Электрменжабдықтау. "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС Маңғыстау облысындағы
барлық тұтынушылар үшін жалғыз энергия өндіруші кәсіпорын және энергиямен жабдықтаушы
ұйым болып табылады. Облыстың қалалары мен аудандарында электр энергиясын тасымалдау
"Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы" АҚ ("МЭБК" АҚ), Ақтау қаласы бойынша –
"АЭжБУ" МКК электр желілері бойынша жүзеге асырылады. Облыстың қалалары мен
аудандары бойынша электрмен жабдықтауды мемлекеттік коммуналдық ұйымдар жүзеге
асырады.
"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС құрамына ЖЭО-1 және ЖЭО-2 екі жылу электр
орталығы, ЖЭС бір конденсациялық электр станциясы кіреді.
"МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС электр станцияларының белгіленген электр қуаты 1330
МВт, жұмыс қуаты-735,8 МВт құрайды. Сонымен қатар, кәсіпорын Ақтау қаласы мен оның
жақын аудандарын ауыз сумен және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Облыс бойынша
электрмен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 11349,27 км құрайды.
Өңірдің қарқынды дамуына байланысты жыл сайын электр энергиясын тұтыну артып
келеді және оның өндірісінің тапшылығы 2020 - 2022 жылдары басталуы мүмкін.
Өңірдің энергетикасын дамыту мақсатында Маңғыстау облысында қолданыстағы
генерациялайтын көздерді қайта құрудың және жаңаларын салудың орындылығын анықтау
бойынша техникалық-экономикалық зерттеулер (ТЭА) әзірленді. ТЭА зерттеулеріне сәйкес
қуаты 250 МВт бу-газды энергия блогын (ПМУ) салу қажеттілігі анықталды. "МАЭК-
Қазатомөнеркәсіп" ЖШС алаңында қуаты 250 МВт бу-газ қондырғысын (ПМУ) салу "ТЭН
бойынша "Мемсараптама"РМК-ның сараптамалық қорытындысы бар. Әлеуетті жеткізуші-
инвесторлардан ПМУ-250 МВт салу бойынша ұсыныстар нұсқалары қарастырылуда.
Өңірде энергия тапшылығын жабудың басқа мүмкіндігі жаңартылатын энергия көздерін, бірінші кезекте, жел энергиясын пайдалану болуы тиіс. Түпқараған ауданы жел
электр станцияларын салу үшін перспективалы аумақ болып табылады. Форт-Шевченко қаласы
жоғары жел жүктемелерінің аймағында орналасқан, бұл үлкен ауқымда электр энергиясын
өндіру үшін жел энергетикасын пайдалануға мүмкіндік береді.
2017-2019 жылдары барлығы жалпы қуаты 50,6 Мвт болатын 3 жоба іске асырылды:
- Батыр ауылы ауданындағы КЭС, 2 МВт ("Групп Индепендент" ЖШС»);
- Форт-Шевченко қаласындағы ЖЭС, 43,6 МВт, ("КТ Сирек металл компаниясы"
Бірлескен кәсіпорны " ЖШС»);
- Ақшұқыр ауылындағы ЖЭС, 5 МВт ("БЕСТ-Групп НС" ЖШС).
260
Іске асыру сатысында:
- Қарақия ауданындағы ЖЭС, 10 МВт ("ЖЭС Жаңғыз" ЖШС»);
- Қарақия ауданындағы ЖЭС, 5 МВт ("ЖЭС Сервис" ЖШС).