Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
217. Рентгендік-радиологиялық диагностикамен және терапиямен
айналысатын медициналық персонал пациенттердің сәулелену дозаларын
мүмкіндігінше төмен деңгейде сақтай отырып, қорғауды қамтамасыз етеді.
218. Пациенттің әрбір жүргізілген рентгендік-радиологиялық зерттеуден
және сәулелік терапия емшараларынан алған сәулелену дозалары оның
амбулаториялық картасына қосымша болып табылатын дербес медициналық
сәулелену дозаларын есепке алу парағына енгізіледі, сондай-ақ медициналық
ақпараттық жүйелер болған кезде сәулелену дозалары электрондық форматта
қалыптастырылады.
219. Пациенттің жинақталған медициналық диагностикалық сәулелену
дозасы 0,5 Зв жеткен кезде, егер сәулелік емшаралар өмірлік мәні бар
қажеттілікпен байланысты болмаса, оның сәулеленуін одан әрі шектеу бойынша
шаралар қабылданады.
220. Пациенттің талабы бойынша оған күтілетін немесе алынған сәулелену
дозасы туралы және рентгендік-радиологиялық емшаралар жүргізудің ықтимал
салдарлары туралы ақпарат ұсынылады.
221. Медицина персоналына өзінің кәсіби сәулеленуін қысқарту мақсатында
пациенттің сәулеленуін ұлғайтуға жол берілмейді.
222. Пациентке терапевттік мақсатта радиофармацевттік препарат енгізу
кезінде дәрігер оған ұрпақ өсіруден уақытша бас тартуға кеңес береді.
223. Радиофармацевттік құралдарды диагностика және терапия мақсатында
жүкті әйелдерге енгізуге жол берілмейді.
224. Диагностика немесе терапия мақсатында бала емізетін аналарға
радиофармацевттік препараттар енгізу кезінде баланы емшекпен тамақтандыру
уақытша тоқтатылады.
Достарыңызбен бөлісу: