254
2017-2019 жылдары 3
аудан орталығын (Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек) табиғи газбен
қамтамасыз ететін құны 3,6 млрд. теңгені құрайтын Жосалы және Тереңөзек кенттерінде
"Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырынан
газ құбыры-бұрыптары салынып,
автоматтандырыған газ тарату стансасы орнатылды.
Сонымен қатар, 2018-2019 жылдары Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және
Махамбет елді мекендерін, Қазалы
ауданындағы Қазалы қаласын, Жалағаш ауданындағы
Жалағаш кентін газдандыру жобалары әзірленді.
2019 жылы облыстың қалған 3 аудан орталығына
(Жосалы, Жалағаш, Тереңөзек)
кварталішілік газдандыру жобалары басталды. Осы мақсатта
республикалық және облыстық
бюджеттен 3,2 млрд.теңге бөлінді. Жобалар 2020 жылы жалғастырылады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша халықты газдандыру деңгейі 63% құрады.
2018 жылы 5 қазандықты қайта құру және газ отынына қайта жабдықтау аяқталды: Шиелі
кентінің 2 денсаулық сақтау нысаны, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының 1 нысаны,
Байқоңыр қаласының ОМО филиалы және Арал ауданының №83 орта мектебі, ал Қазалы
перзентханасының нысаны бойынша объектіні қабылдау 2020 жылы жүзеге асырылды.
Қызылорда облысында 2016 жылы
электр энергиясын үнемдеу бойынша 2016 - 2020
жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді.
Қазіргі уақытта облыста көшені жарықтандырумен 30%
жарықдиодты шамдар
ауыстырылды, бұл 12% электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: