Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Болжамы. Ауыр ағымында – болжамы қолайсыз, өлім-жітімділігі – 80-100%, асқынбаған түрінде - 15%. Алдын алу шаралары



бет69/251
Дата16.12.2023
өлшемі4,97 Mb.
#139881
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   251
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñûíû? äåíñàóëû? ñàêòàó ìèíèñò³ðë³ã³ ñ. Æ. Àñ

Болжамы. Ауыр ағымында – болжамы қолайсыз, өлім-жітімділігі – 80-100%, асқынбаған түрінде - 15%.
Алдын алу шаралары. Шешек карантинды инфекциялар тобына жатады. Науқасты бокста оңашалау қажет. Медперсонал қорғаныс костюмды қолдануы керек. Науқастың іш киімін, төсегін, ыдысын, қолданған заттарын, бөлмесін залалсыздандыру қажет. Карантин 17 күнге салынады. Контакты адамдарға вакцинация жүргізіледі. Донорлық иммуноглобулин 3 мл бір рет, қосымша метисазон 0,6 г әр рет ересектерге; 10 мг кг салмағына балаларға 4-6 күн.
ЛЕГИОНЕЛЛЕЗ
Син.: легионерлер ауруы, питтсбургтік пневмония, Понтиак қызбасы, Ферт-Брагг қызбасы.
Анықтамасы. Легионеллез – қоздырғышы аэрогенді механизммен берілетін, клиникасында қызбамен, интоксикациямен, респираторлы синдроммен, ауыр пневмониямен, асқорыту жолдарының және бүйректің, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуларымен көрінетін сапронозды жедел бактериальды жұқпалы ауру.
Тақырыптың өзектілігі. Легионеллез экономикасы дамыған елдерде көбірек кездеседі. Кейде аурухана ішілік инфекция түрінде өтуі мүмкін. Бұл ауру ЖИТС-индикаторлы ауруларға жатпаса да, пневмонияның ауыр түрлерінде міндетті жағдайда науқасты АИВ-инфекциясына тексеру қажет. Легионеллез 5-15% жағдайда АИВ-инфицирленген науқастардағы пневмонияның себебі болуы мүмкін.
Тарихи мәліметтері. Бұл аурудың қоздырғышы XX ғасырдың 70-ші жылдарында анықталған. Легионелла деген атау 1976 жылы Филадельфияда өткен американдық легионерлердің конгресіне байланысты. Форумға қатысқан 4400 адамдардың арасындағы 182 соғыс ардагерлері ауыр пнемониясы бар жедел респираторлы аурумен ауырып, соның ішінде 29-ы өлімге ұшырады. 1977 жылы Дж.Макдейд пен К.К.Шепард (АҚШ-тан) осы бұрқ ету кезінде өлген адамның өкпе тінінен бұрын белгісіз болған грам теріс таяқшаны анықтады. 1965 және 1968 жылдары АҚШ-тың Вашингтон және Понтиак (Мичиган) қалаларында, сондай-ақ 1973 жылы Испанияның Бекидром курортты қалашығында осындай қызбалы аурулардың бұрқ етуі тіркелді. 1978 жылы легионерлер ауруы бойынша арнайы шақырылған Халықаралық симпозиумде ауру қоздырғышына Leqionella pneumophilla деген атау берілді.
Этиологиясы. Қоздырғышы - Legionella pneumophilla Legionellaceae тұқымдастығына Legionella тегіне жататын грам-теріс бактерия, талшықтары бар қозғалмалы таяқша. Қазіргі уақытта легионеллалардың анықталған 23 түрі, 35 серотиптері бар. Типті сапроноздарға жатады, сыртқы ортада тұрақты, ауыз су мен топырақта 4°С температурада 1 жылға дейін тіршілігін сақтайды. Легионеллалардың патогенділігі термостабильді эндотоксині мен термолабильді цитотоксиніне байланысты. Н.Ф.Гамалея атындағы эпидемиология мен микробиология ҒЗИ-да легионеллалардың бұрын белгісіз болған патогендік факторы – цитолизин анықталған. Легионеллалар фенолға, спиртке, йодқа, формальдегидке, кальций гипохлоридіне және эритромицинге, рифампицинге, левомицетинге сезімтал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет