Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет115/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Технологиясы:
Қосымша ыдысқа тазартылған судың 200 мл өлшеп 
құяды, онда 0,2 г кодеин фосфатын ерітеді, содан соң 5,0 г натрий 
салицилатын ерітіп, ерітіндіні қоңыр түсті құтыға күлсіз фильтр (кәдімгі 
фильтрмен натрий салицилаты ыдырайды) арқылы сүзеді. Флаконды 
тығындап, ерітіндінің мөлдірлігін, тығындалу беріктігін тексереді. Ол үшін 
ерітіндісі бар флаконды тығынын төмен қаратып, аударады және алақанға 


168 
жайлап соғады, ерітінді төгілмеуі керек. Содан соң қақпақты гофрирленген 
көгілдір қағазбен жауып, жіппен байлап, сүргілейді. Безендіру үшін «Ішуге» 
деген негізгі және ескерту «Абайлап қолдан», «Балалардан сақта» 
этикеткаларымен безендіріледі. 
3. Аса гигроскопиялық заттардың (кальций хлориді, кальций ацетаты) 
сұйық дәрілік түрлерін дайындау кезінде олардың концентрлі ерітінділері 
қолданылады, мысалы, кальций хлориді ерітінділерінің технологиясында 50%-
дық немесе 20%-дық концентрлі ерітінділері қолданылады. 
4. Жеңіл және тез еритін заттардың ерітінділерін дайындау қиындық 
туғызбайды, мысалы: 
Rp.: 
Solutіonіs Analgіnі 3% 200 ml 
Da. Sіgna.
1 ас қасықтан күніне 3 рет. 
Анальгин күшті әсер ететін зат, сондықтан, дозасын тексеру қажет: 
Ерітіндінің жалпы көлемі: Vж. = 200 ml 
100 – 3,0 г 
200 – х
х = 6,0 г анальгин мөлшері, сонда
200 : 15 = 13 қабылдау саны; 
рецепт бойынша
МФ 
ЖРД: 6 : 13 = 0,46 г 
1,0 г
ЖТД: 0,46 

3 =1,38 г
3,0 г 
Қорытынды: анальгиннің дозасы аспаған. 
Анальгин суда 1:1,5 қатынасында ериді. Рецептіде қатты заттың мөлшері 
3%, КҰК ескеру қажет.
КҰК
анальгин
= 0,68 мл/г
V
су
= 200 - (0,68 • 6) = 195,92 мл 

196 мл.
Б.П. 
 Aquae purіfіcatae 196 ml 
Analgіnі 6,0 
Vж. = 200 ml 
Технологиясы: 
Қосымша ыдысқа 196 мл тазартылған суы өлшеп алып, 
онда 6,0 г анальгинді (суда жеңіл ериді) ерітеді. Содан соң босататын құтыға 
сүзіп, тығындап, безендіреді. Негізгі этикетка – «Ішуге», ескерту этикеткасы 
«Балалардан сақта». 
5. Баяу және аз еритін дәрілік заттардың сулы ерітінділерін дайындау 
кезінде бірнеше ерекшеліктер бар. 
а) Дәрілік заттың өзінің кристалдық торының беріктігіне, ауыр иондардың 
диффузиялану жылдамдығының төмендігіне немесе дәрілік заттың аз 
шылануына байланысты еріту процесін жылдамдату үшін, қыздыруды 
қолданады немесе дәрілік затты алдын-ала келіде ұнтақтайды. 


169 
Салқын суда баяу еритін, жоғары температураға төзімді заттарды (бор 
қышқылы, натрий тетрабораты, ашудас, этакридин лактаты, кальций глюконаты 
және т.б.) ыстық суда ерітеді. Мысалы: 
 
Rp.: Solutіonіs Aethacrіdіnі lactatіs 1:5000 - 500 ml 
 
Da. Sіgna. 
Жараны жууға
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет