Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі



Pdf көрінісі
бет177/243
Дата03.10.2022
өлшемі4,19 Mb.
#41149
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   243
2017 - 2019 жылдары стационарлық желілердің бақылау деректері бойынша Ақтау 
қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейі жоғарылау деп бағаланды. ИЗА 5 - 7 
(жоғарылау деңгей) құрайды. Қалқыма бөлшектер РМ10 бойынша СИ = 8 – 22,3 (жоғары және 
өте жоғары деңгей) және НП = 1 - 2% (жоғарылау деңгей).  
Жаңаөзен қаласының атмосфералық ауасының ластану деңгейі төмен деп бағаланды.  
ИЗА 1 - 5 (төмен және жоғарылау (2018 жылы) деңгей) құрайды, СИ = 3,6 - 4 (жоғарылау 
деңгей) және НП 0 - 3% (төмен және жоғарылау (2018 жылы) деңгей) тең.
Бейнеу кентінің атмосфералық ауасының ластану деңгейі төмен деп бағаланды. ИЗА 2 - 7 
(жоғарылау және жоғары (2018 жылы) деңгей), СИ = 4,2 - 9 (жоғары деңгей), НП = 0 - 3% 
(жоғарылау деңгей) құрайды.
Ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемі 2019 жылы 64,5 мың тоннаны 
құрады. Шығарындыларды азайту үшін облыстың барлық энергия көздері: "МАЭК-
Қазатомөнеркәсіп" ЖШС және басқа да жылу электр станциялары, вахталық кенттердің және 
кәсіпорындардың барлық елді мекендерінің қазандықтары, Әлеуметтік және жеке тұрғын үй 
объектілерінің қазандықтары табиғи газға ауыстырылды. 
Бұдан басқа, 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газ баллонды жүйелермен барлық 
тіркелген 166005 автомобильдің 88513 бірлігі немесе облыстың барлық автокөліктерінің 53,3% 
қамтылды. 
Осындай жұмыстардың нәтижесінде Ақтау республиканың ең таза қалаларының біріне 
айналды.
Сонымен қатар, 2018 жылы Департамент "Каспий битум" ЖШС-мен "онлайн"режимінде 
өнеркәсіптік кәсіпорындарда зиянды заттардың шығарылуын бақылау жүйесін енгізу 
мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Нәтижесінде, Департаментпен келісілген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар 
жоспары бойынша "Каспий битум" ЖШС осы жүйені енгізуге 45 миллион АҚШ доллары 
бөлінді. Жұмыстарды аяқтау 2020 жылға жоспарланған.
Қазақстан Экологиялық кодексінің 20-бабының 7-тармағына және Қазақстан 
Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №145 бұйрығымен бекітілген 
"Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін анықтау Ережесіне" сәйкес "Маңғыстау 
облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері" әзірленді.
Сондай-ақ еркін онлайн-қолжетімді экологиялық мониторинг жүйесін дамыту және 
"Маңғыстау облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне" қол жеткізу 
үшін аса өткір экологиялық проблемалардың тізбесі бекітілді және орындау үшін жауапты 
органдарға жіберілді.
Орта Каспийдің теңіз суының сапасын бақылау келесі жағалаудағы станцияларда және 
ғасырлық разрездерде жүргізілді: Форт-Шевченко, Фетисово, Қаламқас, Кендірлі-Дивичтер (3 


263 
нүкте), Песчанный-Дербент (3 нүкте), Маңғышлақ-бауыры (3 нүкте), "ММГ" АҚ 
жағалауындағы бөгет акваториясы (3 нүкте), Құрық кентінің ауданы (3 нүкте), орта және 
Оңтүстік Каспий шекара маңы аумағы (3 нүкте), "Ақтау теңіз порты" АЭА (4 нүкте), 
Қаражанбас, Арман кен орындары.
2017 жылы КИЗВ бойынша орта Каспийдегі су сапасы "нормативтік таза" ретінде 
сипатталады. 2016 жылмен салыстырғанда су сапасы өзгерген жоқ.
146
2018 жылы КИЗВ бойынша орта Каспийдегі су сапасы "нормативтік таза" ретінде 
сипатталады. 2017 жылмен салыстырғанда су сапасы өзгерген жоқ.
147
2019 жылы Бірыңғай сыныптама бойынша Маңғыстау облысының аумағындағы Каспий 
теңізі суының сапасы нормаланбайды (>5-класс)
148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет