Қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық


Балалардың киімі мен аяқ киіміне қойылатын гигиеналық талаптар



бет67/167
Дата05.12.2022
өлшемі10,61 Mb.
#55077
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   167

7.9. Балалардың киімі мен аяқ киіміне қойылатын гигиеналық талаптар


Киімдер – адамды қоршаған ортаның қолайсыз əсерінен қорғайды, терінің бетін механикалық зақымданудан, ластанудан сақтайды. Киім арқылы, адам денесінің айналасында қоршаған орта климатынан біршама айырмашылығы бар, жасанды киім астындағы микроклимат қалыптастырады! Оның температурасы 28-34℃ мөлшерінде, салыстырмалы ылғалдылығы 20-40%, ауа қозғалысы өте төмен 0,006-0,097% мөлшерінде болып келеді.


Киімдер киім асты микроклиматын қалыптастыра отырып, организмнің жылу жоғалтуын біршама төмендетіп, дене температурасының тұрақтылығының сақталуына жағдай жасайды, терінің термореттеу қызметін жеңілдетіп, тері арқылы газ алмасу процессін қамтамасыз етеді. Балалық шақта термореттеу механизмі жетілмегендіктен, организмнің салқындауы немесе ыстықтауы денсаулық жағдайының жедел бұзылуына əкеліп соғатындықтан, балалар организмі жылу өндіруі 3-4 есеге дейін жоғарылайтын өте жоғары қимыл-қозғалыс белсенділігінде болатындықтан, балалар терісі өте нəзік, жылдам жарақаттанғыш келетіндіктен, зат алмасуда терінің тыныс алуының меншікті үлесі ересектерге қарағанда үлкен болатындықтан киімнің қорғаныштық қасиетінің балалар үшін маңызы өте зор.
Балалар киімі өзінің конструкциясы жəне материалының физикалық-гигиеналық көрсеткіші бойынша жас мөлшерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігіне, іс-əрекеттің түріне жəне метеорологиялық жағдайға сəйкес болуы керек, жəне оңай киіліп, оңай шешілетін, бала тəрбиесінде эстетикалық таным қалыптастыруға жағдай жасауы керек. Балалар киіміне баға беру үшін, санитарлық-гигиеналық экспертизаға балалар киімін даярлауға арналған киімнің сыртқы қабатына, ортаңғы қабатына жəне ішкі астарына арналған маталардан əрқайсысының размері 1 м2 алынған бір бумасын жəне даяр болған өнімдерді жібереді. Мата жасалынатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.), жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін.



Талшықтардан жасалған жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша маталық жəне тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді. Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа жəне бу өткізгіштігі, гигроскопиялығы, ылғал сақтағыштығы, гидро жəне липофильділігіне жəне жылу өткізгішітігіне байланысты болады. Матаның қалыңдығы миллиметрмен өлшенеді жəне негізінен матаның жылу сақтағыштық қасиетіне тікелей əсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бəтес – 0,1 мм, драп – 5 мм, табиғи жүн – 30-50 мм). Матаның массасы – матаның белгілі ауданына (1 м2 немесе 1 см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бəрі (мыс. 253 крепдешин – 25 г/м2, драп – 77 г/м2, табиғи жүн – 1000,0 г/м2) сақталған жəне массасы төмен болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.
Көлемдік масса – матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын анықтайды, 1 см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның массасы жеңіл болады. Көлемдік масса сонымен қатар, қалыңдығы бірдей маталардың жылу сақтау қасиетінің критерийі болып табылады, яғни, көлемдік массасы төмен маталар жылылау болып келеді (мыс. жүн трикотаж – 0,07 г/см3, брезент – 0,6-0,7 г/см3). Кеуектілік – кеуектілік көлемінің берілген матаның жалпы көлеміне пайызбен алынған қатынасы арқылы анықталады, жəне ол көлемдік масса көрсеткішімен тығыз байланыста болып келеді. Матаның кеуектілігі оның жылылық қасиетін анықтайды (мыс. драп – 50%, жүн трикотаж – 93-95%, жартылай жүннен жасалған ватин – 97%, мақта мата – 99%, мақта матадан жасалған ватилин – 99%).
Ауа өткізгіштік – дециметр кубы (дм3) арқылы өшенеді жəне 1 м2 матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді. Əртүрлі киімдерді өңдеуге арналған маталардың, ауа өткізгіштігі əртүрлі болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз жəне қыс киімдерінің сыртқы қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек.
Жаздық киімдер жақсы желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталардың ауа өткізгіштігі секундына 111 дм32, табиғи жібек секундына – 341 дм32, капрон секундына – 125 дм32). Бу өткізгішітік – 1 м2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен өлшенеді жəне матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су буларын (мата талшықтарына сіңірілуі арқылы) өткізу қабілетін анықтайды. Əсіресе, жылу беруі, негізінен булану арқылы жүретін ыстық климаттық аймақтарға арналған киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс (мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталар сағатына – 16,2 г/м2, табиғи жібек сағатына – 4,62 г/м2, капрон сағатына – 1,09 г/м2 бу өткізеді, т.с.с.).
Гигроскопиялылық – матаның су буларын сіңіру қасиеті, пайызбен алынады. Жақсы гигроскопиялылық іш киімдерге арналған маталардың жақсы қасиетіне жатады. Тері сыртына пайда болатын тер тамшыларын сіңіреді. Атмосфералық ылғалдылықтан, жылу жоғалту қасиетінен сақтану үшін, қыс жəне күз киімдерінің сыртқы қабатына арналған маталардың гигроскопиялылығы төмен болғаны дұрыс (мыс. бəтес, шыт >90%, мақта матадан жасалған мадополам >18%, жеңілдетілген драп >17,2%, табиғи жібек >16,5%, репс >7-8%, су өткізбейтін заттармен қанықтырылған репс >1,2%, капрон >5,7%, лавсан >0,5% т.с.с.).
Су сіңіргіштік матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен алынады. Ылғалдылық əсер еткен кезде ауа өткізгіштікті белгілі деңгейге жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор.
Гидрофильділік – матаның суды толық жəне жылдам сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Дененің тері қабатына тиіп тұратын жəне тері бетіне пайда болатын су буларын сіңіретін маталардың гидрофильділігі жоғары болғаны дұрыс (мыс. бəтес, вольта, шыт >90%, су өткізбейтін заттармен қанықтырылған репс >0% мөлшерінде т.с.с.). Гидрофобтық (суланбайтын) – гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет.
Сыртқы киімдерге əсіресе қар, жаңбыр, тұмандардан қорғануға арналған киімдердің гидрофобтығы жоғары болуы керек. Липофильділік – матаның тері бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Əсіресе синтетикалық маталарға тəн қасиет, талшықтар арасындағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-гигиеналық қасиеттері төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті болып табылады. Жылу өткізгіштік – матаның жылу сақтау қасиетін сипаттайды.
Бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның жылылық қасиеті жоғарылайды. Жылулық қарсылық – жылу өткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура өзгерісі 10℃ болған жағдайда, 1 м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен (сағатпен) өлшенеді жəне жылу өткізгіштікке кері көлем болып табылады. Балалар киімін дайындау үшін табиғи талшықтардан жасалған маталар жəне қатал түрде сəйкес келетін химиялық талшықтар қосылған маталар алынады.



Балаларға арналған басқадай заттарға жасанды жүндер мен синтетикалық жылытатын маталарды (желімденген, көлемдік, ине өтетін) қолдануға болады. Жаңа туған сəбилердің (28 размерге дейін) іш киімдеріне химиялық жіп қосылмаған болуы керек, бастауыш мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың киімінде ол 30%-ға, одан жоғары жастағы балалардың киімінде 50%-ға дейін рұқсат етіледі.
30 размерге дейінгі суға түсуге арналған костюмдер мен спорт киімдері тек қана табиғи жіптерден жасалуы керек. Іш киімдер тері қабатымен тікелей байланыста болатындықтан, киім астындағы аралықта пайда болып отыратын зат алмасу заттарынан (ылғалдылық, май, газдар) тазартып отыруға қатысады жəне олар ыңғайлы, кең, киім асты аралығының желдетілуіне, терінің “тыныс алуының” қамтамасыз етілуіне жағдай жасауы керек.
Іш киімдер үшін ауа, ылғал, бу өткізгішітігін, гигроскопиялықтың жəне гидрофильділіктің жоғары болуын қамтамасыз ететін жұқа, жұмсақ, құрылысы тоқыма-трикотаждық маталар алынады.
Жаңа туған нəрестелер мен 3 жасқа дейінгі сəбилердің киімінің ішкі қабаты тек табиғи талшықтардан (кендір, мақта, жібек) немесе вискозадан жасалуы керек. Мектепке дейінгі жастардағы балалардың іш киімдерін дайындауға мақта-сиблон маталарын (70% мақта жəне 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.
Балалар киімдерінде қалың, ыңғайсыз тігістер, қатты, тар резеңке баулар болмауы керек. Жазда климаттық жəне метеорологиялық жағдайларға байланысты балалар бір немесе екі қабат киім киеді. Бірінші қабаты – іш киімдер, екінші қабаты – көйлек, жейде, шолақ шалбар, юбкалар. Жаздық жейде, көйлектерге арналған маталардың да қасиеті, іш киімдікі сияқты жұмсақ, ауа, бу өткізгіштігі, гигроскопиялығы, ылғал сіңіргіштігі, гидрофильділігі, жылу өткізгіштігі жоғары болуы керек. Жаздық киімнің пішімі кең жəне киім асты аралығын жақсы желдететін болуы керек.
Жаз киімдеріне қысып тұратын белбеулер, резеңкелер, биік жағалар салуға болмайды. Қыс кезінде ауа температурасы 20℃ жоғары жылы бөлмелерде балалар жаз киімдеріне қойылатын талаптарға сəйкес келетін 2 қабат киім киіп жүреді.
Егер бөлме температурасы 19℃ төмен болса, үй киімі үшін қалыңырақ, жүн талшықтарынан жасалған, жылу сақтау қасиеттері жоғары маталар алынады. Мұндай жағдайда киімдер үш қабатқа дейін болуы мүмкін.
Сыртқы жылы киімдер олардың негізгі міндеті денеге қажетті жылуды сақтау жəне оны атмосфералық жел мен ылғалдылықтан қорғау болып табылады. Ол 3 қабаттан тұрады.
Сыртқы, жабын қабаты ауа, бу өткізгіштігі, гигроскопиялығы жəне ылғал сіңіргіштігі төмен, яғни, суық атмосфералық ауаның киім астындағы аралыққа дейін өтіп кетуін тежейтін, қар мен жауын суынан сақтайтын, жылу қорғау қасиеті жоғары матадан тігіледі. Балаларға арналған қыстық киімдердің сыртқы қабатын су өткізбейтін заттармен қанықтырылған табиғи талшықтардан жасалған маталардан немесе синтетикалық жолдармен алынған маталардан тігуге болады.
Ортаңғы жылу сақтағыш қабаты кеуектілігі жоғары, ауаны ұстап қалатын (мақта, ватин, ватилин, синдипон т.б.), табиғи, жасанды немесе синтетикалық талшықтардан жасалған маталардан тігіледі. Бұл қабаттың жылу сақтағыш қасиеті жоғары болуы үшін жəне ол денеге тиіп тұрмайтындықтан, мұнда синтетикалық талшықтардан жасалған маталарды қолдануға болады.
Ішкі қабат (астары) – ауа, бу өткізгіштігі, ылғал сіңіріуі жəне гигроскопиялығы жоғары, яғни, киім асты аралығында қолайлы гигиеналық жағдай жасауға қажетті маталардан даярланады. Балалардың қыс киімдерінің конструкциясы киім асты аралығындағы ауа айналымын жəне қоршаған ортамен ауа алмасуын барынша төмендетуді қамтамасыз етуі қажет. Бұл жағдай киім асты аралығын – капюшон, манжет, белбеулермен бекіту арқылы жасалады.
Бала үшін ең жақсы қыстық киім белі биіктеу жасалған шалбар, етегі ұзындау келген, капюшоны бар күртеше болып саналады. Киімнің осындай конструкциясы жылу қорғау тиімділігін жоғарылатады, жылуды денеге бірқалыпта ұстап тұрады жəне баланың қимыл-қозғалысына кедергі жасамайды.
7.10. Баланы шынықтыру

Бала организмнің өсіп дамуына кері әсер ететін ішкі және сыртқы орта факторлар. Осы факторларға баланың төзімділігін арттыру үшін, әртүрлі ауруларға қарсы қорғаныс күштерін нығайту, үшін баланы кішкентайынан шынықтырудың үлкен маңызы бар


Баланы шынықтыру жұмысын жүргізуде оның өзіндік ережелеріне сүйенеміз:

      • шынықтыруды баланың тек сау кезінде жүргізу

      • біртіндеп жүргізу

      • баланың жеке даралық ерекшеліктерін ескеру

      • шынықтыру жұмыстарын жүйелі түрде, үнемі жүргізу

      • шынықтыруды комплексті түрде өткізу

      • баланың жалпы жағдайын бақылай отырып жүргізу

      • шынықтыру кезінде балада кері әсерлі рефлекстің қалыптасуын қадағалау

Бала жасына сәйкес яғни бала организмінің ерекшеліктерін, қимыл дағдысының даму деңгейін ескере отырып, шынықтырудың келесі түрлерін қолданамыз:

  • Массаж

  • Гимнастика

  • Қимыл ойындары

  • Таңертеңгі гимнастика

  • Спорт ойындары

Шынықтыру жұмысында табиғаттың 3 түрлі факторларын пайдаланамыз:

  • Таза ауа

  • Таза су

  • Күн сәулесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет