Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі


Ақпараттық-дидактикалық блок



бет24/47
Дата03.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#133656
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
Фармацевтикалық-тауартану

Ақпараттық-дидактикалық блок
Барлық ақпараттық материал алдыңғы сабақтардың әдістемелік нұсқауларында берілген.
Сабақтың мазмұны
Студенттердің білім деңгейін анықтауға арналған тест бақылауын жүргізу.
Билет бойынша бағдарламалық бақылау жүргізу. Тәжірибелік тағылымдарын бақылау.


Тақырып 7: Байлап-таңу заттары. Медициналық гипс.


таҚырыптыҢ Өзектілігі:
Байлап-таңу заттардың негізгі тағайындалуы – жараны екіншілей індеттелуінен сақтау және тез бітіп жазылуын қамтамасыз ету. Тұрғындарды және емдеу - сауықтыру мекемелерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің ішінде байлап-таңу заттарының және медициналық гипстың сұранысын қамтамасыз етудің маңызы зор.


Сабақтың мақсаты:
Студенттерге байлап-таңу заттарының түрлерін, қолдануын және оларға тауартанулық талдауды жүргізуге үйретуді


Студент білуге тиіс:

  • байлап-таңу материалдар, дайын байлап-таңу материалдар, жаңа байлап-таңу материалдар туралы түсініктерді;

  • осылардың түрлерін, қолдануын, зиянсыздандыру әдістерін, сақталу ерекшеліктерін;

  • медициналық гипстың физикалық қасиеттерін.

Нормативті актілер, медициналық тауартану, фармацияның ұйымдастыру және экономикасы курсының білімдері негізінде студенттер жасай алуға тиіс:



  • байлап-таңу заттардың тауартанулық талдауын жүргізуді;

  • байлап-таңу заттардың функционалдық қасиеттерін анықтауды (химиялық тазалығын, өткізгіштігін, сорып алу қасиетін, жұмсару тездігін);

  • байлап-таңу заттардың сақталуын ұйымдастыруды;

  • медициналық гипске тауартанулық талдауды жүргізуді;

  • медициналық гипсті сақтауды ұйымдастыруды.

СабаҚҚа дайындалу сҰраҚтары:

  1. Байлап-таңу материалдары және сипаттамасы.

  2. Мақта, оның түрлері. Мақтаның тауартанулық талдануы.

  3. Алигнин, түрлері. Сапасына қойылатын талаптар.

  4. Медициналық дәке. Дәкенің тауартанулық талдауы.

  5. Дәкеден жасалған дайын заттар, олардың сипаттамасы.

  6. Бинттердің түрлері. Оралып-буулуы, таңбалануы, өлшемдері және сақталуы.

  7. Лейкопластырлар. Сипаттамасы, түрлері, шығару формалары.

  8. Байлап-таңу заттардың басқа да түрлері (қорғаушы жұқа қабықшалар, таңғыштар).




  1. Байлап-таңу заттардың тауартанулық талдауы.

  2. Байлап-таңу материалдардың зиянсыздандыру әдістері.

  3. Байлап-таңу заттардың сақталуы және тасымалдануы.

  4. Медициналық гипстің алыну қасиеттері.

  5. Медициналық гипсті дәріханалық мекемелерде сақтау ерекшеліктері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет