Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Суппозиторийлерді престеу әдісімен дайындау



Pdf көрінісі
бет271/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Суппозиторийлерді престеу әдісімен дайындау. 
Престеу әдісі тек 
суппозиторийлік массасы жеткілікті пластикалық болатын суппозиторийлер 
үшін қолданылады. Суппозиторийлерді дайындауға арналған престер 
механикалық немесе автоматты дозалайтын болуы мүмкін. Дәріхана 
жағдайында суппозиторийлер арнайы жасалған преспен немесе матрицасы 
свеча формалы алынатын, қайта жабдықталған таблеткалық машинамен 
дайындалады. 
Суппозиторийлік пресс (сурет 45) винт 1 арқылы қозғалатын массивті 
өлшегіш цилиндрден 2, поршеннен 3, және әртүрлі өлшемді ұяшығы бар 
матрицалар 4 жиынтығынан тұрады. Цилиндрге салынған суппозиторийлік 
масса, каналдармен қысым астында поршенмен матрицаның қуысына 
беріледі, толтырылған соң тіреуіш 5 ашылады және престелген свечалар 6 
престен итеріліп шығарылады. Престегі ұяшықтар белгілі көлемге ие. Бұл 
преспен дайындалған суппозиторийлердің құрамына байланыссыз көлемдері 
бірдей, ал олардың салмағы құрамындағы дәрілік заттардың тығыздығына 
байланысты. Сондықтан қалып құю әдісі секілді, суппозиторийлік массаны 


346 
есептеу үшін орын басу коэффициентін қолданады. Массаны дайындау 
барысында оны майдалайды, егер қажет болған жағдайда сусымалдығын 
арттыру мақсатында кептіреді. Пресстеу әдісі автоматты дозалаумен, 
суппозиторийлерді 
көптеп 
шығаратын, 
фармацевтік 
зауыттарда 
қолданылады. 
Дәріхана жағдайында дозаламайтын қол престері қолданылады. 
Дайындалған суппозиторийлік массаны алдын-ала дозалап, престің 
ұяшығына салып, поршенмен престейді. Дайын суппозиторийлер бірдей 
пішінді, тегіс болады. Престеу кезінде массаның біркелкілігі бұзылмайды. 
Кемшілігі: дайындау процесіне көп уақыт кетеді. 
 
Сурет 45 . Суппозиторийлік пресс. 
 
Орамдау 
және 
безендіру. 
Майлы 
негізде 
дайындалған 
суппозиторийлерді пергамент қағазға, желатин-глицеринді, сабынды-
глицеринді негіздерде - балауыздалған, парафинделген қағазға орамдайды. 
Шариктер мен пессарийлерді гофрирленген қалпақшаларға салып, картон 
қораппен таяқшаларды қағаз бүктемесінің арасына салып босатады. Қорабқа 
негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Салқын, жарық 
түспейтін жерге сақта», «Балалардан сақта» ҚР ДСӘДМ 2015 жылғы 16 
сәуірдегі № 227 «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды 
және медициналық техниканы таңбалау қағидаларын бекіту туралы» 
Қаулысы талаптарына сәйкес безендіреді. Құрамында улы немесе есірткі 
заттары бар суппозиторийлерді қосымша ҚР ДСМ 01.11.1996 ж. № 481 
бұйрықтарының талаптарына сай безендіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет