65
Шлактар пайда болған кейбір өнеркәсіптік кәсіпорындар
тау-кен жұмыстарынан
шахталық қуыстар мен құлау аймақтарын төсеу үшін қолданылады және өнеркәсіптік
қалдықтар полигонына орналастырылады. Сондай-ақ, түйіршіктелген домна шлагы жолдарды
салу және қайта құру кезінде қолданылады.
Тау-кен өнеркәсібінің қалдықтарын қайта пайдалану, қайта
өңдеу және кәдеге жарату
деңгейі төмен болып табылады (10%-дан аспайды). Техногендік минералдық түзілімдер
үйінділерге жыл сайынғы түсімнің 2-3% мөлшерінде пайдаланылады. Осылайша, жинақталған
және пайда болған қалдықтардың барлық түрлерін тиімді пайдалану үшін айтарлықтай іске
асырылмаған мүмкіндіктер бар.
Радиоактивті қалдықтар
Қазақстанның
радиоактивті қалдықтарды құрайтын атом өнеркәсібі бар. Саланың бас
операторы – «Қазатомпром», ол кенді өндіру, қайта өңдеу және ядролық реакторларға арналған
уран отын таблеткаларын өндіретін «Үлбі металлургиялық зауыты» ААҚ объектісінің
жұмысын ұйымдастыруға жауап береді. «Қазатомпром» сондай-ақ Ақтау қаласында орналасқан
БН-350 ядролық реакторын пайдаланудан шығаруды қамтамасыз етті.
Ғылыми-зерттеу
қызметін Ядролық физика институты мен Ұлттық ядролық орталық жүргізеді, оларда жұмыс
істеп тұрған үш реактор және радиоактивті заттар мен қалдықтардың қоймасы орналасқан.
Пайдаланылатын бес ядролық реактор жоғары және орташа белсенді қалдықтардың пайда
болуының басты көзі болып табылады.
Иондаушы сәулелену көздерін басқа пайдаланушылардың қатарына медициналық
мекемелер, зертханалар,
өнеркәсіптік кәсіпорындар, сондай-ақ мұнай және металлургия
компаниялары кіреді. Олар 15000 радиоактивті сәулелену көздерін пайдаланады.
Радиоактивті қалдықтар әртүрлі нысандарда – кен қалдықтарынан, сарқынды сулардан
және ағып кетулерден,
қалдық қоймалардан, ядролық қызмет қалдықтарынан, пайдаланылған
отыннан және энергетикалық және зерттеу реакторларын пайдалану және пайдаланудан
шығару нәтижесінде пайда болатын басқа да қалдықтардан,
пайдаланылған герметикалық
көздер мен радиоизотоптарға дейін пайда болады.
«Байкал-1» радиоактивті қалдықтардың бас қоймасы бұрынғы Семей ядролық сынақ
полигонында орналасқан. Ол пайдаланылған көздерді герметикалық қабықта 1995 жылы
қабылдай бастады және 50 жылға есептелген. 2017 жылдың соңындағы жағдай бойынша
темір-бетон модульдерінде ұзақ уақыт сақтауға жалпы белсенділігі 3*10
15
Бк герметикалық
қабықта 40000-нан астам көздер түсті.
Құрамында уран бар өндіріс қалдықтарын жинақтағышта Маңғыстау облысы Ақтау
қаласының маңындағы табиғи ағынсыз ойпатта орналасқан «Қошқар-Ата»
қалдық
қоймасында 115 млн.тонна уытты және радиоактивті қалдықтар орналастырылған. Қойманың
ауданы бойынша 77,18 км
2
әлемде баламасы жоқ. Орналастырылған қалдықтардың жалпы
ауданы 66 км
2
құрайды, жағажайлардың ауданы қазіргі уақытта шамамен 50 км
2
құрайды
және су фазасының деңгейін төмендету процесі жалғасуда. Қазіргі уақытта радиоактивті
қалдықтарды қалдық қоймаға көму жүргізілмейді. Қалдық қоймасын қалпына келтіру
қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: