Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
6) педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының дербестігін, дербестігін кеңейту, білім беруді
басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру
сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеретін
қажеттіліктеріне тез бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын,
оның ішінде кредиттік, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу
және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқыту, жұмыс орны бойынша оқыту және еңбек нарығының
қажеттіліктері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге
білім мен құзыреттілікке негізделген қоғамда өзінің жеке әлеуетін барынша
пайдалануға көмектесетін өмір бойы оқыту жүйесін дамыту;
11) білім беруді, ғылымды және өндірісті интеграциялау;
12) білім алушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді
өзара іс-қимыл жасау арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық
дамуын қамтамасыз ету;
14) білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы
жағдайлар жасау болып табылады.
6. ТжКБ ұйымдары өз қызметін Қазақстан Республикасының
Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға және
ТжКБ ұйымдарының жарғыларына сәйкес «Білім туралы» Заңның 41-
бабына сәйкес жүзеге асырады.
7. ТжКБ ұйымдары бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларын іске
асыратын және білім алушыларға білім мен тәрбие беруді қамтамасыз ететін
заңды тұлғалар болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: