Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет61/388
Дата17.10.2023
өлшемі6,31 Mb.
#117224
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   388
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm (3)

 
2.1 Ұнтақтар (Pulveres) 
 
Ұнтақтардың жалпы сипаттамасы және жіктелуі. 
Ұнтақтар – 
ішке және сыртқа қолданылатын, бір немесе бірнеше майдаланған 
заттардан тұратын және сусымалды қасиеті бар қатты дәрілік түр. 
Ұнтақтар 
официнальды 
дәрілік 
түр. 
ҚР 
Мемлекеттік 
Фармакопеясының І басылымына жалпы «Сыртқа қолданылатын 
ұнтақтар», «Оральдік қолданылатын ұнтақтар» топтық мақалары 
енгізілген.
Дисперсиологиялық жіктелу бойынша ұнтақтар дисперстік ортасы 
болмайтын, әртүрлі көлемдегі және формадағы майда дисперсті 
бөлшектерден 
тұратын 
еркін 
дисперстік 
жүйе. 
Дәріханалар 
рецептурасының талдауы нәтиждесі көрсеткендей ұнтақтар түрінде 
табиғаты әртүрлі қою, сұйық дәрілік құралдар жазылады.
Осы дәрілік түрдің 
артықшылықтары:
-
дозалану дәлдігі – бұл ұнтақ түрінде күшті және улы әсер ететін 
дәрілік препараттарды босатуға мүмкіндік береді; 
-
беттік 
көлемнің 
үлкендігіне 
байланысты, 
ұнтақтардың 
фармакологиялық белсенділігі жоғары; 
-
қолданылуы ыңғайлы, яғни, балаларға беруге мүмкіндік береді; 
-
ұнтақ түрінде құрамы және табиғаты әртүрлі препараттарды, соның 
ішінде аз мөлшерде сұйық, қою және тұтқыр заттарды босатуға 
болады; 
-
ұнтақтардың дайындалуы оңай; 
-
сақтау мерзімі ұзақ; 
-
ұнтақтар тасымалдауға ыңғайлы. 
Ұнтақтардың дәрілік түр ретінде 
кемшіліктері: 
-
ұнтақтар құрамына сұйық заттарды көп мөлшерде енгізуге болмайды;
-
ұнтақ түрінде иісті, бояғыш және ащы дәмді заттарды қолдану 
қолайсыз; 
-
ұнтақ түрінде дәрілік заттар құрамындағы кристаллдық суын оңай 
жоғалтады. Осыған орай, егер, дәрілік заттар гигроскопиялық болса, 
көгеруге бейім болады; 
-
ұшқыш заттардың буларын ұнтақтар өз бойына сіңіріп, басқа иісті 
болып кетуі немесе өз иісін жоғалтып алуы мүмкін. Мұндай 
жағдайларды болдырмау үшін, компоненттердің және дайын дәрілік 
түрдің сақтау ережелерін қатаң орындау қажет. 


94 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   388




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет