92
Ақмола облысы
58
Ақтөбе облысы
77
Алматы облысы
44
Атырау облысы
26
Батыс Қазақстан облысы
28
Жамбыл облысы
25
Қарағанды облысы
115
Қостанай облысы
37
Қызылорда облысы
67
Маңғыстау облысы
199
Оңтүстік Қазақстан облысы
208
Павлодар облысы
46
Солтүстік Қазақстан облысы
60
Шығыс Қазақстан облысы
22
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 797 Қаулысымен бекітілген табиғи газды
мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту жөніндегі 2019 – 2022 жылдарға арналған іс-
шаралар жоспарында моторлы отын ретінде сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи
газды пайдалануға арналған автобустар мен арнайы автомобильдерді жаңарту, сондай-ақ
автогаз толтыру компрессорлық станцияларын және (немесе) криогендік автомобиль құю
станцияларын салу бойынша нысаналы көрсеткіштер тек Қазақстанның газдандырылған
өңірлері үшін көзделген.
Қазақстанда
электромобильдер өндірісі 2016 жылдан бастап шағын партиялармен жүзеге
асырылады. 2016 жылы – 10 бірлік, 2017 жылы – 15 бірлік, 2018 жылы-14 бірлік Қазақстанда
барлығы 39 бірлік шығарылды.
Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметтері бойынша 2019 жылғы 1
наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында электр қозғалтқыштары бар 696
автомобиль тіркелген.
JAC iEV7s электромобилінің бірінші сериялық өндірісін іске қосуға дайындалуда (қазіргі
уақытта JAC iEV7s электромобильдерінің үлгілері РФ НАМИ автополигонында
сертификаттық сынақтардан өтуде). Көлік құралының түрін мақұлдағаннан кейін өндірістің
бірінші жылында JAC iEV7s электробильдерін 200 бірлікке дейін өндіру жоспарлануда.
«АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорны KIA Soul EV, LADA VESTA EV электромобильдерін
өндіруді игерді. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыра отырып, «АЗИЯ АВТО» АҚ тәжірибелік
үлгілерге сынақ жүргізді және оларды сертификаттады. Қазіргі уақытта электромобильдер
автосалондарда орналастырылған, сұраныс болған жағдайда Lada VESTA EV электромобиль
өндірісі іске қосылады.
Бұдан басқа, қазіргі уақытта отандық автоөндірушілер баламалы отынмен жүретін
автобустар өндірісін игерді. Айталық, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС 2016 жылдан бастап 2018
жылға дейін 20 гибридті автобус, 79 автобус шығарылды. Urbanway гибридті автобустар соңғы
буынды литий-ионды аккумуляторы бар, Euro VI Іштен жану қозғалтқышы бар электр
тартқыш жүйесін біріктіреді. Электр қоректендіруді басқарудың интеллектуалды жүйесі
қозғалыс кезінде отын тұтынуды және шығарындыны оңтайландырады, ал артық тежеу
энергиясы сақтау жүйесінде қалады.
Достарыңызбен бөлісу: