Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


X бөлім. Радиация 10.1. Радиациялық гигиена



бет143/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   167

X бөлім. Радиация




10.1. Радиациялық гигиена


Радиациялық гигиена- бұл иондаушы сәулелердің адамға әсер ету жағдайын,әсерсіз түрлерін ,олардың салдарын зерттейтін және адам денсаулығын қорғауға бағытталған шараларды қарастыратын өз бетінше дамитын гигиеналық ғылым.
Радиациялық гигиена- ХХ ғасырдың 40-жылдарының басында, салыстырмалы түрде беретін ғана ,өз бетінше гигиеналық ғылым ретінде дами бастады.Бұл иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істейтін адамдар мен сол елді мекен тұрғындарының денсулығына иондаушы радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін,ғылыми негізделген қорғану шаралары кешенін жасайтын ғылым.Рентген сәулелері мен радиактивті ыдыраудың ашылуының алғашқы жылдарында радиобиологиялық сипатты теориялық және экспериментальдық зерттеулер басталды,сондай-ақ бір мезгілде иондаушы сәулелердің зақымдаушы әсерінен адамдарды қорғау мәселелері де қарастырылды.
Ары қарай осы ғылымның дамуына жаңадан пайда болған сәулелерді ғылымда және тәжірибеде жедел қолдану ,сондай-ақ олардың ағзаға зақымдаушы әсерінің анықталуы өз себебін тигізді. Әсіресе медицинада рентген және радий сәулелерінің кеңінен қолданылуы, олардың биологиялық әсері жөніндегі жеткілікті ,көп мәліметтер ,иондаушы сәулелерден қорғау мәселелерімен айналысатын,көптеген елдердің күшін біріктіретін фундамент болып табылады.
Әскери және бейбітшілік мақсаттағы уран өндіретін өнеркәсіптер мен атомдық энергетиканың дамуы , жасанды радионуклидтерді алу және оларды халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен қолдану радиациялық гигиенаның дамуына үлесін қосты.
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында денсаулық сақтау Министірлігі құрамында республикалық, қалалық СЭС-ің базасында радиациялық қауіпсіздік бөлімдері мен радиологиялық топтардың құрылуы тарихтағы маңызды кезең болып табылады.
Қазіргі кездегі ҚР ДМ-ің мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау комитетінің жанындағы республикалық СЭС-те ,сондай-ақ, облыстағы облыстық және Астана,Алматы,Степногор қалаларының санитариялық эпидемиялық бақылау басқармасы жанында радиациялық гигиена бөлімдері жұмыс істейді, ал санитариялық эпидемиологиялық сараптау орталығының құрамында радиациялық бақылау зертханасы жұмыс істейді.Пәннің негізгі бағыттары дозиметрлік,радиобиологиялық бағыттар,рұхсат етілетін сәулеленуге ұшырау деңгейін гигиеналық регламенттеу теориясы мен әдістемесі және радиацияға қарсы қорғану шараларын өңдейтін санитарлық ұйымдастыру бағыты болып табылады.
Иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істейтін адамдар және тұрғындар ағзасына радиацияның әсерін зерттейтін жағдайлар ерекшеліктері, сондай-ақ осы контингенттерінің әлеуметтік және басқа да айырмашылықтары,арнайы әсерлерінің алдын алу әдістері мен жолдарының айырмашылықтары радиациялық гигиенаны екі негізге тарауға бөледі: иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс кезіндегі еңбек гигиенасы және тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық коммуналдық гигиена .
Радиациялық гигиена бойынша негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы Конститиуциясының сәйкес баптарында,ҚР «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі», «Тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлы жағдай жөніндегі»,заңдарында көрсетілген,осылардың негізінде Республиканың барлық тұрғындарының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН-99), СЕ 2.6.1.758-99»және басқа нормативтік актілер өңделді және бекітілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет