Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата
редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк
нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2022 жылғы 3 тамыздағы
№ 348 бұйрығына
5-қосымша
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖБС) «Білім туралы»
Қазақстан Республикасы
Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және
оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең
жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, техникалық және
кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі – ТжКБ білім беру
бағдарламалары) бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды.
Осы МЖБС-ны меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ ұйымдары), оның ішінде әскери,
арнаулы оқу
орындары (бұдан әрі – ӘАОО) және ТжКБ білім беру бағдарламаларын
әзірлеушілер қолданады.
2. МЖБС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) ӘАОО-ның компоненті – білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ӘАОО
өз бетінше айқындайтын оқу пәндердiң тізбесі мен академиялық кредиттердiң
тиiстi ең аз көлемi;
2) әскери тағылымдама – болашақ кәсіби қызметпен байланысты
функционалдық міндеттерді орындау процесінде теориялық білімді, білікті
бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға
бағытталған әскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің түрі.
3) базалық құзырет – білім алушының жеке, әлеуметтік және кәсіби
қызметіне
қажетті білімнің, біліктің және дағдылардың жиынтығы;
Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
4) базалық модуль – білім алушының базалық құзыреттерін қалыптастыруға
бағытталған білім беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық
элементі;
5) білім алушының жеке компоненті – жобалау
жұмысы арқылы біліктілікті
меңгерудің практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталған білім беру
бағдарламасының бөлігі;6) білім беру ұйымының таңдау компоненті – WorldSkills
стандарттарын ескере отырып, өңірлік даму жоспарына, жұмыс берушілердің
талаптарына сәйкес білім беру ұйымы анықтайтын модульдер және(немесе)
пәндер тізбесі;
7) демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби
құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе
қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;
8) дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың ТжКБ білім беру
бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, оның ішінде
жобалық тәсілдерді қолдана
отырып жинақтауды білдіретін өзіндік бітіру жұмысы;
9) жеке оқу жоспары – меңгерілетін ТжКБ білім беру бағдарламасы шегінде
жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал ететін білім алушының оқу
жоспары;
10) жобалау жұмысы – педагогтің немесе тәлімгердің басшылығымен
орындалатын білім алушының практикалық және/немесе шығармашылық
жұмысы;
11) жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының нақты пәні және
(немесе) модулі үшін ТжКБ ұйымы әзірлейтін құжат;
12) жұмыс оқу жоспары – ТжКБ ұйымы әзірлейтін, оқу пәндерінің және
/немесе
модульдердің тізбесін, көлемдерін, оларды зерделеу дәйектілігін, сондай-
ақ олардың игерілуін бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;
13) кәсіби құзырет – кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін білім, білік және дағды, сондай-ақ жеке қасиеттер негізінде кәсіби
міндеттер жиынтығын шешу қабілеті;
14) кәсіптік модуль – кәсіби құзыретті қалыптастыруға бағытталған білім
беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;
Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
15) консультация – білім беру бағдарламасын меңгеру кезінде білім
алушыларға көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу сабақтарының нысаны;
16) кредит – біліктіліктегі оқыту нәтижелерінің жалпы салмағының немесе
біліктіліктің жеке компонентінің сандық көрінісі;
17) кредиттік-модульдік жүйе – модульдік
және кредиттік оқыту
технологиясының бірлігіне негізделген оқу процесін ұйымдастыру моделі;
18) міндетті компонент – білім алушылар міндетті түрде меңгеретін оқу
пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі;
19) факультативтік сабақ – міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық
шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын,
қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: