89
2018 жылы республиканың ауа бассейніне қорғасын және оның қосындылары 241,5 тонна,
марганец және оның қосындылары-147,7 тонна, мыс тотығы – 32,3 тонна, күкірт қышқылы –
531,4 тонна, күшән – 41,6 тонна, хлор – 41 тонна, сынап – 180 килограмм сияқты ерекше
ластаушы заттар түсті. Осы заттардың нақты шығарындысы 2017 - 2018 жылдары белгіленген
шекті рұқсат етілген шығарындылар (ШРШ) көлемінен аспады.
2019 жылы республиканың ауа бассейніне құрамында 390
тонна қорғасын және оның
қосылыстары, марганец және оның қосылыстары – 200,6 тонна, мыс оксиді – 366,2 тонна,
күкірт қышқылы – 430,4 тонна, күшән – 13,8 тонна, хлор – 49,6 тонна, сынап – 186 килограмм
сияқты ерекше ластаушы заттар түсті. Осы заттардың нақты шығарылуы белгіленген шекті
рұқсат етілген шығарындылар (ШРШ) көлемінен аспады
.
Негізгі шығарындылар электр энергетикасына (көмір ЖЭС), тау-кен металлургия
секторына және мұнай өндіруге келеді.
Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл–ауқатының
өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру
жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының 2018
жылғы 12 қазандағы №772 Жарлығымен бекітілген Жалпыұлттық
іс-шаралар жоспарының
(бұдан әрі-ЖҰЖ) 57-тармағын орындау үшін жергілікті атқарушы органдар қоршаған орта
сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлейді (ҚОСНК). 2019 жылдың соңында ҚОСНК Нұр-
Сұлтан, Шымкент қалалары мен Ақмола облысын қоспағанда, 14 өңірде бекітілді.
ҚОСНК-ге қол жеткізу үшін әкімдіктер жұртшылықпен бірлесіп, өткір тұрған
экологиялық проблемаларды шешуді ескере отырып, ҚОСНК-ге қол жеткізу жөніндегі шаралар
кешенін әзірлейді. 2020 жылдың басында шаралар кешені 13 өңірде (Алматы қаласы, Ақтөбе,
Алматы, Атырау,
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда,
Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары) бекітілді.
Қалған
өңірлерде іс-шаралар кешенін әзірлеу жұмыстары жалғасуда.
Экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспарларды барлық әкімдіктер
бекітті, оған атмосфераға ластаушы заттардың эмиссиясын қысқарту, «жасыл белдеуді»
дамыту, көгалдандыру және абаттандыру, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, су
ресурстарын реттеу,
жер ресурстарын қорғау, қоршаған ортаның жағдайын мониторингілеу,
ақпараттық жұмыс бөлімдері кірді.
Кәсіпорындар жыл сайын тиімді технологияларды енгізу есебінен қоршаған ортаға түсетін
жүктемені азайту бойынша табиғатты қорғау іс-шараларын іске асырады. ЭГТРМ деректері
бойынша жіберілген қаражаттың жалпы көлемі 2008 жылғы 91,3 млрд. теңгеден 2017 жылы 123
млрд. теңгеге дейін, 2018 жылы 161,0 млрд. теңгеге дейін және 2019 жылы 172 млрд. теңгеге
дейін ұлғайды (1.6.3-сурет).
2008
2013
2018
0,0
50,0
100,0
150,0
200,0
Достарыңызбен бөлісу: