Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Ішугe және сырқа қолданылатын ерітінділер



Pdf көрінісі
бет387/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Ішугe және сырқа қолданылатын ерітінділер. 
Бұл топ ерітінділерін 
ереже бойынша стерилдеу талап етілмейді. Сұйық препараттардың 
микробиологиялық тұрақтылыған арттыру үшін нипагинмен, сорбин 
қышқылымен консервілеу, сонымен қатар ерітінділерде микроорганизмдердің 
өмір сүруін жоғары осмостық қысыммен тоқтату ұсынылды. Ерітінділердің 


506 
сақтау мерзімін оларды тоңазытқышта 3-5
о
С температурада сақтап 
жоғарылатуға болады. Мысалы, 3% колларгол және 2% протаргол 
ерітінділерін тоңазытқышта 1 ай бойы сақтауға болады. Дәріханада 
дайындалатын көптеген дәрілік заттардың ерітінділерінің химиялық 
тұрақтылығын еріткіш ретінде полиэтиленоксид – 400, пропиленгликоль және 
басқалар қолданып арттыруға болады. 
Сулы сығындылар. 
Дәрілік өсімдік шикізатынан алынған сулы 
сығындылар (тұнбалар, қайнатпалар) сулы препараттар ішінде тұрақсыз 
түрінің бірі болып табылады. Сулы сығындылардың тұрақсыздығының негізгі 
себебі – тығыз байланысты процестер – микробиологиялық бұзылу, 
экстрактивті жоғары молекулалы қосылыстардың және коллоидтардың, 
кейбір әсер етуші заттардың химиялық лабилділігі. Тұнбалар және 
қайнатпаларға стерилдеу уақыты әлі жасалмаған: олардың микробиологиялық 
бұзылуын тоқтату үшін консерванттар (этанол, натрий бензоаты, сорбин 
қышқылы және басқалар) және ерітінділерде жоғары осмостық қысым 
туғызатын (мысалы қант шырыны) заттар қосылады. ЖМҚ және 
коллоидтардың коагулиясын тоқтату процесі пептизаторлар көмегімен іске 
асады. Сулы сығындылардың микробиологиялық, физикалық және химиялық 
процестерін тұрақтандырудың универсалды әдісі, оларды қолданар алдында 
ерітетін құрғақ қоспа түрінде дайындау болып табылады. 
Суспензиялар және эмульсиялар. 
Суспензиялар мен эмульсиялардың 
физикалық тұрақсыздығын, кейде дәріханаішілік дайындамалардың сақтау 
мерзімі 3 тәулікке қана жарамды деп дұрыс есептемейді. Қазіргі кезде рұқсат 
етілген тұрақтандырғыштар суспензиялар мен эмульсиялардың тек қана 
тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге олардың ұзақ 
сақтағанда біртектілігін, тоқтаусыз шайқағанда қалпына келтіреді. 
Дәріханада 
дайындалатын 
препараттардың 
тұрақтылығын 
жоғарылатудың көптеген мүмкіндіктері бар, сондықтан препараттардың 
тұрақсыздығы дәріханалық өндірістің ерекше бір мәселесі болып табылады. 
Дәріханалық өндірісті сақтау тағы да бір себеппен байланысты ауруға 
жеке көзқарас («ауруды емес адамды емдеу»). 
Дәрілік заттардың сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар 
көрсеткіштері: қауіпсіздігі (соның ішінде стерильді емес препараттардың 
микробтық контаминацияға қауіпсіздік деңгейі), терапевтік әсері, дәрілік 
заттардың босап шығу жылдамдығын бақылау, тұрақтылық, және басқалар. 
Дәрілік түрлердің дәріханалық технологиясы бұл талаптарды толық түрде 
қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар дәріханада дайындалатын күрделі 
көпкомпонентті препараттарды бақылау және сапасын қамтамасыз ету, көбіне 
қиынға соғады. 
Егер дайын дәрілік заттардың отандық өндірісі жоғары дамуға жетсе, 
онда дәрілік препараттарды жеке дайындау минимумға келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет