Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық



бет139/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   167
Байланысты:
Novy gigiena000 (1) (1) (1)

Органикалық еріткіштер. Әр түрлі химиялық заттарды бөліп алу (экстракциялау) және еріту, заттың бетінің майын кетіру, желімдер, лактар және сырлар дайындау үшін, дәрілік заттарды синтездеуде қолданылатын сұйық зат. Олардың ішіне әр түрлі класстарға жататын қосылыстар: спирттер, эфирлер, кетондар (ацетон, циклогексанон), май қатарындағы қаныққан және қанықпаған қосылыстары (бензин, этилен және т.б.), циклдік және ароматтық қатардағы қосылыстары (бензол және оның гомологтары), хлорланған көмірсутектер (дихлорэтан, төртхлорлы көміртегі, үшхлорэтилен және басқалары), сондай-ақ олардың қоспалары.
Еріткіштер ұшқыш болған соң ағзаға негізінен тыныс мүшелері арқылы түседі. Бірақ олардың ішінде көбі (бензол, дихлорэтан, төртхлорлы көміртегі, бензин және басқалары) майда жақсы ерігіштігі нәтижесінде зақымданбаған тері арқылы да ағзаға кедергісіз ене алады. Жұмыс бөлмелері ауасының ластануына орташа ұшқыштармен (ксилол, хлорбензол, бутанол және т.б.) және аз ұшқыштармен (нитрпарафиндер, этиленгликоль, тетралин, декалин және т.б.) салыстырғанда жеңіл ұшатын еріткіштер (ацетон, бензин, бензол, күкірткөміртек және басқалары) жұмыс бөлмесі ауасының ластануына ең үлкен қауіп тудырады. Улылығы жоғары, бірақ ұшқыштығы аз еріткіштер мұндай жағдайда олармен жұмыс істегенде аз қауіпті болуы мүмкін.
Жедел және созылмалы уланулардың дамуының қаупі мен жылдамдығы бұл қосылыстардың суда және майларда ерігіштігіне де байланысты. Суда ерігіштік коэффициенті төмен заттар (бензол, толуол және басқалары) үлкен дозаларында әсер етуі кезінде жедел улану туғызу қабілеті жоғары болып келеді. Оның есесіне суда жақсы еритін заттар аз концентрациясында ұзақ уақыт әсер еткенде суда ерімейтіндеріне қарағанда созылмалы улануларды тезірек тудырады, себебі ерігіштігіне қарай ағзаға көп мөлшерде түседі де биологиялық орталарда жиналады.
Заттың майларда ерігіштігі оның ағзаға екі жолмен бір уақытта түсуіне байланысты улану мүмкіншілігін жоғарлатады. Оның үстіне майда еритін қосылыстар майларға бай тіндерде (бас миы, сүйек кемігі, бүйректер және т.б.) тез жиналады, және бұл мүшелерден баяу бөліне отырып, оларға айқын зиянды әсер етеді.Ағзада көпшілік еріткіштер еріткіштердің, өздеріне қарағанда улылығы аз немесе бірқатар жағдайларда улылығы жоғары қосылыстар түзіп, метаболизмдік айналымдарға ұшырайды. Ағзадан шығуы әр түрлі жолдармен жүреді. Кейбіреулері өзгермеген күйінде өкпе арқылы шығады, басқалары тотығу және тотықсыздану өнімдер түрінде немесе глюкурон және күкірт қышқылдарымен байланысқан күйінде бүйрек арқылы бөлініп шығады.
Еріткіштердің улылық әсер ету сипаты олардың физикалық, химиялық қасиеттерімен анықталады. Бірақ бұл заттардың барлығының да дерлік, әсіресе майда еритіндерінің; жасуша мембраналарының өткізгіштігінің бұзылуына және нейрондардың постсинаптикалық мембранасында қозу толқынының пайда болу үрдісінің қиындауына байланысты наркотикалық әсері бар. Әдетте, еріткіштердің әсері тек орталық жүйке жүйесін ғана емес, сондай-ақ басқа да мүшелер мен жүйелерді қамтиды, бірақ уланудың клиникалық көріністерінде өзіндік ерекшеліктері болады, себебі бір жағдайларда бауыр мен басқа да ұлпалы мүшелердің басым түрде зақымдануы байқалса, басқа жағдайларда қан түзетін жүйенің немесе жүйке жүйесінің зақымдануы басымырақ болады. Кейбір еріткіштер тітіркендіретін, канцерогенді әсерге ие метгемоглобин түзушілер болып табылады, қабыну және аллергия сипаттындағы терінің зақымдануларын тудырады.
Бензол. Өзіне тән иісі бар сұйық зат. Оның булары ауадан үш есе ауыр. Бензол улылығы жоғары болғандықтан еріткіш ретінде қолданылмайды, бірақ пластмассалар, синтетикалық каучук, бояғыштар, жарылғыш заттар, пестицидтер, дәрі-дәрмектер синтездеуде, мотор майының жоғары октанды құрамдасы ретінде кеңінен қолданылады. Бензол мен оның гомологтарын мұнайдан және көмірден ажыратып алу үрдісінде де жұмысшылар олармен байланыста болуы мүмкін.
Ағзаға бензол бу күйінде тыныс жолдарымен және тері арқылы (сұйық күйінде), сирек жағдайларда асқазан-ішек жолы арқылы түседі. Ағзада бензол, фенолдар және полифенолдар түзіп тотығуға түседі, бұлар глюкурон және күкірт қышқылдарымен байланысып бүйрек арқылы шығарылады. Бензолдың өзгеріске ұшырамаған бөлігі дем шығарған ауамен шығарылады.
Жедел уланулар сирек кездеседі, негізінен апат жағдайларында, цистерналарды тазалағанда, жабық, нашар желдетілетін үйлерде жұмыс істегенде, сонымен қатар токсикомандар белгілі мақсатпен қолданғанда кездесуі мүмкін. Жеңіл жағдайларда алкогольден мас болу сияқты өтеді, ауыр жағдайларда көңілсіздік белгілерінің дамуына, маниакальды немесе делири жағдайы пайда болуына, тырысуларға, естен тануға ауысады және тыныс алу орталығы салдануына байланысты өлім жағдайымен аяқталады. Бензолдан созылмалы улануларға қан түзетін, жүйке, жүрек-тамыр жүйелерінің, сондай-ақ бауыр мен бүйректің басым зақымдануы тән.
Сонымен бірге, өзгерістер басқа да жүйелер мен мүшелерде дамуы мүмкін. Бензолдан улану кезінде қан жүйесіне әсер етуі екі бағытта дамуы мүмкін: сүйек кемігінде қан түзілуінің басылуы (угнетение) және бензолдан уланудан лейкоздар дамуы түрінде. Гемопоэздің басылуы кезінде басында көбінесе ақ қан түйіршіктері қатарындағы элементтердің сапалық өзгерістермен бірге лейкопения анықталады, өзгерістердің мұндай ізбелестігі барлық уақытта міндетті түрде болмаса да содан кейін тромбоцитопения мен анемия қосылады, бірақ өзгерістердің мұндай ізбелестігі барлық уақытта да міндетті түрде бола бермейді. Мұрыннан, қызыл иегінен қан ағумен білінетін, тері астылық және шырышты қабық астына қан құйылулармен, ауыр жағдайларда жатырдан және ішектен қауіпті қан ағулармен көрінетін геморрагиялық диатез дамиды.
Кейінгі кезеңдерінде дененің әр жерінде орналасқан септис үрдістері қосылады. Бензолмен байланысты (контакт) тоқтатқаннан кейін гемопоэз біртіндеп қалпына келеді: тромбоциттердің саны 2 жылдан кейін, лейкоциттер-10 жылдан кейін қалпына келеді. Уланудың айқын түрлері өте тұрақтылығымен ерекшеленеді, қалпына келуі қиын жүреді. Бензолдан созылмалы уланудың міндетті түрдегі компоненті орталық жүйке жүйесінің функционалдық жағдайының бұзылыстары болып табылады, олардың ішінде ең ерте пайда болатынына неврастения және астеновегетативті көріністері жатады.
Уланудың соңғы кезеңдерінде ауыр жағдайларында уланудан болған энцефалопатия түріндегі бас миының диффузды органикалық зақымдануы мүмкін. Бензолдан улану, сондай-ақ уланудан гепатит дамуына, ұйқы безінің сыртқа сөл бөлу қызметінінің, асқазан сөлі түзілуінің бұзылуына, сүйек тіндерінің құрылымы өзгеру құбылысына, остеопороз дамуына, майда ошақты склероз дамуына әкеп соғады. Терінің құрғақтығы, жарылуы, қышуы, гиперемия, ісінуі, көпіршікті бөртпелер дамуы сияқты терінің зақымданулары тән. Шындап көңіл аударуды қажет ететін жағдайдың бірі, бензолдың хромосомдық аберрация тудыратын қабілеті
Бензолдың қолайсыз әсерінің алдын алу мүмкіндігі болса, оны технологиялық үрдісте қауіптілігі аз заттармен алмастырудан тұрады. Сонымен қатар, үрдістерді автомата өндіру, жабдықтарды герметизациялау, тиімді желдету ұйымдастыру міндетті түрде болып табылады. Жұмыс үйлерінде бензолдың ауадағы концентрациясына үнемі гигиеналық бақылау жасалынуы тиіс. Бензол 2- қауіптілік класына жатады. Оның ШРЕКм.б.р.-15 мг/м3, ал ШРЕКо.т. – 5 мг/м3 болады. Жеке басты қорғайтын заттар қолданылуы тиіс: жоғары емес концентрацияларында сүзгілі противогаздар, жоғары концентрацияларында – оқшаулаушы противогаздар қолданылады. Міндетті түрде еріткіштерді өткізбейтін арнайы киіммен жұмыс істеу, қолды қорғау керек. Қолды және арнайы киімдерді бензолмен жууға болмайды.
Әйелдер мен жасы 18 толмаған адам, сонымен қатар орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары, айқын невроз және психикалық аурулары, барлық қан аурулары, соның ішінде этиологиялы әр түрлі екіншілік анемия, барлық геморрагиялық диатездермен ауыратындар, бауырдың, бүйректің, жыныс мүшелерінің созылмалы аурулары бар адамдар бензолмен байланыста болатын жұмыстарды істеуіне рұқсат етілмейді. Кезеңдік медициналық тексерулерді жүргізуге терапевт, невропатолог, көрсетілімдері бойынша басқа да мамандар қатысады. Жалпы қанды талдауы мен коагулограмма жасау міндетті турде жүргізілетін зертханалық зерттеу болып табылады.
БензинМетанды, нафтенді, ароматты және қанықпаған көмірсутектердің қоспасы болып табылады. Бензиннің пайдалану саласы сан алуан: іштен жанатын қозғалтқыштар үшін жанармай ретінде, резина және лак-сыр өнеркәсіптерінде еріткіш ретінде, затты қоспадан айырып алатын зат (экстрагент) ретінде және т.б. қолданылады. Бензиннің буымен жұмысшылар оны тек нақты мақсаттарда қолданғанда ғана емес, сондай-ақ мұнай айратын зауыттарда бензин өндіруде де қатынаста болады. Бензин адам ағзасына өкпе арқылы, зақымданбаған тері арқылы және асқазан-ішек жолы арқылы түседі. Бензин майда жақсы ериді және жедел де, созылмалы да уланулар тудырады. Кішігірім жабық үйлерде бензинмен жұмыс істеген кезде, цистерналарды, бактарды тазалағанда, апат жағдайларында пайда болатын бензиннің ауадағы жоғары концентрациялары кезінде жедел улану өте тез дамиды, көздің, мұрынның шырышты қабықтарының тітіркенуіне, мас болу жағдайына, елестер дамуына, тырысуларға, естен тануға әкеп соғады және өте жоғары концентрацияларында (35000-40000 мг/м3) әп сәтте өліп кетуіне әкеп соғады.
Созылмалы уланулар жүйке жүйесінің функционалды жағдайының қайтымды бұзылуларымен, диспепсиялық бұзылыстармен, айқындылығы аз қан аздықпен жүреді, теріге әсер еткенде – дерматитер мен экземалардың дамуы мүмкін.
Бензинмен уланулардың алдын алу үшін, тиімді жергілікті және ауаны жалпы алмастыратын желдету жүйесімен жабдықталуы тиіс, тұйық кеңістіктерде жұмыс істеу және резервуарларды тазалау тек противогаздар киіп жүргізілуі тиіс. Бензинді ауызбен соруға кесімді түрде тыйым салынады, өйткені оны жұтып қойса, жедел гастроэнтерит дамуы мүмкін, ал тыныс жолдарына сорылуы арқылы қысқа уақыт аралығында уланудан ауыр плевропневмония дамиды.
Көміртегі тотығы СО – иісті газ – аса кең таралған өнеркәсіптік у болып табылады. Ол – көміртегі толық жанбайтын үрдістер жүретін, көміртегі тотығының пайда болуына әкеп соғатын іс жүзінде кез-келген өндірістер кездеседі. Мысалы, СО-ның тұрақты көзіне шойынды, болатты, әр түрлі металлдарды балқыту үрдістері (домналық, мартендік, ұсталық, құю цехтары), көмір өндіру, химия индустриясы (көмірсутектер, аммиак, формалин, метил спиртінің т.б. өндірісі), отын энергетика кәсіпорындары, темекі, нан өндірісі, қалдықтарды қайта өңдеу, тракторларда жұмыс істеу, автокөліктер жатады.
Ағзаға тыныс жолдары арқылы түсіп, көміртегі тотығы гемоглобин байланысынан оттегін ығыстырып шығарады да карбоксигемоглобин (COHb) түзеді, бұл тұрақтылығымен ерекшеленеді және оттегіні тасымалдайтын қабілеті жоқ. Әдеттегі жағдайларда ағзада эндогенді карбоксигемоглобин аз мөлшері түзіледі, бірақ оның ересек адамдардағы деңгейі HbO2 жалпы санының 5%-нан аспайды. Көміртегі тотығы сырттан көп мөлшерде түскен кезінде карбоксигемоглобиннің мөлшері күрт жоғарлайды, ауыр жағдайларда – 70-80% жетеді.
Соның нәтижесінде гипоксемия дамиды, СО-ның ауадағы мөлшері мен COHb-нің қандағы концентрациясы қаншалықты жоғары болса, гипоксемияда соншалықты айқын болады. COHb түзілуі салдарынан тіндерге гемоглобин жеткізген оттегінің босап шығуы да қиындайды. СО үлкен концентрацияларында әсер еткен кезде де, тіндік тыныс алуға қатысатын құрамында гемі бар ферменттердің белсендігі төмендеуі салдарынан тіндік тыныс алу да төмендейді.
Оттегі тапшылығына ми тіні ең сезімтал болып табылады, соған байланысты улану көрінісінде орталық жүйке жүйесіндегі болатын өзгерістер бірінші кезекте байқалады. Қан тамырларының өткізгіштігі жоғарлайды, бұл қан құйылуларға, трофикалық бұзылыстар дамуына, тіпті әр түрлі мүшелерде – бас миында, өкпеде, асқазан-ішек жолында некроз дамуына дейін жеткізеді.Көміртегі тотығымен улану жедел және созылмалы болуы мүмкін.
Жедел уланудың жеңіл түрлері көміртегі тотығының ауадағы концентрациясы бірнеше жүздеген мг/м3 дейінгі деңгейінде қысқа уақыт әсер еткенде дамиды, ауыр уланулар бірнеше жүздеген мг/м3–тен мыңдаған мг/м3-кедейінгі концентрацияларында дамиды (ШРЕК — 20 мг/м3). Иісті газдың концентрациялары 1000 мг/м³ дейінгі ауамен тыныс алған кезде, уланудың бірінші белгілері 5-10 минуттан кейін-ақ пайда болады. Иісті газдан жеңіл дәрежелі жедел улану кезінде бас ауыруы, самай тұсында қысу сезімі, бас айналу, аяқтарының әлсізденуі, ұйқышылдық, жүрек айну, құсу, кеуденің ауыруы және қысылуы байқалады. Қандағы COHb концентрациясы – 20% дейін жетеді. Орташа ауырлықты уланулар кезінде ұзақтықтағы әр түрлі естен тану, тырысулар (сіңір тартылуы) дамиды. COHb деңгейі – 30-40% дейін. Ауыр улану терең комамен, тырысулармен, еріксіз зәр жіберу және үлкен дәретке отырып қоюмен сипатталады, өліммен аяқталуы мүмкін. Қандағы CоHb концентрациясы 40-80% дейін жетуі мүмкін.
Ауыр улану даму мүмкіндігі иіс газының әсері есі сақталған күйдің өзінде де мән-жайды түсінбеуі себепті немқұрайлы қарауын немесе тіпті жағымды маужырау сезімін тудырады, соның салдарынан адам қауіпті жерде тастап шыға алмайды.
Жедел улануды бастан өткергеннен кейін ұзақ уақыт бойына адамда есте сақтау қабілетінің айқын төмендеуі, эмоционалды тұрақсыздық, көру және есту өткірлігінің төмендеуі, вестибулярлық бұзылыстар, жекелеген жағдайларда орталықтан болған салданулар, қимыл, сезу, трофикалық бұзылыстары, артериалды гипотония, ишемиялық құбылыстар және т.б. байқалады.
Созылмалы уланулар көміртегі тотығының ауадағы концентрациясы бірнеше ондаған мг/м3 аспайтын концентрацияларда орын алады. Ол көп түрлі және көміртегі тотығынан уланудың өзіне тән емес белгілермен білінеді. Астеновегетативті бұзылулар, невриттер дамуы, сөйлеуінің бұзылуы, жартылай салданулар, жүрек тұсында үнемі ауыруы, жүректің қағуы, ентігу, стенокардия белгілері, артериалдық қан қысымның төмендеуі, аритмия, диспепсиялық өзгерістер анемия және т.б. дамуы мүмкін. Алдын алу шаралары жабдықтарды герметизациялау арқылы СО шығатын көздерін шектеуден, тиімді жергілікті және жалпы ауа алмастыратын желдету түрлерін орнатудан, сонымен қатар аэрация жүргізуден тұрады. Жұмыс істейтін бөлмелер ауасындағы көміртегі тотығының концентрациясы қауіпті жоғарылауы кезінде іске қосылатын автоматты дабылқаққыш құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Концентрациясы 200 мг/м3 дейін болатын иісті мөлшері жоғары жағдайда төтенше жұмыстар жүргізу қажет болған кезде қауіпті зонада болу уақытын шектейді, ал концентрациясы аса жоғары болған кезде жұмысты тек противогаздарда орындайды. Иіс газы әсер ететін мүмкін игілігі бар жұмыстарды орындауға жүйке жүйесінің, қан аурулары, тыныс алу мүшелерінің аурулары бар адамдарға рұқсат етілмейді.

9.15. Тітіркендіргіш әсерлі газдармен улану






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет