Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет33/251
Дата16.12.2023
өлшемі4,97 Mb.
#139881
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   251
Диагностикасы. 1) клиникалық-эпидемиологиялық мәліметтер;
Дұрыс диагноз қою үшін келесі негізгі белгілерге сүйену қажет:

  • ауруға себеп болған тағам өнімін анықтау;

  • тағамның органолептикалық қасиеттерінің өзгеруі (дәмі ашыған, иісі шыққан)

  • тағам қабылдаған адамдардың топтасып ауыруы;

  • жедел гастриттің, энтериттің, колиттің клиникалық белгілерімен сусыздану және улану белгілерінің қосарлануы;

  • қысқа инкубациялық кезеңнің болуы;

  • ауру жедел дамып, қысқа уақытқа созылуы;

Аурудың салыстырмалы диагностикасының маңызы зор. Сондай-ақ ТТИ алғашқы кезде әртүрлі аурулардың қосылуымен де өтуі мүмкін. Мысалы, терапиялық (жедел гастрит, гипертониялық криз, миокард инфарктісі), хирургиялық (жедел аппендицит, холецистопанкреатит, мезентериальды тамырлардың тромбозы, асқазан жарасының тесілуі), акушерлік-гинекологиялық (жатырдан тыс жүктілік, гестоз, пельвиоперитонит), неврологиялық (ми қан айналымының бұзылысы, нейроциркуляторлық дистония), урологиялық (пиелонефрит, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі) сияқты аурулар.
2) лабораторлық диагностика.
Бактериологиялық зерттеуге алынатын материал: құсық массалары, ас қазанның щайынды суы, нәжіс, желінбеген тағам қалдықтары. Аурудың бөлінділерінен және қалған заладанған тағамнан алынған қоздырғыштың биоварын салыстыру қажет.
Серологиялық әдістердің маңызы үлкен емес. Диагностикалық мағынада тек қана науқас қанында табылған аутоштаммға қарсы түзілген антиденелер титрінің 2 есе жоғарылауының маңызы бар.
Емдеуі. Тағамдық токсикоинфекциялармен науқастанғандарды жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу қажет.
Бірінші рет науқасты қарап және диагноз қойған соң асқазанын шайып, жуындысы бактериологиялық әдіспен зерттеледі. Егер жоғалтқан сұйықтықтың мөлшері 1,5- 2 литрден аспаса, ауыз арқылы жоғалтқан сұйыктықтың мөлшеріне тең сұйықтық ішкізеді.
Науқастың емі аурудың түрі мен ауырлығына және қосымша ауру түріне байланысты жүргізіледі. Алдымен, сусыздануға қарсы күрес, дезинтоксикациялық, гемодинамиканы реттеу шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар қосымша ауруды емдеу, симптоматикалық және диетотерапия тағайындалады.
Стационарда асқазанды шаюдан бастайды. Асқазанды шаю үшін 1% натрий гидрокарбонаты ерітіндісі немесе 0,1% калий перманганаты ерітіндісі қолданылады. Орташа -3 литрдей сұйықтық пайдаланылады. Асқазанды шаю үшін зонд арқылы жүргізген жөн. Енгізілетін сұйықтықтың мөлшерін құсқан кезде және диарея кезінде жоғалтқан сұйықтық арқылы анықтайды. Ауыр жағдайда, кейде орта дәрежедегі ТТИ кезінде регидратациялық терапияны көктамырға полиионды кристаллоидты ерітінді енгізу арқылы жүргізіледі (дисоль, трисоль, хлосоль, ацесоль ерітінділерін көк тамыр арқылы). Тұзды ерітінділермен қатар дезинтоксикация үшін синтетикалық коллоидты ерітінділерді — энтеродез, энтерол және реополиглюкин, полиглюкин, реомакродекс, реоглюман қолданылады. Коллоидты ерітінділермен инфузия сусыздану жоқ кезде жүргізу қажет. Себебі, көк тамыр арқылы жіберген кезде сұйықтық интерстициялық кеңістіктен тамыр арнасына өтеді. Бұл кезде АҚҚ жоғарылап, сауығудың алдамшы белгісі болады, бірақ су-электролиттік алмасу бұзылып, нашарлайды. Коллоидты ерітінділерді енгізген кезде метаболиттік ацидоз күшейеді.
Полиионды кристаллоидты ерітінділерді көк тамыр арқылы инфузия жасағанда ТТИ-ның ауыр дәрежесінде — 70-90 мл/мин жылдамдықпен 60-120 мл/кг дене массасына мөлшерде енгізсе, орта дәрежеде — 60-90 мл/мин жылдамдықпен 55-75 мл/кг дене массасына мөлшерде енгізіледі.
Инфузиялық терапияны құсу тоқтағанда, бүйректің шығару қызметі мен гемодинамика қалпына келген кезде тоқтату қажет.
Аурудың жедел кезеңінде - Певзнер бойынша №4 стол тағайындалады, ал сауығу кезеңінде - №13 столға ауыстырылады. Тағамнан асқорыту жүйесіне механикалық және химиялық әсер ететін тағамдарды алып тастайды: сүт, консерві, бұқтырмалар, өткір және тәтті тағамдар, пісірілмеген жемістер.
Антибактериальды препараттар қажет емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет