Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
4) білім беру ұйымының таңдау компоненті –
WorldSkills стандарттарын
ескере отырып, өңірлік даму жоспарына, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес
білім беру ұйымы анықтайтын модульдер тізбесі;
5) демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби
құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе
қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;
6) дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың орта білімнен кейінгі
білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, оның
ішінде жобалық тәсілдерді
қолдана отырып жинақтауды білдіретін өзіндік бітіру жұмысы;
7) жеке оқу жоспары – меңгерілетін орта білімнен кейінгі білімнің білім
беру бағдарламасы шегінде жеке білім беру қажеттіліктерін іске асыруға ықпал
ететін білім алушының оқу жоспары;
8) жобалау жұмысы – педагогтің немесе тәлімгердің басшылығымен
орындалатын білім алушының практикалық және/немесе шығармашылық
жұмысы;
9) жұмыс оқу бағдарламасы – жұмыс оқу жоспарының нақты модулі үшін
орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;
10) жұмыс оқу жоспары – орта білімнен кейінгі
білім беру ұйымы әзірлейтін
модульдерінің тізбесін, көлемдерін, оларды зерделеу дәйектілігін, сондай-ақ
олардың игерілуін бақылау нысанын регламенттейтін құжат;
11) кәсіби құзырет – кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін білім, білік және дағды, сондай-ақ жеке қасиеттер негізінде кәсіби
міндеттер
жиынтығын шешу қабілеті;
12) кәсіптік модуль – кәсіби құзыретті қалыптастыруға бағытталған білім
беру бағдарламасының функционалдық аяқталған құрылымдық элементі;
13) консультация – білім беру бағдарламаcын меңгеру кезінде білім
алушыларға көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу сабақтарының нысаны;
14) кредит – біліктіліктегі оқыту нәтижелерінің жалпы салмағының немесе
біліктіліктің жеке компонентінің сандық көрінісі;
15) кредиттік-модульдік жүйе – модульдік және кредиттік оқыту
технологиясының бірлігіне негізделген оқу
процесін ұйымдастыру моделі;
Редакциялау күні
03.08.2022
Сақтау күні
11.08.2022
Дата редакции
03.08.2022
Дата скачивания
11.08.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
16) міндетті компонент – білім алушылар міндетті түрде меңгеретін
модульдерінің тізбесі;
17) факультативтік сабақ –
міндетті оқытуға кірмейтін, таңдаған мамандық
шеңберінде білім алушылардың білімін тереңдету, қызығушылықтарын,
қабілеттерін дамыту мақсатында қосымша оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: