7
ТАРАУ 1. КІРІСПЕ
1.1 Дәрілер технологиясының ғылым ретіндегі анықтамасы. Пәннің
негізгі ұғымдары мен терминдері
Дәрілер технологиясы
(грек тілінен techne – өнер, шеберлік; logos –
ілім) – дәрілік заттарды дәрілік препараттарға белгілі бір дәрілік түр бере
отырып, қайта өңдеудің өндірістік процестері мен теориялық негіздері
жөніндегі ғылым. Дәрілер технологиясы фармация ғылымының құрамдас
бөлігі болып табылады және дәрілік заттар мен препараттарды жасау,
олардың қасиеттері, өндірісі және талдау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін
құрайды.
Фармацевтік технологияның қазіргі заманда дамуы базалық және шектес:
химия
(бейорганикалық,
органикалық,
физикалық,
коллоидтық,
фармацевтикалық),
физика,
биофизика,
микробиология,
гигиена,
фармакология, фармакогнозия, фармация ісін ұйымдастыру және басқару
ғылымдарының жетістіктерімен байланысты.
Фармацевтік ғылымдар мен тәжірибелердің дамуы үшін, фармацевтік
технология аса маңызды міндеттерді шешуі қажет:
-
дәрілік түрлерді дайындаудың дәстүрлі әдістеріне теориялық дәйектемелер
беру;
-
дәрілік түрлерді дайындаудың дәстүрлі тәсілдерін жетілдіру және шектес
ғылымдардың жетістіктерін пайдалану негізінде, жаңа тәсілдерін зерттеп
жасау;
-
емдік әсері барынша жоғары, ал жанама әсері төмен, қолдануға ыңғайлы
жаңа дәрілік түрлерді зерттеп жасау.
Қойылған міндеттерді шешу келесі жолдармен жүргізіледі: базалық және
шектес ғылымдардың жетістіктерін қолдана отырып, эксперименталды және
теориялық зерттеулерді қорытындылап, қазіргі заманғы қондырғыларды,
аппараттарды, талдау әдістерін қолданып, ғылыми зерттеулер жүргізу;
көмекші заттардың: дәрілік құралдардың жаңа тасымалдаушысы, дисперстік
орталар, дәрілік түрлердің термодинамикалық, физика-химиялық тұрақтылығын
(тұрақтандырғыштар,
диспергаторлар,
құрылым
түзгіштер)
және
микроорганизмдерге қарсы тұрақтылығын (консерванттар) қамтамасыз ететін
заттар; корригирлеуші заттар; әсер етуші заттардың босап шығу
жылдамдығын және дәрежесін, сіңірілуін, жергілікті әсерін реттегіштер
ассортиментін кеңейту; кіші механизация құралдарын қолдануда және дәрілік
құралдарды жасап шығаруда технологиялық процесті жетілдіру; қазіргі
заманғы орамдауыш материалдарды қолданып, дәрілік түрлерді орамдауды
жетілдіру; дәрілік түрлердің сапасын бақылау кезінде технологиялық
параметрлерді бағалайтын объективті тәсілдерді қолдану және жасап шығару,
дәрілік препараттардың сапасын бағалау үшін жаңа физика-химиялық әдістер
енгізу; әртүрлі үлгілерді қолдана отырып, дәрілік түрлерді және
препараттарды жасап шығарудың барлық этаптарында биофармацевтік
зерттеулер жүргізу.
8
Осы міндеттердің орындалуы дәрілік препараттардың сапасын және
аурулардың алдын-алу, диагностикалау, ауруды емдеу деңгейін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |