкіндік жасап, тез жауабын алуға жағдай жасайды. Серологиялық әдістер (ТГАР, ИФА) антиденелер титрінің жоғарлауы тек 1-3 аптадан кейін ғана айқындауға мүмкіндік береді. ПТР вирус геномын анықтайды.
Емі. Этиотропты емі жоқ. Гипериммундық ерекше сарысу терапевтік әсер бермейді. Төсек режимін 10 күннен кем емес мерзімде сақтау керек. Төсек режимін сақтамаған ер адамдарда 1 аптаның ішінде орхит 3 есе жиі (75%) дамыған. Панкреатиттердің профилактикасы үшін, бұдан басқа диетаны да сақтау керек; тамақты артық жеуден сақтану, ақ нанның, макаронның, майдың, орамжапырақтың мөлшерін азайту. Емдәм сүт және өсімдік қоректерінен болуы тиіс. Күрішті және қара нан мен картофельды пайдалануға рұқсат етілген.
Орхит кезінде преднизолонды ертерек белгілеуге болады, 5-7 күн аралығында, 40-60 мг бастап, әр күн сайын 5 мг мөлшерден азайтып отыру керек.
Менингит дамыған кезде кортикостероидты гормондарды қолданады. Дегидратациялық терапия маңызды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет