Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Табиғи сәулелену көздерінің әсер етуі кезінде радиациялық



Pdf көрінісі
бет19/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
4-тарау. Табиғи сәулелену көздерінің әсер етуі кезінде радиациялық 
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар
225. Өндірістік жағдайларда табиғи сәулелену көздерінің әсері кезінде 
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптар жұмыскерлердің 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
табиғи радионуклидтерден сәулеленуі жылына 1 мЗв-дан асатын кез келген 
объектілерге қойылады (жер асты жағдайларында жұмыстарды жүзеге асыратын 
табиғи радионуклидтердің құрамы жоғары минералдық және органикалық 
шикізат қазбалайтын және қайта өңдейтін объектілер).
Урандық емес кеніштер мен басқа да жер асты құрылыстарының жобалық 
құжаттамасында радиациялық қауіпсіздік мәселелері сипатталған.
226. Табиғи радионуклидтер (уран, радий, торий) алу мақсатында кен 
қазбалайтын және қайта өңдейтін объектілер, сондай-ақ осы радионуклидтерді 
пайдаланатын объектілер техногендік сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізетін 
объектілерге жатады.
227. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар салу үшін аумақтың топырақ үстінен 
гамма-фон 0,6 мкЗв/сағ аспайтын радон ағынының тығыздығы секундына шаршы 
метрге 250 микробеккерельден (бұдан әрі – мБк/(м *с) аспайтын учаскелерін 
таңдайды. Ғимарат құрылысын топырақ үстінен радон ағынының тығыздығы 250 
мБк/(м *c) асатын учаскеде жобалау кезінде ғимараттың жобасында радоннан 
қорғану жүйесі көзделеді.
228. Техногендік сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілмейтін 
объектілерде жұмыскерлердің өндірістік жағдайларда табиғи сәулелену 
деңгейлері Гигиеналық нормативтерде келтірілген мәндерден аспауы тиіс. Жұмыс 
ұзақтығын өзгерту, радиациялық әсер деңгейін айқындайтын өндірістік шаңдағы 
радионуклидтердің радиоактивті тепе-теңдігінің бұзылу жағдайларында 
объектінің әкімшілігі қорытынды негізінде радиациялық әсерді бақылау 
деңгейлерін белгілейді.
229. Табиғи сәулелену көздері себепші болған радиациялық жағдайды 
бақылау жүзеге асырылуға тиіс жұмыс жасайтын объектілердің, цехтардың 
немесе жеке жұмыс орындарының тізбесін құрастыру үшін оларға бастапқы 
тексеру жүргізіледі.
230. Егер тексеру нәтижесінде объектіде жұмыскерлердің 1 мЗв/жыл 
сәулелену дозаларынан асу жағдайлары анықталмаған болса, онда оны одан әрі 
радиациялық бақылау міндетті болы п табылмайды. Алайда жұмыскерлердің 
сәулеленуінің ұлғаюына әкеліп соғатын өндірістік технологияның елеулі түрде 
өзгеруі кезінде қайта тексеру жүргізіледі.
2
2


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
231. Дозаның ұлғаюы 1 мЗв/жыл болып белгіленген, бірақ дозаның 2 мЗв
/жылға ұлғаймаған объектілерде жұмыскерлердің сәулелену деңгейлері ең жоғары 
жұмыс орындарында іріктелген радиациялық бақылау жүргізіледі.
232. Жұмыскерлердің сәулелену дозалары жылына 2 мЗв-дан аспайтын 
объектілерде сәулелену дозаларын тұрақты бақылау жүзеге асырылады және 
оларды төмендету бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
233. Гигиеналық нормативтерде белгіленген нормативтен (5 мЗв/жыл) 
жоғарылау анықталған жағдайларда, радиациялық объектінің әкімшілігі 
жұмыскерлердің сәулеленуін төмендету бойынша шаралар қабылдайды. 
Гигиеналық нормативтерде көрсетілген нормативті сақтау мүмкін болмаған 
жағдайда, объектіде тиісті жұмыскерлерді жұмыс жағдайлары бойынша 
техногендік сәулелену көздерімен жұмыс істейтін персоналға теңестіруге жол 
беріледі. Қабылданған шешім туралы объект әкімшілігі аумақтық бөлімшелерге 
(жазбаша түрде) хабарлайды. Жұмыс жағдайлары бойынша техногендік 
сәулелену көздерімен жұмыс істейтін персоналға теңестірілген адамдарға «А» 
тобының персоналы үшін белгіленген радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету 
бойынша барлық талаптар қолданылады.
234. осы Санитариялық қағидалардың «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс 
істеуге қойылатын талаптар» 10-параграфы 2-тарауында келтірілген 
өлшемшарттар бойынша радиоактивті қалдықтар санатына жатқызылатын 
объектілерде оларды жинау, уақытша сақтау және көму ұйымдастырылады.
235. Халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 
талаптар реттелетін табиғи сәулелену көздеріне: радон изотоптарына және 
олардың үй-жайлары ауасында ыдырау өнімдеріне, құрылыс бұйымдарында 
болатын табиғи радионуклидтердің гамма-сәулеленуіне, ауыз суда, 
тыңайтқыштарда және пайдалы қазбаларда болатын табиғи радионуклидтерге 
қолданылады.
236. Халықтың радиациялық қауіпсіздігінің салыстырмалы дәрежесін 
табиғи сәулелену көздерінің тиімді дозаларының мынадай мәндері сипаттайды: 
жылына 2 мЗв-дан кем – сәулелену елдің тұрғындары үшін табиғи сәулелену 
көздері дозаларының орташа мәндерінен аспайды; жылына 2-ден 5 мЗв-ге дейін – 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
көтеріңкі сәулелену; жылына 5 мЗв-дан астам – жоғары сәулелену. Сәулеленудің 
жоғары деңгейлерін төмендету бойынша іс-шаралар бірінші кезекті тәртіпте 
жүзеге асырылуы тиіс.
237. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар салу 
үшін аумақтардың учаскелерін таңдау кезінде гамма-аясы 0,3 мкГр/сағ аспайтын 
және топырақ үстінен радон ағынының тығыздығы 80 мБк/(м *с) артық емес 
учаскелер бөлінеді.
Учаскеде гамма-сәулеленудің эквивалентті дозасының қуаттылығы 0,3 мкЗв
/сағ, радон ағынының тығыздығы 80 мБк/(м хс) артық ғимаратты жобалаған кезде 
ғимараттың жобасында гамма-сәулеленудің жоғары деңгейлерінен және радоннан 
қорғану жүйесін көздеу қажет. Топырақ үстінен радон ағынының тығыздығы 80 
мБк/(м *с) кем болған кезде радоннан қорғану іс-шараларының қажеттілігі әр 
жағдайда қорытынды негізінде айқындалады.
238. Өндірістік радиациялық бақылау тұрғын үйлер мен әлеуметтік-
тұрмыстық мақсаттағы ғимараттардың құрылысы, реконструкциясы, күрделі 
жөндеу және пайдаланудың барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Нормативтік 
мәндерден жоғарлағаны анықталған жағдайларда себептерге талдау жүргізілуі 
және гамма-сәулелену қуатын және (немесе) үй-жайлардың ауасындағы радон 
құрамын төмендетуге бағытталған қорғану іс-шаралары жүзеге асырылуы тиіс. 
Салынып, реконструкцияланып немесе күрделі жөнделіп жатқан ғимараттың 
гамма-сәулелену дозасының және үй-жайлардың ауасындағы радонның көлемдік 
белсенділігінің қуаты нормативтік мәндерге сәйкес келуі тиіс.
239. Тұрғын үйлер мен әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды 
өндірістік радиациялық бақылауды атом энергиясын пайдалану саласындағы 
тиісті лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
240. Құрылыс материалдары мен бұйымдарындағы табиғи радионуклидтер 
құрамын бақылауды өндіруші ұйым жүзеге асырады. Табиғи радионуклидтердің 
үлестік белсенділігінің мәндері мен қауіптілік класы материалдар мен 
бұйымдардың әр партиясының ілеспе құжаттамасында көрсетіледі.
241. Фосфорлы тыңайтқыштар мен мелиоранттардағы табиғи 
радионуклидтердің үлестік белсенділігінің мәндерін өнім берушілер ілеспе 
құжатта көрсетеді.
2
2
2


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет