Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


Парниктік газдар шығарындыларын азайту



Pdf көрінісі
бет53/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   243
1.7. Парниктік газдар шығарындыларын азайту. 
ПГ шығарындыларын азайту жөніндегі ұлттық міндеттемелер 
Қазақстан БҰҰ климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының (БҰҰ КӨНК), 
оған Киото хаттамасының және 2021 жылдан бастап Киото хаттамасын ауыстыратын Париж 
келісімінің тарапы болып табылады. 
Киото хаттамасы шеңберінде Қазақстан 2020 жылға қарай ЖЖӨОШ секторында 
эмиссиялар мен сіңірулерді есепке алмағанда парниктік газдар шығарындыларын (ПГ) базалық 
1990 жылғы шығарындылардың 95% деңгейінде ұстап тұру міндеттемесін қабылдады
84
.
Париж келісімі шеңберінде 2015 жылы Қазақстан БҰҰ КӨНК хатшылығына өзінің 
болжамды ҰДАҮ (ұлттық деңгейде айқындалатын үлес) ұсынып, 2030 жылға қарай ПГ 
шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15%–ға қысқартуға, ал сыртқы көмек (жаңа 
технологияларды беру түрінде) және қолайлы экономикалық ахуал жағдайында-көрсеткішті "-
25%-ға дейін жеткізуге дайындығын білдірді. 
Париж келісімін ратификациялағаннан және ол күшіне енгеннен кейін Қазақстан бұрын 
мәлімделген болжамды ҰДАҮ растады
85

Ағымдағы жағдай және нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу 
«1990-2018 жылдар кезеңінде Монреаль хаттамасымен реттелмейтін көздерден 
антропогендік шығарындылар кадастры және парниктік газдар сіңіргіштері абсорбциясы 
туралы ҚР ұлттық баяндамасына» сәйкес
86
, 1990 жылы парниктік газдардың жалпы ұлттық 
шығарындылары ЖЖӨОШ есепке алмағанда СО
2
-экв 401,9 млн.тоннаны, 2018 жылы - 396,6 
млн.тонна СО
2
-экв. құрады (яғни 1990 жылғы деңгейден 1,3% төмен болды).
1990 жылы ПГ 
нетто-эмиссиясы (ЖЖӨОШ есепке алғанда) СО2-экв 386,3 млн.тоннаны, ал 2018 жылы-401 
885,9 мың тонна СО2-экв. құрады (яғни, 1990 жылғы деңгейден 4,05%-ға асып түсті). 
1990-2018 жылдардағы ҚР ПГ шығарындыларының динамикасы (1.7.1-сурет) елдің ЖІӨ 
динамикасымен жақсы үйлеседі. 1996 жылға дейін өтпелі кезеңнің экономикалық 
құлдырауына байланысты ПГ шығарындылары көлемінің үдемелі және қарқынды төмендеуі 
байқалды.
1997 жылдан 2000 жылға дейін біз экономика жақсара бастаған кезде «терең 
экономикалық депрессия» кезеңіндегі ауытқуларды көреміз. Ал 2001 жылдан бастап 
Қазақстан экономикасы сыртқы экономикалық дағдарыстардың әсерін бастан өткерген 
жылдарды қоспағанда, ПГ шығарындыларының үдемелі ұлғаю кезеңі байқалады. 
84
ЖЖӨОШ - жерді пайдалану, жерді пайдаланудағы өзгерістер және орман шаруашылығы 
85
Қазақстан Париж келісімін 2016 жылы ратификациялады. Сол жылы Париж келісімі күшіне енді 
86
Жалпыға бірдей белгіленген CRF форматындағы деректер кестелерімен ұлттық баяндамаларды жыл 
сайын "Жасыл даму" АҚ дайындайды және БҰҰ КӨНК хатшылығына беру үшін ҚР экология, геология 
және табиғи ресурстар министрлігіне 15 сәуірге дейін беріледі. Барлық ұлттық баяндамалар мен CRF 
кестелері БҰҰ КӨНК Хатшылығының сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді 
https://unfccc.int/ghg-inventories-annex-i-parties/2020. 2019 жылғы деректер 2021 жылғы 15 сәуірге 
дайын болады. Қазіргі уақытта 1990-2018 жылдардағы деректер қол жетімді. 


100 
-50000
0
50000
100000
150000
200000
250000
300000
350000
400000
450000
1990
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет