1866 жылы неміс ғалымы Эрнест Геккель алғаш рет экология терминін енгізген. Экология ғылым ретінде сыртқы орта мен жануарлар дүниесінің өзара қатынасы деп білген.
Радияция - сәулеленудің еркін электромагнитті өрісіндегі процесс. Бұл өзіндік еркін электромагниттік өріс. Сәулелену тез таратылатын зарядталған қозғалыстағы бөлшектер. Атомдық және т.б. атомдар жүйесіндегі сәуленің шығарылуы өтпелі квантты қозу дәрежесі күйінде болатын аз мөлшердегі энергия.
Қазіргі уақытта, экология тірі организмдер мен қоршаған орта мен оның өзара қатынаста өмір сүруін зерттейтін ғылым саласы. Экология- тірі ағзалардың бірігіп өмір сүруін, қарым-қатынасын, басқа сыртқы қоршаған ортамен бірлесуі, сөйтіп энергия мен органикалық заттардың трансформациялық процестерін зерттейді.
Экологияның негізгі мақсаты материя мен энергияның өзара қатынасын, экология жүйесін зерттейді.
Экожүйе- әртүрлі өсімдік, жануар және микроағзалардың бір-бірімен ұзақ уақыт өмір сүретін жиынтығы болып табылады. Басқаша айтқанда, экожүйе- энергияның ағымы, өтетін биотикалық және абиотикалық компоненттердің бір-бірімен әсерлесетін қызметінің құрлымдық бірлігі.
Экология оқытылатын пән және ғылым ретінде, биология ғылымының саласына негізделіп зерттеледі. Сонымен қатар, физика, химия, геология, математика т.б. биология емес білім негіздеріне сүйенеді. Бір қырынан, экология әліде қаланып жатқан ғылым, сол себепті оны биологияда, гигиенада, географияда сала ретінде оқытады. Сонымен қатар экология құрамына дербес өзіндік бағыты бар ерекше ғылым саласы Радияциялық экология қалыптасқан, алайда радияциялық экологияның сенімді меншікті бөлімдері де бар.
Планетамызда тіршілік ететін тірі ағзалар бірлігі, сыртқы орта жүйесін құраумен, нәтижесінде заттар айналымын, энергияның тасымалдануын жүзеге асырады. Осы заманғы ұғым бойынша экожүйе ұзақ уақыт өмір сүретін бірлестік әрекеттерді қамтиды. Басқаша сөзбен айтқанда экожүйе- құрылымдық және функционалдық бірлік, яғни биотикалық, абиотикалық компонент, өйткені одан энергия ағымы өтеді.
Радияциялық экологияның негізгі мақсаты- тұтастай алғанда, радияциялық факторларының биосфераға, популяциядағы адам денсаулығының көрсеткіштеріне, алдын алу мүмкіншіліктеріне, тіпті тірі ағзаларда әсерін төмендетуге бағытталған.
Экологияның көптеген мәселелер мен қатар, иондық сәулеленуді қолдану аясының кеңеюіне байланысты, радияциялық қалдықтарды көму, радияциялық апаттан соңғы ластанудың көбеюіне байланысты экологияның зерттеу салалары көп мәселені қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |