Қазақстан республикасының денсаулық сақтау


Бел омыртқаларының остеохондрозы



бет48/69
Дата30.03.2023
өлшемі240,45 Kb.
#77596
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69
Байланысты:
геронтология және гериатрия кітап

Бел омыртқаларының остеохондрозы
Клиникалық симптомдарына бірінші ауырсыну, түбіртекті және статикалық синдромдармен сипатталады. Бел омыртқасының остеохондрозының этиологиясында жарақаттық факторлардың алатын орны ерекше.
Негізгі клиникалық белгілеріне бел-сегізкөз аймағының (люмбалгия)
ауырсынуы немесе оның жамбас пен сан аяққа иррадиациялануына (люмбоишалгия) немесе тек аяққа (ишалгия) берілуімен жүреді. Жиі ауырсыну бел аймағының, бел-сегізкөз аймағының физикалық күш түсуден кейін, ұзақ ыңғайсыз қалыпта отырғанда, бірден еңкей генде, қатты ауырсынумен басталады. Ауырсыну жайылмалы, шаншыған, сирек сыздаған сиппатта болады. Ауырсыну оқыс қимылда, дененің қалпын өзгерткенде, бір қалыпта ұзақ отырғанда, түшкіргенде, жөтелгенде, және т.б. жағдайда ұлғаяды. Ауырсыну және сипағандағы сезімталдылық төмендейді. Кейде гиперестезия болады. Тұрақты Ласега симптомында созылған аяқты жоғары көтергенде ауырсыну болады. Сонымен қатар қайшылы Ласега симптомында зақымданған жақтағы ауырсыну сау аяқты көтергенде пайда болады. Созылмалы белгілерінің симптомдарына: Нери –
басты пассивті еңкейткенде бел аймағында ауырсыну пайда болуы,
Дежерина жөтелгенде, түшкіргенде ауырсыну сол жерде пайда болуы,
Вассерман – науқасты ішіне жатқызып, аяқта, жамбас-сан буынды
ауырсыну шап аймағында бүккенде пайда болуы. Мацкевич – тізе буынды
ішіне қарай бүктіргенде сан сүйегінің алдыңғы беткейін ауырсынуы
жатады, соңғы екі симптом сан жүйкесінің невритінде байқалады. Көп
науқастарда бел омыртқасының остеохондрозында балтыр бұлшықетінің
атрофиясы анықталады. Бұлшықеттер атрофиясы оның тонусының
төмендеуімен кейбір бұлшықет топтарының парезіне дейін байқалады,
бірақ сирек кездеседі. Омыртқааралық дискілердің дегенеративті өзгерістері вегетативті бұзылыстармен бірге жүреді. Ауа -райы өзгергенде, түшкіргенде ұлғаятын, ашып, шаншып, қышымалы ауырсынумен, жүйке түбіршектерінің зақымданумен жүреді. Сонымен қатар вазомоторлы бұзылыстар: аяқ-қолдың мұздауы, тері қызуының төмендеуі, тамырлы спазм, пульстың жоғалуына дейін білінеді. Вегетативті бұзылыстарға трофикалық симптомдар: цианоз, дисгидроз, терінің қабыршақтануы,
кебуімен білінеді.
Бел омыртқасының остеохондрозы висцеральды синдромдарына –зәрді ұстай алмауы, болмай қалуы, сфинктердің салдануы, жамбас түбі бұлшықетінің салдануы, зәр шығару кезінде ауырсынумен және қуықтың гипотониясымен байқалады. Бел омыртқасының остеохондрозы бел лордозының болмауымен немесе тегістелуімен сипатталады. Сирек гиперлордоз – «тақтай симптомы», «асқақ жүріс» пайда болады. Бұл ауырсынумен бірге жүреді. Бел омыртқасының остеохондрозы ауыр асқынуында «ат құйрығының» компрессиялық синдромы (салданған ишиас) бұның нәтижесінде баяу және жіті люмбоишиалгиялық синдромынан өкше парезі, зәр шығару бұзылып, зәрдің бөгелуіне дейін әкеледі: сонымен парезден кейін ауырсыну және вертебральды синдромдар жойылады. Бел омыртқасының остеохондрозының динамикасы клиникалық белгілерімен рентгендік симптомдардан (омыртқааралық аймақтың тарылуы) тұрады.
Емі
Остеохондроздың емі кешенді түрде жүргізіледі. Рационалды тамақтануды сақтау, емдік тамақ, семіздікпен күресу (майлы, тез қорытылатын көміртектерді қолданбау керек, аздыратын емдәм және т.б), адекватты қимыл тәртібін сақтап, емдік дене жаттығуларын орындау.Өршу кезінде зақымдалған бел омыртқа бөлігіне тыныштық жағдай жасау ұсынылады: жартылай төсекті тәртіп, төсеніш асты шитті кереует, тек бас
және мойынға арналған пәс жұмсақ жастық, құрғақ жылу тағайындау, ауырсынуды басатын тітіргендіргіштер: қыша қағаздар тағайындау. 8 -10 күндік қатаң емес төсек тәртібі ауырсынуды азайтады, қозғалу белсенділігін арттыру керек, ол остеопороз бен бұлшықет атрофиясын болдырмайды. Мойын омыртқасының остеопорозында құрсауды бастапқыда үнемі, кейіннен кезеңдік жартылай қатты жағына тағу керек.
Бел омыртқасының остеохондрозында кезеңдік құрсау тағу керек, белге салмақ аз түсу үшін, физикалық жұмыс істеушілерге штангисттің белбеуін тағу керек. Дәрмекті емі қарттарда гериатриялық фармакотерапияның тәртіптері бойынша тағайындалады. Жіті кезеңде анальгезирлеуші дәрмектер (баралгин 1-2 таб – 2-3 рет тәулігіне, 0,5 мл бұлшықетке, анальгин 50% - 1 мл бұлшықетке, тәулігіне – 2 гр-нан аспау керек)
транквилизаторлармен бірге (феназепам, реланиум) берілу керек, новокаин -гидрокортизонды блокадалар: симпаталгияда финлепсинді антидепрессанттармен (амитриптиллин және седативті дәрмектермен) бірге берілу керек. Тиімді болмағанда тамыр ішіне инфузиямен анальгетиктер (баралгин) кортикостероидтар, новокаин,
десенсибилизирлеуші дәрмектермен бірге тағайындалады. Патологиялық бұлшықет тонусын төмендетуге баклофен, фенибут, реланиум, лидокаин және т.б. миорелаксанттар беріледі. Ісікті басу үшін жіті кезеңде алғашқы үш күнде: фуросемид және лазикс бұлшықетке; урегит, сорбитол тамыр ішіне, кейде күшті (фуросемид) және калий сақтаушы салуретиктер беріледі. Қабынуға қарсы терапия ретінде
вольтарен (диклофенак), мовалис, метиндол, напроксен бұлшықетке
тағайындалады. Жіті кезеңде айқын ауырсыну синдромында
кортикостероидтар (дексаметазон ішке және метипред бұлшықетке)
тағайындалады. Бейстероидты қабынуға қарсы дәрмектерді 10 -14 күннен
артық берілмеу керек. Қан айналымды жақсарту үшін трентал, эуфиллин,
но-шпа, компламин, эскузан, троксевазин тағайындалады. Кешенді
терапияға сіңіретін әсерлі: биогенді белсендіргіштер (шыны тәріздес дене, плазмол, ФиБС, гумизоль, алоэ) бийхинол, лидаза, пирогеналь, синаптикалық нейрональды өткізгіштік жақсарту үшін: прозерин, амиридин, сангвиритин беріледі: метаболикалық және жалпы қуаттандырғыш терапия: В тобының дәрумендері, токоферол, аевит,
фосфаден, АТФ, кокарбоксилаза, румалон, аскорбин қышқылы тағайындалады. Ганглиоблокаторлар (бензагексоний, ганглерон) ұзақ ауырсыну синдромында нейтрофикалық бұзылысында бұлшықет атрофиясында ретоболил Е дәрумендерімен және антихолинэстераза дәрмектерімен беріледі.
Жергілікті көңіл аударушы (отвлекающий) және қабынуға қарсы дәрмектер димексид тағайындалады. Негізгі кешенді емге емдік дене шынықтыру, әсіресе емдік гимнастика жатады. Ол омыртқа тініндегі метаболизмді қалыптастырушы, бұлшықет қызметінің белсенділігін жоғарылатып, қозғалу көлемін ұлғайтады.
Емдік гимнастика 5-10 күннен 35 минутқа дейін жүргізіледі Гериатрияда емдік гимнастиканы қауіптілікті сақтап қолданылады. Тез қимылды гимнастикаларды алғашқы кезде қолданбайды. Гимнастиканы, жаттығуларды бұлшықеттерді босататын жаттығулармен алмастырып отырады. Ауырсыну синдромдарында тыныс алу жа ттығуларын
тағайындайды. Керекті кешенді емге уқалау да жатады. Теріні механикалық тітіркендіру метаболизмді жақсартып, қан-лимфа айналымды жақсартып, жүйке жүйесінің қызметін жоғарылатады, бұлшықеттің жұмысын жақсартуға ауырсынуды басатын әсер береді. Уқалауды жіті ауырсынуды басқаннан кейін сипалаумен жайлап бастайды. Мойын омыртқасының остеохондрозында жағалық аймақты, жоғарғы кеуде
аймағын, керек болса қолды да уқалайды. Бел омыртқасының остеохондрозында осы аймақты, төменгі кеуде бөлігін, жамбас аймақт ы, аяқты уқалайды. Уқалауды күніне 20-30 минуттан 10-15 рет жүргізеді.
Физиотерапияны қарттарда байқап, кейбір шектеулермен қолданады.
Оларға ультра күлгін сәулелендіру, ультрадыбыс, синусоидальды модульдеуші токтар, фоноферез жатады. Гидрокартизон немесе новокаин, парафин, озокерит, балшықпен емдеу, гидротерапия – радонды, сульфидті, шөптік ванналар ем курсына 10-12 рет, мануалдық терапия, ине шаншу және т.б., қарт науқастарды санаторлы-курорттық емді өзінің климаттық аймақтарындағы санаторияларда өткізіледі.
7.3 Остеопороз. Қауіп факторлары. Клиникалық әйгіленуі, асқынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет