Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет267/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
Технологиясы:
Дәрілік заттар негізге қасиеттеріне байланысты: 
ксероформ негізде де, суда да ерімейді, суспензия түрінде енгізіледі, қою 
итжидек экстрактысының ерітіндісі алынады. Келіге 1,5 г ксероформды 
салып, 16 тамшы қою экстракт ерітіндісімен араластырады, қоспаға 
бөлшектеп майдаланған какао майын қосады, біртекті масса алынғанша 
илейді. Егер қоспа жеткілікті пластикалық болмаса, аз мөлшерде сусыз 
ланолин қосып, біртекті массаға айналғанша илейді. Әрі қарай массадан 
алдыңғы жазылымда көрсетілгендей суппозиторийлер дайындайды, әрі 
қарай жоғарыда көрсетілген мысалд технологиясын жүргізеді.
 
Қалыпқа құю әдісі. 
Қалыпқа құю әдісі, басқа әдістерге тән емес, әр 
түрлі негіздермен бірдей формалы суппозиторийлер дайындауға 
мүмкіндік береді. Дайындау процесі едәуір жылдам жүргізіледі, 
суппозиторийлердің сыртқы пішіні басқа әдіспен салыстырғанда жақсы. 
Бұл әдістің кемшілігі ретінде қату кезінде қоспаның біркелкілігінің 
бұзылуын айтуға болады. 
Дайындау сатылары:
- дәрілік заттарды және негізді дайындау; 
- суппозиториялық массаны дайындау; 
- массаны дозалау және суппозиторийлерді қалыптау, орамдау және
безендіру; 
1-ші саты. Негізді фарфор табақшаға салып, су моншасында 
балқытады (40-50 
0
С). 
2-ші саты. Дәрілік препараттардың қасиетіне байланысты оларды 
негізге енгізеді. 
3-ші саты. Массаны араластыра отырып, арнайы қалыптарға құяды, 
ол бір-біріне тығыз жабылатын екі бөліктен тұрады (сурет 44). 


341 
Қалыптың ұяшықтарының саны 30, 50, 200 және одан да көп, ал 
сиымдылығы 1,0; 1,5; 2,0; 3,0 және 4,0 см
3
болады. Қалыптың 
ұяшықтарын, егер негіз гидрофобты болса сабынды спиртпен, 
гидрофилді болса вазелин майымен малынған мақта тампонымен сүртеді. 
Жиналған қалыпты тоңазытқышқа 30-40 минут салқындатып, содан соң 
дайын жартылай суыған (қату температурасына жақын) массаны құяды. 
Тоңазытқышта салып салқындатуға қалдырады. Уақыт өткен соң мұздап 
қатқан суппозиторийлерді қалыптың екі бөлігін ажыратып, әр 
суппозиторийді орамдайды. 
Суппозиторийлерді қалыпқа құю әдісімен дайындаудың ерекшелігі, 
негізді есептеу кезінде: қалыптың ұяшығының көлемін, яғни 1 
ұяшықтағы негіз салмағын; майлы негіздің салыстырмалы тығыздығын 
0,95 г/см
3
, желатин-глицерин негізінің тығыздығын - 1,15 г/см
3

орынбасу коэффециентін Е
ж
ескереді. Орынбасу коэффициенті - 
тығыздығы 0,95г/см

болатын (какао майының тығыздығы) 1 г майлы 
негіздің орынын басатын дәрілік заттың мөлшерін көрсетеді. Сонымен 
қатар кері орын басу коэффециентін (1/Е
ж
) қолдануға болады, 1 г дәрілік 
заттың орнын басатын майлы негіздің мөлшерін көрсетеді. Іс жүзінде 
кері орын басу коэффициентін қолданған қолайлы. 
Сурет 44. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет