Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет261/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   388
 
ГХМ-10Т

Негіздер сулы ерітінділерді жеңіл инкорпорирлейді және дәрілік заттардың 
сіңірілуін күшейтеді. Бұл негіз норсульфазолмен, сульфадимезинмен, натрий 
сульфапиридазинмен, новобиоциннің натрий тұзымен және т.б. дәрілік 
заттармен суппозиторийлерді қалыпқа құю әдісімен дайындау үшін қолдануға 
ұсынылған. 
б) А.И. Тенцова және В.В. Сергеев суппозиторийлік негіз ретінде 
гидрогенизацияланған арахис майының 3% эмульгатор Т-2 мен немесе 3% 
эмульгатор N 1 - пропиленгликоль моностеаратымен балқымасын ұсынды. 
5. Сонымен бірге фармацевтикалық практикада өсімдік және жануарлар 
майларының гидрогенизацияланған термиялық немесе химиялық фракция 
өнімдерін қолдану ұсынылған. Бұл өнімдердің өндірісі табиғи немесе 
гидрогенизацияланған майлардан температуралық белгілері бойынша какао 
майына жақын, глицеридтер фракциясын бөліп алуға негізделген. 
а) Осындай типті негіз - себувинол - 1948 жылы Г.А. Вайсманмен 
ұсынылған, бұқа майының қатты фракциясы. Оның өзіне тән кемшіліктері бар 
- тез қышқылданады, пластикалылығы төмен суппозиторийлік масса береді, 
балқу 
температурасы 
36-37
0
С. 
Тек 
ректалды 
және 
вагиналды 
суппозиторийлерді қалыпқа құю әдісі бойынша алуға қолайлы, консервантсыз 
тез бұзылады.
б) И.С. Ажгихин ацетонда еритін сиыр және пальмоядерлі майлардың 
гидрогенизат фракцияларын ұсынды. Ацетонды бөліп алған соң қатты және 
нәзік өнімдер алынады. Негіз алу үшін оларға келесі эмульгаторлардың біреуі: 
3% Т-2; 5 немесе 10% пропиленгликольмоностеарат; 0,5% қант глицериді
0,5% сахароза дистеараты қосылады. 
в) Термиялық фракциялау өнімі - кит саломасынан және мақта, арахис 
майының гидрогенизатынан алынады, балқу температурасы 30,2-36,8 
0
С. 
6. Гидрофобты негіздер тобына сонымен қатар жартылай синтетикалық 
жолмен алынған спирттер мен қышқылдардың бағытталған этерификация 
өнімдерін жатқызуға болады.
а) Имхаузен (Іmhausen) немесе витепсол (Wіteрsol) импорты, патентелген 
негіз (ФРГ) - лаурин және стеарин қышқылдарының үшглицеридінен тұрады, 
эмульгатор - лаурин қышқылының моноглицерин эфирі.
б) Лазупол (Lasupolum) бірқатар шетел мемлекеттерінің фармакопеясына 
негіз ретінде енгізілген. Ол фталь қышқылының эфирі мен жоғары спирттердің 
қоспасы. Оның құрамы: 90% - майлы алкогольфталаты, 10% - бос спирттер, 
балқу температурасы 34-37 
0
С.
в) Ланол негізі: балқытылған (60-80%) ланольден, (10-20%) гидромайдан 
және (10-20%) парафиннен тұрады. Ланоль фталь қышқылы мен жоғары 
молекулалы майлы спирттердің күрделі эфирі. Сары-қоңыр түсті балауыз 
тәрізді, өзіне тән иісі бар қатты масса. Балқу температурасы 35,5-37,5 
0
С.
7.
 
Дәріхана практикасында суппозиторийлік негіз ретінде А және В типті 
«қатты май» қолданылады. А типті қатты май 100% кондитер майынан тұрады. 


334 
В типті қатты май құрамы: 95-99% кондитер қатты майы және 1-5% стеарин 
қышқылының (қатты эмульгатор Т-1 немесе N 1) моноглицериді. А типті 
қатты май негізін құрамындағы липофильді дәрілік заттары (майлар, майлы 
ерітінділер) және ұнтақ тәрізді (15% дейін) заттары бар суппозиторийлерді 
дайындағанда қолданған жөн. В типті қатты май негізін құрамында суда да 
және майда да еритін ұнтақ тәрізді дәрілік заттары және сұйық экстрактылары 
бар суппозиторийлерді дайындағанда қолдануға ұсынылған. Балаларға 
арналған суппозиторийлерді құрамында эмульгаторы жоқ А типті қатты май 
негізінде дайындау ұсынылған. Дәріхана жағдайында суппозиторийлерді 
қалыпқа құю әдісімен дайындау үшін келесі құрамдағы суппозиторий негізі 
(УФМ 42-173-72) қолданылады: 95,0 - шоколадты өнімдер, кәмпит және азық-
түлік концентраттары үшін кондитерлік май балқу температурасы 36,5 
0
С 
аспауы және қаттылығы 550 г/см кем болмауы қажет (ОСТ 18-197-74), қатты 
эмульгатор (Т-2) - 5,0 (ТУ-18-17-05-75). Негіз ашық сары түсті, өзіне тән әлсіз 
иісті, бөлме температурасындағы қатты, 36,4-36,9 
0
С температурасында 
балқитын масса. Балқыған масса мөлдір, механикалық қоспасы жоқ болуы 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет