Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Тері астылық инъекция (іnjеctіones subcutaneae)



Pdf көрінісі
бет304/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

Тері астылық инъекция (іnjеctіones subcutaneae).
Ерітінділер 1-2 мл 
көлемде тері асты клетчаткаға енгізіледі. Тері астына сулы және майлы 
ерітінділер, сонымен қатар суспензиялар және эмульсиялар енгізіледі. 
Бұлшық етке енгізілетін инъекция (іnjеctіones іntramusculares).
Сұйықтық (1-2 мл) қалың бұлшық етке енгізіледі. Кей жағдайларда 50 
мл-ге дейін сұйықтық енгізіледі. Сулы, майлы, суспензиялар және эмульсиялар 
түрінде енгізіледі. 
Қан тамырына енгізілетін инъекция.
Қан тамырына енгізілетін 
(іnjеctіones іntravenosae) және артерияға енгізілетін (іnjеctіones іntraartherіeales) 
инъекциялар жатады. Бұл кезде ерітінді күре тамырға (жиі шынтақ) немесе 
артерияға (сан, иық, ұйқы) енгізіледі. Бұл жағдайда дәрілік заттың әсері тез (1-2 
секунд) көрсетіледі. Инъекцияны қан тамырына енгізу тәсілі қанға өте көп 
мөлшерде сұйықтық енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы, физиологиялық 
ерітінділер кейде үш литрге дейін енгізіледі. Қан тамырларына қанмен жақсы 
араласатын тек сулы ерітінділерді енгізуге болады. 
Жұлын-милы инъекция (іnjеctіones іntraarachnoіdales, cerebrospіnales, 
endolumbales).
Ерітінді ІІІ және ІV бел омыртқа арасындағы омыртқа 
каналының субарахноидалды және перидуальды кеңістікке енгізіледі. Бұл 


382 
тәсілмен негізіне жансыздандыратын дәрілер және антибиотиктер енгізіледі. 
Жұлын-милы инъекцияларда рН мәні 5-тен төмен емес 8-ден жоғары 
болмайтын нағыз ерітінділер енгізіледі. Жұлын-милы инъекцияларды 
тәжірибелі дәрігер-хирург жүргізеді. 
Мисауыт ішілік инъекция (іnjеctіones suboccіpіtales).
Дәрілік зат лезде 
әсер етеді. Нейтралды реакциялы нағыз ерітінділер (1-2 мл) енгізіледі. 
Сирегірек инъекцияның басқа түрлері: сүйек ішілік, буын ішілік, плевра 
ішілік, құрсақ ішілік және т.б. қолданылады. 
Дәрілік заттардың инъекция түрінде енгізілуі жалпы танылған және 
кеңінен 
қолданылатындығы 
олардың 
бірқатар 
артықшылықтарына 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет