Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі


ТДМ-ға қол жеткізудің проблемалары



Pdf көрінісі
бет71/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   243
ТДМ-ға қол жеткізудің проблемалары.
Биоалуантүрлілікті сақтау 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму 
саласындағы күн тәртібінің 14 және 15-мақсаттарына тікелей қатысты (1.8.9-кесте).
Қазақстанның мұхитқа шығатын жолы жоқ және Қазақстанда халықаралық заң 
мәртебесінде теңіз аудандары жоқ. Каспий теңізі құрлықішілік су қоймасы болып табылады 
және әлемдік мұхитпен байланысы жоқ. Оның мәртебесі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі 
туралы бес Каспий маңы мемлекетінің Конвенциясымен анықталған. Дегенмен, көптеген 
географиялық сипаттамалар бойынша Каспий теңізінің құрлықішілік ірі су айдыны ретінде 
теңіз белгілері бар. Сондықтан Қазақстанда 14-мақсаттың 14.5-міндеті бағалануы мүмкін. 
Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық аймағы құрылды, 
оның аумағы (662630 га) теңіз аудандарының жалпы ауданының 10%-ынан асады (14.5.1-
көрсеткіш). Алайда, бұл ЕҚТА-ның заңды тұлға мәртебесі жоқ және күзет режимі бойынша 
ЕҚТА үшін ЕҚТА-ның ХТҚО өлшемшарттарына жеткілікті сәйкес келмейді. Осы қорық 
аймағы шегінде мұнай мен газ өндіру, балық кәсіпшілігі, теңіз тасымалы және т.б. 
шаруашылық қызмет жүргізілуде. 
Қазгидрометте Каспий теңізі су сапасының басқа параметрлерімен қатар «сынамаларды 
іріктеудің репрезентативтік станцияларының (Каспий теңізі) келісілген тобында өлшенетін 
теңіз сутегі көрсеткішінің (pH) мәні» орташа қышқылдық көрсеткіші бағаланады, бұл 14.3-
міндетке сәйкес келеді (мұхиттың тотығуының салдарын азайту және жою, оның ішінде 
барлық деңгейлерде ғылыми ынтымақтастықты дамыту арқылы азайту және жою). Бұл 
көрсеткіштің мәні әзірше Каспий теңізіндегі судың қышқылдануына қауіп төндірмейді.
Сонымен қатар, Қазақстанда мыналар бақыланбайды:
- 14.2 міндетінің 14.2.1 көрсеткіші;
- 14.4 міндетінің 14.4.1 көрсеткіші;
- міндетінің 14.6.1 көрсеткіші;
- 14.7 міндетінің 14.7.1 көрсеткіші;
- 14.a міндетінің 14.а.1 көрсеткіші;
- 14.b міндетінің 14. b.1 көрсеткіші;
- 14.c міндеттің 14.с.1 көрсеткіші
Алайда, соңғы көрсеткіш Қазақстанға қатысты болмауы да мүмкін.
15-мақсаттың 15.1 міндетін шешу үшін Қазақстанда "құрлықтың жалпы ауданына 
пайыздық қатынаста ормандардың ауданы" көрсеткіші және "жалпы аумақтан ЕҚТА үлесі" 
көрсеткіші бақыланады. Бұл көрсеткіштер әлемдік орташа деңгейге жету үшін оң динамикада, 
бірақ жеткіліксіз. 
Қазақстан үшін қиындықтар қорғалатын ормандар үлесінің пайыздық ұлғаюында болып 
отыр. Су-батпақты алқаптар мен ЕҚТА Қазақстан аумағының ауқымында. Тіпті, оындалып 
жатқан айтарлықтай күш-жігердің өзінде де Қазақстанға Айтиде қабылданған №11 мақсатты 
міндетке (жер үсті және ішкі су аудандарының кемінде 17%) қол жеткізу қиынға соғады. 
Экожүйелердің түрлері бойынша бөлудегі биологиялық әртүрлілік тұрғысынан маңызды 
құрлық аудандары мен тұщы су аудандарының үлесі (15.1.2-көрсеткіш) деректердің болмауына 
байланысты (мысалы, экожүйелердің әрбір түрі мен олардың аудандары үшін осындай маңызды 
аудандарды анықтай отырып, оларды түгендеу деректері) тиісті түрде бағалануы мүмкін емес. 
Табиғи экожүйелердің әртүрлі типтерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен қамту біркелкі 
емес, ал бірнеше негізгі экожүйелер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесінде өте нашар 
108
Қазақстанның экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж 


137 
ұсынылған. Бұдан басқа, экожүйелердің бірнеше түрі заңды тұлға мәртебесі бар неғұрлым 
пәрменді қорғалатын табиғи аумақтармен қамтылмаған. Демек, 15.1-міндетті шешу үшін 
Қазақстанда ұсынылған барлық табиғи экожүйелерді, атап айтқанда, таулы, орман, шөл және 
сулы-батпақты экожүйелерді жеткілікті дәрежеде қамту үшін ерекше қорғалатын табиғи 
аумақтардың мемлекеттік желісін кеңейту талап етіледі. 
15.2 міндетін шешу үшін «жыл сайынғы отырғызу көлемі» көрсеткіші қадағаланады, ол 
есептің шешімін толық көрсету үшін орман жамылғысының жыл сайынғы жоғалуымен 
салыстырғанда жүргізілуге тиіс.
15.4 міндетін (2030 жылға қарай тау экожүйелерін, оның ішінде олардың биоәртүрлілігін 
тұрақты даму үшін қажетті игіліктер беру қабілетін арттыру үшін сақтауды қамтамасыз ету) 
шешу үшін «тау ормандарының алаңы» көрсеткіші бақыланады, бірақ тау ЕҚТА көрсеткіштері 
мен тау өсімдіктерінің индексі жоқ. Тау-кен биоәртүрлілігі үшін маңызды учаскелерді ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтармен қамту (15.4.1-көрсеткіш) тау-кен биоәртүрлілігі үшін маңызды 
болып саналатын учаскелердің жалпы алаңын бағалаудың болмауына байланысты тиісті түрде 
есептеу мүмкін емес. Осыған ұқсас, таудың өсімдік жамылғысының индексі (15.4.2-көрсеткіш) 
Қазақстанның барлық таулы аудандарында орман жамылғысының жалпы ауданы анықталғанға 
дейін есептелмейді (ол үшін таулы аудандарды нақты анықтау және олардың шекараларын 
белгілеу қажет). Дегенмен, 15.4-міндет әлі де белгіленген мерзімде іске асырылуы мүмкін.
15.5 міндетін шешу үшін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен 
өсімдіктер түрлерінің тізбесі бар, алайда осы тізбенің жылдар бойынша өзгеру көрсеткіштері 
жоқ. Бұдан басқа, Қазақстанның Қызыл кітабы ХТҚО сирек кездесетін және жойылып бара 
жатқан түрлеріне арналған өлшемдер бойынша бағаланбаған. Қызыл тізімнің индексін 
есептеу үшін топтағы барлық түрлер ХТҚО Қызыл тізімі үшін кем дегенде екі рет бағалануға 
тиіс, демек, есептеу үшін ХТҚО критерийлерін пайдалана отырып, кем дегенде екі Ұлттық 
Қызыл тізімнің басылымын дайындау талап етіледі. ХТҚО халықаралық бағаларына сәйкес, 
Қазақстанда мекендейтін өсімдіктердің 16 түрі мен жануарлардың 66 түрі жойылу нәтижесінде 
әлемде толық жойылып кету қаупі төніп тұр, бұл осы бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер 
жүргізудің және жоғарыда көрсетілген түрлерге ерекше назар аударған кезде биоалуантүрлілік 
мониторингінің, сондай-ақ осы түрлерді сақтаудың арнайы ұлттық бағдарламаларын 
өзектілендірудің немесе қабылдаудың бірінші кезектегі басымдығын көрсетеді. Сол сияқты 
алдын ала ХТҚО «деректер жеткіліксіз» санатына жатқызылған Қазақстанда ғана кездесетін 
эндемиялық түрлерге де қатысты. Олай болмаған жағдайда, 15.5 міндеті ешқашан іске 
асырылмайды.
109
Қазақстанда келесі көрсеткіштер жоқ:
- 15.3 міндетінің 15.3.1-көрсеткіші. Әр биогеографиялық аймақтағы деградацияға 
ұшыраған жерлердің ауданын жалпы жер көлемінің пайызы ретінде дұрыс бағалау үшін 
мәліметтер жеткіліксіз. Атап айтқанда, тозған жайылымдар жайылымдардың жалпы алаңының 
шамамен 15%-ын құрайды;
- 15.6 міндетінің 15.6.1-көрсеткіші. Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді реттеу және 
оларды КБР қолданудан түскен пайданы әділ және тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу 
Нагой хаттамасы 2018 жылғы 15 қаңтардағы аралық Ұлттық баяндамаға сәйкес Қазақстан үшін 
2015 жылғы 15 қыркүйекте күшіне енді. Қазақстан әзірше генетикалық ресурстарға қол 
жеткізуге және пайданы бірлесіп пайдалануға қатысты қандай да бір заңнамалық, әкімшілік 
немесе директивалық шараларды (15.6.1-көрсеткіш) қолданған емес, бұл 15.6-міндетті шешу 
үшін қажет;
- 15.7 міндетінің 15.7.1-көрсетіші. Заңсыз жиналған немесе браконьерлік жолмен 
ауланған ерекше қорғалатын флора мен фауна түрлері дарақтарының саны туралы шынайы 
деректерді көрсететін ресми статистика жоқ. Не дегенімен, заңнаманы бұзу жағдайларының 
(атап айтқанда, браконьерлікті) саны үнемі төмендеп отырады;
- 15.8 міндетінің 15.8.1-көрсеткіші. Қазіргі уақытта бөтен текті инвазивті түрлер 
мониторингінің тиісті мемлекеттік бағдарламалары жоқ, бұл 15.8-міндетті шешу жолында аса 
109
Қазақстанның экологиялық қызметінің нәтижелілігіне үшінші шолу. БҰҰ ЕЭК. 2018 ж. 


138 
қажетті келесі қадам болып табылады;
– 15.9 міндетінің 15.9.1 көрсеткіші;
- 15.а. міндетінің 15.а,1 көрсеткіші;
- 15.b. міндетінің 15.b.1 көрсеткіші;
- 15.с міндетінің 15.с.1 көрсеткіші. 
ТДМ-ға қол жеткізудегі прогресті тек аталған міндеттерді шешуге ғана емес, сондай-ақ 
тірі табиғат жағдайының қадағаланатын және өзге де көрсеткіштері мен индикаторларының 
мониторингіне бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізусіз тиісті түрде бағалау мүмкін емес.
1.8.9-кесте. Климаттың өзгеру мәселелеріне байланысты ТДМ-ға қол жеткізу 
проблемалары
ТДМ мақсаттары мен 
міндеттері 
Халықаралық 
көрсеткіштер 
Қазақстандағы 
көрсеткіш 
Қол жеткізу 
проблемала
рының 
болуы 
Көрсеткіштерді 
жүргізу 
қажеттілігі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет