Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі


ІІ. Бауырда қанның өндірілуі



бет2/5
Дата08.12.2023
өлшемі20,69 Mb.
#135302
1   2   3   4   5
Байланысты:
Гисто Асқари

ІІ. Бауырда қанның өндірілуі

  • Бауыр ұрықтың 3-4 апталық өмірінде пайда бола бастайды, ал 5 апталық кезеңінде ол қан өндіру орталығына айналады. Бауырда қан өндіру капиллярлар жолымен экстраваскулярлы түрде жүреді. Бауырдағы қан өндірілу көзі сары денеден миграцияланған бағаналы жасушалар болып табылады. Бағаналы жасушалардан екіншілік эритроциттерге дейін дифференциацияланатын бласстар түзіледі. Олардың түзілу процесі жоғарыда сипатталған екіншілік эритроциттердің түзілуі кезеңдерін қайталайды. Бауырда эритроциттердің дамуымен қатар сол уақытта түйіршікті лейкоциттер, оның ішінде ең бастысы нейтрофильдер мен эозинофильдер түзіледі. Бласт цитоплазмасы неғұрлым ашық түстеніп және базофильдер азайып, соған тән түйірршіктік пайда болады. Осыдан соң ядро дұрыс пішінге ие болады. Бауырда гранулоциттерден басқа ірі жасушалар – мегакариоциттер қалыптасады. Құрсақ ішілік кезеңнің сонына таман бауырдың қан өндіру қызметі тоқталады. Дегенмен балалар дүниеге келгеннен кейін қан өндіру мүшелерінің қызметі нашар болғанда бауырдың қан өндіру қызметі жақсырады.

Тимуста қанның өндірілуі

  • Тимус құрсақ ішілік дамудың 1 –айының соныңа таман пайда болады. Ұрықтың 7-8 апталық өмірінде оның эпителиі тимус лимфоциттеріне дифференциацияланатын қанның бағаналы жасушаларымен толыса бастайды. Саны арта түскен тимус лимфоциттері иммунопоэздің перифериялық шеткі мүшелерінің Т- аймақтарында орналасқан Т- лимфоциттерге бастама береді.

Көк бауырда қанның өндірілуі

  • Көк бауыр эмбриогенездің –айының соңына таман пайда болады. Мұнда орналасқан бағаналы жасушалардан барлық қанның формалы элементтерінің экстрафаскулярлы түзілуі жүреді. Сонымен ұрықтың көк бауырында жасушалардың барлығыда өндіріледі. Яғни, эмбриондық кезеңде көк бауыр әмбебап қан өндіруші болып табылады. Ондағы эритроциттер мен гранулоциттердің түзілуі эмбриогенездің 5-айында ең жоғары мәнге жетеді. Осыдан соң көк бауырда лимфоцитопоэз көбірек орын ала бастайды.

Лимфа түйіндерінде қанның өндірілуі.

  • Адамның лимфа түйіндері ұрықтың кезеңнің 7-8 аптасында пайда бола бастайды. Көпшілік лимфа түйіндері 9-10 апталық кезеңде дамиды. Осы кезеңде лимфа түйіндеріне дамудың ерте сатыларында эритроциттер, гранулоциттер мен мегакариоциттерге дейін дифференциацияланатын қанның бағаналы жасушаларының енуі басталады. Дегенмен бұл элементтердің қалыптасуы лимффа түйіндерінің негізгі бөлігінм құрайтын лимфоциттердің түзілуіне орай тез -бәсеңдейді.

Жекеленген лимфоциттердің пайда болуы ұрықтың дамуының апталық өмірінде- ақ басталады, бірақ Т және В- лимфоциттер бастама жасушаларының лимфа түйіндеріне жаппай қоныстануы қабырғалары арқылы жасушалар миграциясы процесі іске асырылатын посткапиллярлық венулалар қалыптасатын 16-аптадан басталады. Бастама –жасушалардан лимфобласттар (үлкен лимфоциттер ) одан ары орташа және кіші лимфоциттер дифференциацияланады. Т және В лимфоциттердің жіктелуі, ажыратылуы лимфа түйіндерінің Т және В тәуелді аймақтарында жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет