Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
алу қажеттіліктерін бағалау жүргізіледі. Білім алушылардың ерекше білім
берілуіне қажеттіліктерін бағалауды педагог, психолог, логопед, педагог-
дефектолог, клиникалық педагог жүзеге асырады
9. Білім алушыларды басқа арнайы білім беру ұйымдарына ауыстыру
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі –
ПМПК) қорытындысы мен ұсынымының негізінде ата-аналарының (заңды
өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады.
10. Әлеуметтiк-тұрмыстық бағдары бойынша факультативтiк сабақтар
өткiзу кезiнде сынып педагогикалық кеңестің шешімімен екi топқа бөлiнедi.
Қоғамға пайдалы өндiргiш еңбектi ұйымдастыру кезiнде бесінші сыныптан
бастап, білім алушылардың еңбекке даярлығы бейiнiн ескере отырып, сынып
топтарға бөлінеді.
Кәсіби-еңбекке үйрету жөнiндегi сабақтар үшін сыныптар, бесінші
сыныптан бастап, ал ақыл-ой кемістігі бар балалар үшiн төртінші сыныптан
бастап екi топқа бөлiнедi.
11. Арнайы білім беру ұйымдарында дәрі-дәрмекпен және физиотерапевтік
емдеу, климатотерапия және шынықтыру, емдік дене шынықтыру, массаж және
психотерапия жүргізіледі.
12. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. Білім
беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық, қамқоршылық және
әдістемелік кеңестер болып табылады.
13. Арнайы білім беру ұйымдары жергілікті жағдайларға байланысты
қосалқы шаруашылықтар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу-өндірістік
шеберханалар құрады.
Достарыңызбен бөлісу: