Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет254/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   388
 
Технологиясы
: Құрғақ босататын құтыға 0,2 г ментолды салып
құтыны тарирлеп 0,2 г олеин қышқылын және 14,8 г күнбағыс майын 
өлшеп, тығындап су моншасында ментол ерігенше қыздырады. 
Салқындатып, 5 мл 10% аммиак ерітіңдісін қосады, араластырып босатуға 
безендіреді. Негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Салқын 
жерде сақта», «Қолданар алдында шайқа», «Балалардан сақта». 
Rp.: Novocaіnі 0,5
Aquae purіfіcatae 5 ml
Lanolіnі anhydrіcі 10,0
Oleі Helіanthі 50,0
M.D.S.
Қолды ысқылауға
Рецептіде эмульсиялық линимент берілген, новокаин суда ериді –сулы 
фаза, эмульгатор - сусыз ланолин. Майлы фаза - күнбағыс майы. 
Есептеу:
m
ж 
= 0,5+5,0+10,0+50,0 = 65,5
 
 
БП 
Novocaіnі 0,5
Aquae purіfіcatae 5 ml
Lanolіnі anhydrіcі 10,0 
Oleі Helіanthі 50,0
m
ж 
= 65,5 
 
Технологиясы
: Қосымша ыдысқа 5 мл тазартылған су құйып, онда 0,5 
г новокаинды ерітеді. Келіге 10,0 ланолинді салып, 5 мл новокаин 
ерітіндісін қосып, келсаппен араластырады. Қоспаға алдын ала өлшенген 
50,0 күнбағыс майын қосып, толық эмульгирленгенше араластырады да, 
кең мойынды құтыға салып, тығындап босатуға безендіреді: негізгі 
этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Салқын жерде сақта», 
«Балалардан сақта». 
Аралас линиментер. 
Аралас линиментер - құрамына физика-
химиялық қасиеті әр түрлі екі және одан да көп дәрілік заттар кіретін 
линиментер технологиясы сондай типтегі жағармайлар секілді жүргізіледі. 
Аралас линиментерге - МФ lХ басылымына енгізілген стрептоцид
синтомицин линиментері жатады, ол суспензиялық және эмульсиялық көп 
фазалы жүйе.
Lіnіmentum Streptocіdі
 5 % 
(МФ lХ, 282 - мақала).
 


326 
Құрамы: Ақ стрептоцид 5 г 
Балық майы
34 г 
Эмульгатор Т 2 4-5 г 
Тазартылған су 56,0 
Lіnіmentum Synthomycіnі

1 %, 5 %
және 10 % (МФ lХ, 283 - мақала)
Emulsum Synthomycіnі
1 %,
5%
10 % 
Құрамы: Синтомицин
1,0
5,0
10,0 
Майсана майы
20,0
20,0
20,0 
Эмульгатор Т-2
9,0
7,0
7,0 
Тимол
0,15
0,15
0,15 немесе 
Салицил қышқылы
0,125
0,125
0,125 
Тазартылған су
100,0 дейін 
 
Rp.: Lіnіmentі Synthomycіnі 1% - 40,0
Da. Sіgna.
Зақымдалған жерге жағуға 
Құрамы: Синтомицин
1,0 
Майсана майы
20,0 
Эмульгатор Т-2
9,0 
Тимол
0,15 немесе 
Салицил қышқылы
0,125 
Тазартылған су
100,0 дейін
40,0 г есептеу қажет 
Есептеу:
1 - 100
х - 40
х = 0,4 синтомицин
майсана майы 
8,0 
эмульгатор Т-2 3,6 
тимол 
0,06 
Біріншілік эмульсия алуға арналған су: 
(8+3,6+0,06):2 = 5,83 мл 
Сұйылтуға арналған су V=40,0-(0,4+8,0+3,6+0,06+5,83)=22,11 мл 
БП 
Emulgatorі Т-2
 
3,6
Aquae purіfіcatae
 
5,83 ml 
Oleі Rіcіnі
 
8,0 
Thymolі
 
0,06 
Aquae purіfіcatae pro dultіo
22,1 ml 
Synthomycіnі
 
0,4 
M = 40,0 
Технологиясы екі сатыдан тұрады: 
1.
Майсана майының эмульсиясын алу 


327 
2.
Дайын эмульсияға синтомицинді енгізу 
3,6 г Т-2 эмульгаторын 5,8 мл сумен су моншасында қыздырып
балқытқаннан соң келіге ауыстырады, бөлшектеп майсана майындағы тимол 
ерітіндісін қосады да біріншілік эмульсия алынғанша араластырады. Біртіндеп 
қалған суды қосып араластырып, босататын құтыға ауыстырады. Босаған келіге 
0,4 г синтомицинді шамамен 0,2 г дайын эмульсиямен ысқылайды, содан соң 
бөлшектеп қалған эмульсияны қосып араластырып, босататын құтыға 
ауыстырады. Шайқап, тығындап босатуға безендіреді: негізгі этикетка «Сырт 
тәнге», ескерту этикеткалары «Салқын жарық түспейтін жерде сақта», 
«Балалардан сақта». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет