321-бап. Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары
1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өзінің құрылысы бойынша
олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
талаптарына сай болуға тиіс.
2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына
сәйкес келуге, онда тиісті техникалық паспорт (сертификат), сақтандыру белгілері
болуға және қызметкерлердің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс.
3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердің үй-жайлардан шығатын жолдар бос
болуға және ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс.
4. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыстың
сипатына қарай қызметкерге қауіп-қатер төндіретін немесе құлайтын заттар бар
қауіпті аймақтарда болса, онда мұндай орындар бұл аймақтарға бөгде адамдардың
кіруін шектейтін құрылғыларымен жабдықталуға тиіс. Жаяу жүргіншілер мен
технологиялық көлік құралдары ұйымның аумағында қауіпсіз жағдайларда жүріп-тұруға
тиіс.
5. Қауіпті өндірістік объектілерде (учаскелерде), оның ішінде биіктікте,
жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңіз қайраңдары мен ішкі су айдындарында
жұмыстар жүргізу үшін қызметкерлердің жеке қорғану құралдары болуға тиіс.
6. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы температура, табиғи және жасанды
жарық, сондай-ақ желдеткіш жұмыс уақыты кезінде еңбектің қауіпсіздік талаптарына
сай болуға тиіс.
7. Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды (шаң-тозаң, газдану және басқа да
факторлар) жұмысқа жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен
кейін жіберіледі.
Ескерту. 321-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
37-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ
ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҚЫМДАНУЛАРЫН
ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ МЕН ЕСЕПКЕ АЛУ
322-бап. Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және
өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу
1. Қызметкерлердің, сондай-ақ:
1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу
орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адамдардың;
2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен байланысты
емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік
органдар қызметкерлерінің;
3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскерилендірілген күзет
жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам
өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің еңбек қызметіне
байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының
зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.
2. Өндірістік жарақаттар мен қызметкердің денсаулығына еңбек міндеттерін
атқарумен байланысты келтірілген өзге де зақымданулар не жұмыс берушінің мүддесі
үшін өз бастамасы бойынша еңбекке қабілетсіздігіне не өлімге әкеп соққан басқа да
әрекеттер жасау, егер олар:
1) жұмыс уақыты басталар алдында немесе аяқталғаннан кейін жұмыс орнын,
өндіріс құрал-жабдықтарын, жеке қорғану құралдарын және басқаларын дайындау және
ретке келтіру кезінде;
2) жұмыс орнындағы жұмыс уақыты ішінде немесе іссапар кезінде не жұмыс
берушінің немесе ұйымның лауазымды адамының тапсырмасы бойынша еңбек немесе өзге де
міндеттемелерді орындауға байланысты басқа жерде болғанда;
3) қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлар әсерінің нәтижесінде;
4) жұмысы қызмет көрсету объектілері арасында жүрумен байланысты қызметкер
жұмыс уақытында жұмыс берушінің тапсырмасы бойынша жұмыс орнына бара жатқан жолда;
5) қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы кезінде жұмыс берушінің
көлігінде;
6) жеке көлігін қызмет бабында пайдалану құқығына жұмыс берушінің жазбаша
келісімі болғанда өзінің жеке көлігінде;
7) жұмыс берушінің өкімі бойынша өз ұйымының немесе басқа ұйымның аумағында
болған кезеңде, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлкін қорғау не жұмыс берушінің мүддесі
үшін өз бастамасы бойынша өзге де іс-әрекеттер жасау кезінде болса;
8) вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің вахта кезіндегі жұмыс
уақытының алдында немесе одан кейін жиналу орнынан (вахта кезеңінде тұратын
жерінен) жұмыс беруші берген көлікпен жұмысқа бару немесе кері қайту жолында болса,
өндірістегі жазатайым оқиғалар ретінде тергеп-тексеріледі және есепке алынады.
3. Тергеп-тексеру барысында жарақаттар мен зақымданулардың:
1) зардап шеккен адамның өз бастамасы бойынша жұмыстарды немесе өзге де іс-
әрекеттерді функционалдық міндеттеріне кірмейтін және жұмыс берушінің мүддесімен
байланысты емес, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істеу кезінде ауысымаралық
демалыс және тынығу мен тамақтануға арналған кезеңде, сондай-ақ алкогольдік мас
болу, уытты және есірткі заттарды (олардың аналогын) пайдалану күйіне байланысты
себеппен орындаған кезде;
2) өз денсаулығына қасақана (әдейі) зиян келтіру нәтижесінде немесе зардап
шеккен адам қылмыс жасаған кезде;
3) зардап шеккен адам денсаулығының медициналық қорытындымен расталған,
қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсерімен байланысты емес
кенеттен нашарлауынан болғаны нақты анықталса, олар өндірістік жарақаттар және
қызметкерлер денсаулығының өндірістегі өзге де зақымданулары ретінде ресімделмейді.
4. Әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шеккен немесе оны көрген адам жұмыс
берушіге немесе жұмыстарды ұйымдастырушыға дереу хабарлауға міндетті. Денсаулық
сақтау ұйымдарының жауапты лауазымды адамдары қызметкерлердің өндірісте жарақат
алуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты әрбір бастапқы келген
жағдай туралы жұмыс берушілерді және еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті
органды, сондай-ақ кәсіптік қатты ауру (улану) жағдайлары туралы халықтың
санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органды екі
жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.
5. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруға,
ресімдеуге және тіркеуге жұмыс беруші жауапты болады.
Ескерту. 322-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27
N 320
(қолданысқа
енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2012.02.13
N 553-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
323-бап. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға
кезіндегі міндеттері
1. Жұмыс беруші:
1) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді және қажет
болған кезде, оны денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыруға;
2) авариялық жағдайдың өршуінің және жазатайым оқиғаның орын алуына себеп
болған факторлардың басқа адамдарға әсер етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды
қабылдауға;
3) жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды (жабдықтар мен тетіктердің, еңбек
құрал-жабдықтарының жай-күйін), егер бұл басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына
қатер төндірмесе, ал өндірістік процестің үзіліссіз жұмысын бұзу аварияға әкеп
соқпайтын болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға, сондай-ақ жазатайым оқиға
болған жерді фотосуретке түсіруге;
4) өндірістегі жазатайым оқиға жөнінде зардап шеккен адамның жақын туыстарын
дереу хабардар етуге және осы Кодексте, өзге де нормативтік құқықтық актілерде
белгіленген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хабарлама жіберуге;
5) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен есепке алуды осы
тарауға сәйкес қамтамасыз етуге;
6) арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия мүшелерін өндірістегі жазатайым
оқиғаны тергеп-тексеру үшін оқиға болған жерге кіргізуге;
7) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке
алу мен талдауды жүзеге асыруға міндетті.
2. Жұмыс беруші өндірістегі жазатайым оқиға туралы еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
1) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға;
2) қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде төтенше
жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға;
3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық
бөлімшесіне;
4) қызметкерлер өкілдеріне;
5) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым
оқиғалардан сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
Осы тарауға сәйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кезде
жұмыс беруші:
1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына;
2) өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті
органдарына хабарлауға тиіс.
3. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы
бойынша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен:
1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің,
сынақтардың, басқа да сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы мақсаттарда
сарапшы мамандардың тартылуын;
2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді,
жоспарлар, эскиздер, схемалар жасауды;
3) көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киім, арнаулы аяқ
киім және тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын беруді;
4) мыналарды:
жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік
факторлардың бар-жоғын сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, схемаларды,
ал қажет болғанда оқиға орнында түсірілген фото- және бейнематериалдарды және
т.с.с);
нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан,
жазатайым оқиға куәгерлері мен лауазымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан,
зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен, мамандардың сараптама қорытындыларынан
үзінді көшірмелерді;
зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін;
зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен
ауырлық дәрежесі немесе оның өлімінің себебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе
уыттық мас болу белгісінің бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны;
зардап шеккен адамға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке
қорғану құралдары берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
аталған өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен аумақтық
мемлекеттік қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер жазатайым оқиға осы
орган бақылайтын ұйымда немесе объектіде орын алса) бұрын берілген нұсқамаларынан
үзінді көшірмелерді, сондай-ақ қоғамдық еңбек инспекторларының анықталған еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды бұзушылықтарды
жою туралы нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді;
комиссияның қалауына қарай істің қаралуына қатысы бар басқа да құжаттарды
береді.
Ескерту. 323-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.04
N 97-IV
(қолданысқа
енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2009.12.30
№ 234-IV
(қолданысқа енгізілу
тәртібін
2-б
. қараңыз), 13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
324-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру тәртібі
1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс
берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия
жүргізеді:
төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;
мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы
және қызметкерлердің өкілі.
Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап
беретін лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына
енгізілмейді.
2. Арнайы тергеп-тексеруге:
1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір
мезгілде екі және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
3. Жұмыс берушінің - жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеруге жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі,
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті
қорғау жөніндегі маман қатысады.
4. Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілдері
қатысады.
5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті
шарттық қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап
он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
7. Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік
мектептерде және жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны
тергеп-тексеруді жұмыс берушінің және зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен өз
аумағында оқиға болған ұйымның басшысы құратын комиссия жүргізеді.
8. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның
қызметкері немесе өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді)
орындау үшін басқа ұйымға жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеруді аумағында жазатайым оқиға болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен
жұмыс берушінің өзі жүргізеді.
9. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым
оқиғаны жұмыс өз аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші
тергеп-тексереді және есепке алады.
10. Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру жол полициясының тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.
Жол полициясы жазатайым, оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссия
төрағасының талабы бойынша көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде
тергеп-тексеру материалдарының көшірмелерін беруге міндетті.
11. Әрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия
оқиға куәгерлерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың
бұзылуына жол берген адамдарды анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден
қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап шеккен адамнан түсініктеме алады.
12. Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесінде еңбекке
қабілетсіздігі бірден туындамаған (талап ету мерзіміне қарамастан) жазатайым
оқиғалар зардап шеккен адамның (оның өкілінің) өтініші бойынша немесе мемлекеттік
еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтініш тіркелген, нұсқама алынған күннен
бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі.
13. Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның
мән-жайлары мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік
қызметімен байланысын және тиісінше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзінің
еңбек міндеттерін орындауына байланысты болуы түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым
оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға ретінде немесе өндіріспен байланысты емес
жазатайым оқиға ретінде саралайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтап, өндірістегі жазатайым
оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді.
14. Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі
комиссияның жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу ерекшеліктері
ескеріліп айқындалады.
15. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп
соққан өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға
(ұсынымға) сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша
жазатайым оқиға туралы актімен қажетті данасы жасалып (әрбір зардап шеккен адамға
жеке-жеке) ресімделеді.
Денсаулық сақтау ұйымы белгіленген тәртіппен растаған улану жағдайлары да
еңбекке қабілеттіліктің жоғалғанына немесе жоғалмағанына қарамастан, жазатайым
оқиға туралы актімен ресімделеді.
325-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы
тергеп-тексеру ерекшеліктері
1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді еңбек инспекциясы жөніндегі
жергілікті орган мынадай құрамда құратын комиссия жүргізеді:
төраға – мемлекеттік еңбек инспекторы;
мүшелері – жұмыс беруші және қызметкерлердің өкілі.
2. Екі адам қайтыс болған топтық жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың бас мемлекеттік еңбек инспекторы
басқаратын комиссия жүргізеді.
3. Қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған жазатайым оқиғалар кезінде
комиссия құрамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі
мемлекеттік инспектор кіреді.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде болған жазатайым оқиғалар
кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік
инспектор арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
Бұл жағдайда мемлекеттік еңбек инспекторы комиссия мүшесі болып табылады.
4. Қайтыс болған адамдар саны үш адамнан бес адамға дейін болса, топтық
жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган,
ал бес және одан да көп адам қайтыс болғанда - Қазақстан Республикасының Үкіметі
құрған комиссия жүргізеді.
5. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелерді шешу үшін арнайы
тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы ұйымдардың мамандары, ғалымдар және
бақылау-қадағалау органдары қатарынан сараптамалық кіші комиссиялар құруға құқылы.
6. Ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым
оқиғаны, қызметкерлердің топтық жазатайым оқиғасын және топтық қатерлі улану
жағдайын тергеп-тексеру еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген
нысандағы арнайы тергеп-тексеру актісімен ресімделеді.
7. Арнайы тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының келісімінсіз
куәлерден, куәгерлерден жауап алуды, сондай-ақ ресми тағайындалған комиссияның
жұмыс күндерінде кез келген біреудің немесе өзге де комиссияның осы жазатайым
оқиғаға қатысты қатар тергеп-тексерулер жүргізуіне үзілді-кесілді тыйым салынады.
8. Ұйым объектілеріндегі жарылыстың, аварияның, қираудың, өрттің және басқа
да жағдайлардың нәтижесінде зардап шеккен адамды (зардап шеккен адамдарды),
жоғалған адамды (жоғалған адамдарды) іздеудің тоқтатылуын арнайы тергеп-тексеру
жөніндегі комиссия авариялық-құтқару бөлімшесі басшысының және сарапшы
мамандардың қорытындысы негізінде айқындайды.
Ескерту. 325-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
326-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру
материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу
1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым
қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен
расталады.
2. Улану жағдайларында жазатайым оқиға туралы актіге халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі де қол қояды.
Егер жұмыс беруші жеке тұлға болса, жазатайым оқиға туралы акт толтырылып,
оған жұмыс беруші қол қояды және нотариалды түрде расталады.
3. Акт тергеп-тексеру материалдарына сәйкес ресімделуге тиіс.
Егер өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия зиянның
туындауына немесе ұлғаюына өрескел абайсыздық себеп болғанын анықтаса, онда
комиссия тараптардың аралас жауапкершілігін қолданып, қызметкер мен жұмыс берушінің
кінәсін процентпен айқындайды.
Егер жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның бір мүшесі
комиссияның (көпшіліктің) қорытындысымен келіспейтін болса, ол өзінің дәлелді
пікірін тергеп-тексеру материалына қосу үшін жазбаша түрде ұсынады. Ол арнайы
тергеп-тексеру актісіне "ерекше пікірге қара" деген сілтеме жаза отырып, қол қояды.
4. Әрбір жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жұмыс беруші үш
күннен кешіктірмей зардап шеккен адамға немесе оның сенімді адамына жазатайым оқиға
туралы актіні беруге міндетті, актінің бір данасы жұмыс берушімен тиісті шарттық
қатынастары бар сақтандыру ұйымына, ал екіншісі - мемлекеттік еңбек инспекциясына
қағаз және электронды жеткізгіште жіберіледі.
Улану жағдайында актінің көшірмесі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға да жіберіледі.
5. Тергеп-тексеру нәтижесімен келіспеген немесе жазатайым оқиға туралы
акт уақтылы ресімделмеген жағдайда, зардап шеккен адам немесе оның сенім білдірген
адамы, ұйым қызметкерлерінің өкілі жұмыс берушіге жазбаша түрде жүгінуге құқылы,
жұмыс беруші олардың өтінішін он күн ішінде қарап, тиісті шешім қабылдауға
міндетті.
6. Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру, ресімдеу және тіркеу мәселелері
бойынша жұмыс берушінің, қызметкердің және мемлекеттік еңбек инспекторының не
қауіпті өнеркәсіп объектілерінде болған оқиғалар кезінде төтенше жағдайлардың алдын
алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік инспектордың арасында туындаған
келіспеушіліктерді тиісті жоғары тұрған бас мемлекеттік еңбек инспекторы
бағыныштылық тәртіппен қарайды және (немесе) сот тәртібімен қаралады.
Жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселелері бойынша жоғары тұрған бас
мемлекеттік еңбек инспекторының шешімі еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган
белгілеген нысанда қорытынды түрінде ресімделеді.
7. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі материалдарының
көшірмелерін жұмыс беруші мемлекеттік бақылау органдарына жібереді. Оның үстіне,
жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторы
арнайы тергеп-тексеру актісі материалдары көшірмелерінің бір данасын жеті күн
ішінде жергілікті ішкі істер органына жібереді, ол заңнамаға сәйкес тиісті шешім
қабылдап, қабылданған шешім туралы жиырма күннен кешіктірмей хабарлайды.
8. Актімен ресімделген әрбір жазатайым оқиға өндірістегі жазатайым оқиғаларды
және денсаулыққа келтірілген өзге де зақымдануларды тіркеу журналына жазылады.
Журнал еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша
жүргізіледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық және жарақаттану туралы алғашқы
статистикалық деректер мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган
бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес беріледі.
9.
Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19
№ 258-IV
Заңымен.
10. Жұмыс беруші немесе оның өкілі уақыт өте келе ауыр зардаптарға немесе
кісі өліміне әкеп соққан жазатайым оқиғалар санатына ауысқан өндірістегі жазатайым
оқиғалар туралы тиісті мемлекеттік еңбек инспекциясына, ал сақтандыру жағдайлары
туралы - сақтандырушының атқарушы органына (сақтанушы тіркелген жердегі)
хабарлайды.
11. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдары ұйымда қырық бес жыл бойы
сақталуға тиіс, ұйым таратылған жағдайда жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру
материалдары міндетті түрде сол ұйым жұмыс істеген жердегі мемлекеттік мұрағатқа
тапсырылуға тиіс.
12. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру материалдарында тергеп-
тексеру актісімен қатар:
1) зардап шеккен адамның еңбекті қорғау жөнінде оқығаны және нұсқама алғаны,
сондай-ақ алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулерден өткені туралы
мәліметтер;
2) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша жауап
алу хаттамалары және оқиға куәгерлерінің, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау талаптарының сақталуына жауапты лауазымды адамдардың түсініктемелері;
3) оқиға болған жердің жоспарлары, схемалары мен фотосуреттері;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын регламенттейтін
нұсқаулықтардан, ережелерден, бұйрықтардан және басқа да актілерден үзінді
көшірмелер, өндірістегі салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге
жауапты лауазымды адамдардың міндеттері және басқалар;
5) зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымның сипаты мен
ауырлығы (өлімге әкеп соққан себеп) туралы медициналық қорытынды;
6) зертханалық және басқа зерттеулердің, эксперименттердің, сараптамалардың,
талдаулардың нәтижелері және тағы сол сияқтылар;
7) бас мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы (егер бар болса);
8) жұмыс берушіге келтірілген материалдық залал туралы мәліметтер;
9) жұмыс берушінің зардап шеккен адамға (отбасы мүшелеріне) оның
денсаулығына келтірілген зиянды өтеу және жол берілген оқиғаға кінәлі лауазымды
адамдарды жауапкершілікке тарту туралы бұйрығы;
10) қоса берілетін құжаттардың тізбесі болуға тиіс.
13. Зардап шеккен адам немесе қызметкерлердің өкілі жазатайым оқиғаны тергеп-
тексерудің бүкіл материалдарымен танысуға және қажетті үзінді көшірмелер жасауға
құқылы.
Ескерту. 326-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.03.19
№ 258-IV
, 2012.02.17
№
566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
327-бап. Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы
тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын бақылау
Жазатайым оқиғалардың дұрыс, уақтылы тергеп-тексерілуі мен есепке алынуын,
сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-шаралардың
орындалуын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары өз құзыреттері шегінде
тексерулер жүргізу, азаматтардың шағымдарын, арыздары мен өтініштерін қарау және
ұйымдарды тексеру арқылы жүзеге асырады. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-
тексеру, сондай-ақ мұндай оқиғаларды туындатқан себептерді жою жөніндегі іс-
шаралардың орындалуын бақылау аясында мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізетін
тексерулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы
есепке алу туралы заңнамасына сәйкес тіркеуге және есепке алынбайды.
6-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫН
БАҚЫЛАУ
38-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
328-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік
бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторларына:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы – еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамы;
2) бас мемлекеттік еңбек инспекторлары – еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік органның лауазымды адамдары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік
еңбек инспекторы – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың еңбек
инспекциясы жөніндегі жергілікті органының басшысы;
4) мемлекеттік еңбек инспекторлары – облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органының лауазымды
адамдары жатады.
3. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару
кезінде заңмен қорғалады және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа
алады.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін орындауға кедергі
келтірген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек
туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды Алматы қаласы өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан
Республикасының еңбек заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын
уәкілетті лауазымды тұлғалар мемлекеттік еңбек инспекторына теңестіріледі және осы
Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган:
1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органды Қазақстан Республикасы
еңбек заңнамасының бұзылу фактілері туралы өз құзыреті шегінде хабардар етуге;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйі
туралы ақпаратты еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанға
сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тоқсан сайын беріп отыруға
міндетті.
6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылау
тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік
бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 328-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.12.19.
N 9
(алғашқы ресми
жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),
2009.07.17.
N 188-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2011.01.06
N
378-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі), 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
329-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің
принциптері мен негізгі міндеттері
Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен
бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және
жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:
ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік
бақылауды қамтамасыз ету;
қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары
мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер
мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
330-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының:
1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу мақсатында ұйымдар мен
кәсіпорындарда кедергісіз болуға;
2) жұмыс берушілерден өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті
құжаттарды, түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға;
3) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге,
сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға,
әкімшілік жазалар қолдануға;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
5) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс
орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай
келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген
мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұруға (тыйым
салуға);
6) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің,
арнаулы аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі
мен пайдаланылуына тыйым салуға;
7) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау
арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен
заттарды талдау жасау үшін алуға;
8) өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруге;
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау
беруден, білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету үшін жұмыс
берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беруге;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек
инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті
құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар
жіберуге;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге
қатысуға;
12) шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде белгіленетін айрықша
талаптардың орындалуына тексеру жүргізуге;
13) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі
бақылау жүргізуінің толықтығы мен дәйектілігін бақылауды жүзеге асыруға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды
жүзеге асыруға құқығы бар.
Ескерту. 330-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
331-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының міндеттері
Мемлекеттік еңбек инспекторлары:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге
асыруға;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы
және сапалы жүргізуге;
3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды
қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың
өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар
енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша
қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға;
5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды
анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде
ұсынымдар беруге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тергеп-тексеруге
қатысуға;
7) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды, қорытуды жүзеге
асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бұзылуының алдын алу жөніндегі
жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
8) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім
болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
мәліметтерді жария етпеуге;
9) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша
түсіндіру жұмысын жүргізуге;
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге
асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасуға
міндетті.
332-бап. Жұмыс берушінің мемлекеттік еңбек инспекторы
бақылау жүргізген кездегі құқықтары мен
міндеттері
1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына
мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
1) жүргізілген тексеру актілері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторына
түсініктемелер беруге;
2) егер жүргізілетін тексеру нысанасына қатысы болмаса, мәліметтер мен
құжаттарды бермеуге;
3) тексеру нәтижелері туралы актіге және мемлекеттік еңбек инспекторының іс-
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен шағымдануға құқылы.
2. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына
мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
1) мемлекеттік еңбек инспекторының тексерілетін объект аумағына және үй-
жайларына кедергісіз кіруін (болуын) қамтамасыз етуге;
2) тексеру жүргізетін мемлекеттік еңбек инспекторына және ұйым
қызметкерлерінің өкілдеріне тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін
қағаздағы және электрондық тасығыштардағы құжаттарды (мәліметтерді) не олардың
көшірмелерін беруге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес
автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне
мүмкіндік жасауға;
3) мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау үшін қабылдауға және
актінің екінші данасына оны алғаны туралы тиісті белгі жасауға;
4) тиісті мерзімдерде мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындау
жөнінде ақпарат беруге міндетті.
333-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері
1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың анықталуына қарай
мемлекеттік еңбек инспекторы мынадай актілер:
1) нұсқама:
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою
туралы;
жарақаттану қаупі бар және авариялық жағдайлардың туындауын болғызбау үшін
өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік процестердегі еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы;
жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен
жабдықтардың пайдаланылуына және тұтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны
тоқтата тұру) туралы нұсқама шығарады (жасайды). Бұл ретте ұйым қызметіне тыйым
салу (оны тоқтата тұру) туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы
қаулы;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады.
2. Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен лауазымды
адамдардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бұзушылықтарына
ықпал етудің құқықтық шаралары болып табылады. Актілер екі дана етіп жасалады, оның
біреуі қолы қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады.
3. Лауазымды адамдар, жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік еңбек
инспекторының актілерін орындауға міндетті.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган бекітеді.
Ескерту. 333-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.17.
N 188-IV
(қолданысқа
енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңымен.
334-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
сақталуын тексеру, олардың түрлері,
нысандары мен мерзімдері
Ескерту. 334-бап алып тасталды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа
енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
335-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын
мемлекеттік еңбек инспекторының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану
тәртібі
1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмыс берушінің құқықтары мен
заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторының
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен еңбек
жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға, жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға
және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік еңбек инспекторы немесе
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік еңбек
инспекторы төмен тұрған мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) немесе актілеріне жеке және (немесе) заңды тұлғалардың арызы
(шағымы) бойынша шешім шыққанға дейін оның актілерінің орындалуын тоқтата тұруға,
күшін жоюға не оларды кері қайтаруға құқылы.
Ескерту. 335-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңдарымен.
336-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясының басқа
мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара
іс-қимыл жасасуы
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы өз қызметін басқа мемлекеттік қадағалау және
бақылау органдарымен, қызметкерлердің өкілдерімен, қоғамдық бірлестіктермен, басқа
да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасаса отырып жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік органдар мемлекеттік еңбек инспекторына Қазақстан
Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі
міндеттерін атқаруына жәрдемдесуге міндетті.
337-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторының мемлекеттік
бақылауды жүзеге асыру кезіндегі жауапкершілігі
Мемлекеттік еңбек инспекторы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде өз
қызметтік міндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ өзге де
заңға қайшы әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасаған жағдайда Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
39-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ
ІШКІ БАҚЫЛАУ
338-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі ішкі бақылау
1. Ішкі бақылау еңбекті қорғауды басқару жүйесін құруды және енгізуді, еңбек
жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өндірістік бақылаудың
деректеріне жедел талдау жүргізуді, тәуекелдерді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау жөніндегі анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар
қабылдауды қамтиды.
2. Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша
жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
ішкі бақылауды жүзеге асырады.
Ескерту. 338-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
339-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыру тетігі
1. Қызметкерлерінің саны елуден асатын өндірістік қызметті жүзеге асыратын
ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі
бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші ұйымның тікелей бірінші басшысына
немесе ол уәкілеттік берген адамға бағынатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
қызметін құрады.
2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі туралы үлгі ережені
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді.
3. Қызметкерлерінің саны елуге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін
ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын
енгізеді не еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі
міндетті басқа маманға жүктейді.
4. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-
тармағында көрсетілген маман:
1) өндірістік, тұрмыстық және басқа да үй-жайларға кедергісіз кіруге және
қарауға;
2) қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымдардың құрылымдық
бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруларды болдырмау жөніндегі
алдын алу іс-шараларының әзірленуін және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне анықталған еңбек
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде шара қолдану
туралы орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы.
5. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қызметі немесе осы баптың 3-
тармағында көрсетілген маман:
1) ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі
мен себептерін талдауды жүргізуге және олардың алдын-алу іс-шараларын әзірлеуге;
2) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша ұйымның
қызметкерлерін оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
3) ұйымдарда өндірістегі жазатайым оқиғаларды зерттеп тексеру тәртібінің
сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 339-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
339-1-бап. Ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті
қорғау жөніндегі комитет (комиссия)
1. Жұмыс берушінің және (немесе) қызметкердің не олардың өкілдерінің
бастамасы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет
(комиссия) құрылады. Оның құрамына жұмыс берушінің өкілдері, кәсіподақ ұйымының
өкілдері немесе қызметкерлердің уәкілетті өкілдері тең құқылы негізде кіреді.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі комитет (комиссия) жұмыс
беруші мен қызметкерлердің еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік
жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен іс-қимылын
ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбектің
қорғалуына тексеру өткізуді және қызметкерлерді көрсетілген тексерулердің
нәтижелері туралы хабардар етуді, ұжымдық шарттың (келісімнің) еңбекті қорғау
туралы бөліміне ұсыныстар жинауды ұйымдастырады.
Ескерту. 39-тарау 339-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
40-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ
САҚТАЛУЫН ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
340-бап. Ұйымда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық
бақылау
1. Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық
бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған кезде қызметкерлердің
жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық
инспектор жүзеге асырады.
2. Қызметкерлердің республикалық, салалық, өңірлік бірлестіктері ұйымдарда
еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мұндай құқық келісімдерде және
ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайда жүзеге асырады.
341-бап. Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық
инспекторлардың құқықтары
Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектордың:
1) жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
нормативтік құқықтық актілерді, жұмыс берушінің ұйымдардағы жұмыс орындарында
қалыпты еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жасау жөніндегі келісімдерді,
ұжымдық шарттарды сақтауын қоғамдық бақылау арқылы жұмыс берушілер алдында
қызметкерлердің еңбекті қорғау құқықтарының қорғалуын жүзеге асыруға;
2) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге және мемлекеттік еңбек
инспекторлары жүргізетін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйін
кешенді тексерулерге қатысуға;
3) жұмыс берушілерден және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарынан өз
функцияларын атқару үшін қажетті, оның ішінде жазбаша түрде ақпарат пен
түсініктемелер алуға;
4) жұмыс берушілердің келісімдерде, ұжымдық шарттарда еңбекті қорғау
бөлігінде көзделген міндеттемелерді орындауын тексерулерді жүзеге асыруға және
тексеру қорытындылары бойынша лауазымды адамдардың атына анықталған бұзушылықтарды
жою туралы ұсыныстар енгізуге;
5) өндірістік объектілер мен өндіріс құралдарын сынақтан өткізу және
пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуға;
6) еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға,
оларға өз ұсыныстарын енгізуге;
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы
заңнамасының, еңбекті қорғау бөлігінде келісімдер мен ұжымдық шарттар ережелерінің
бұзылуына, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды жасыруға кінәлі
жұмыс берушілерді және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарын жауапқа тарту туралы
талаптармен тиісті мемлекеттік органдарға жүгінуге;
8) еңбек жағдайларының өзгеруіне, Қазақстан Республикасының еңбек
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамасының бұзылуына, келісімдерде
және ұжымдық шарттарда, сондай-ақ еңбек шарттарында көзделген міндеттемелердің
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде орындалмауына байланысты еңбек
дауларын қарауға қатысуға;
9) қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты жарақат алуы
немесе денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан келтірілген зиянды өтету
құқықтарын қорғау үшін әрі қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
құқықтарына қысым жасалған басқа да жағдайларда қызметкердің өтініші бойынша талап
қойып соттарға жүгінуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат
орталығы" ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |