Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны толтыру жөніндегі



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны толтыру жөніндегі 
нұсқаулық
1. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындынының 1-тармағында 
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке және санитариялық-эпидемиологиялық 
сараптаманы жүргізуге арналған негіздемеге (өтініш, ұйғарым, қаулы, ерекше 
тәртіп бойынша және басқалар (күні, нөмірі) сәйкес радиациялық объектінің, 
заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындынының 2-тармағында 
мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес шаруашылық қызметтің толық атауы 
(тиесілігі) және заңды мекенжайы (объектінің орналасқан жері), телефоны, 
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.
3. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындынының 3-тармағында 
қызмет саласы, түрі, радиациялық объектінің орналасқан жері және мекенжайы 
көрсетіледі.
4. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындынының 4-тармағы қажет 
болған кезде толтырылады.
5. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындынының 5-тармағында 
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік 
қызметтерді көрсету қағидаларында көрсетілген ұсынылған құжаттар көрсетіледі.
6. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындынының 6-тармағы қажет 
болған кезде толтырылады.
7. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындынының 7-тармағы қажет 
болған кезде толтырылады.
8. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындынының 8-тармағында 
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы 
нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
сәйкес сараптама объектісінің (қызметтердің, процестердің, шарттардың, 
технологиялардың, өндірістердің, өнімдердің) толық санитариялық-гигиеналық 
сипаттамасы және бағасы көрсетіледі.
9. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындынының 9-тармағы қажет 
болғанда толтырылады.
10. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындынының 10-тармағында 
зертханалық және зертханалық-аспаптық зерттеулердің хаттамалары, сондай-ақ 
болған жағдайда, бас жоспарлардан, сызбалардан, фотолардан көшірмесі 
көрсетіледі.
11. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындынының 11-тармағында 
реттік нөмір бере отырып әр сәулелену көзі (бірдей радиациялық сипаттамалары 
бар сәулелену көзінің түрі) көрсетіледі. Әр сәулелену көзіне (бірдей радиациялық 
сипаттамалары бар сәулелену көзінің түрі) қатысты 2-4 бағандары толтырылады.
Радиациялық гигиена жөніндегі дәрігер-гигиенист мынадай мәліметтерді 
көрсетеді:
1) «Сәулелену көзінің түрі және сипаттамасы» деген 1-бағанының жолдары 
мынадай мәліметтермен толтырылады:
«Ашық сәулелену көзімен жұмыс істеу» деген 1-жол: радионуклид, зат, 
оның агрегаттық жай-күйі, жұмыс орнындағы ең жоғары рұқсат етілетін бір 
реттік белсенділігі, жылдық тұтынуы;
«Жабық сәулелену көзімен жұмыс істеу» деген 2-жол: нуклид, көз түрі 
(қондырғылар, аппараттар, аспаптар үшін – типі, маркасы, шығарылған жылы; 
сәулелену көзінің сериялық немесе зауыттық нөмірі), сәулелену көзінің ең жоғары 
белсенділігі, жұмыс орнында сәулелену көзінің ең жоғары рұқсат етілетін бір 
реттік саны және жұмыс орнында жиынтық белсенділігі, жылдық тұтынуы (қысқа 
мерзімді нуклидтер үшін);
«Сәулеленуді өндіретін құрылғылармен жұмыс істеу» деген 3-жол: көз түрі 
(қондырғылар, аппараттар, аспаптар үшін – 2-жолдағыдай сол мәліметтер), түрі, 
сәулелену энергиясы мен қарқындылығы (және (немесе) қысымды 
жылдамдататын тоқ күші, қуаты және басқасы), бір мезгілде жұмыс істейтін 
сәулелену көзінің ең жоғары рұқсат етілетін саны, бір орында орналасқан 
сәулелену көзінің саны;


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
«Сәулелену көзімен басқа жұмыстар» деген 4-жол: радионуклидтер, ядролы 
реакторлар, радиоактивті қалдықтар генераторларымен жүргізілетін жұмыстарды 
қоса алғанда, 1-3-жолдарда көрсетілген жұмыстарға жатқызылмауы мүмкін 
жұмыстар, көшіру (иеліктен шығару) аймағы аумағында жұмыстарды жүргізу 
және сәулелену көзімен басқа жұмыс түрлері. Сәулелену көзінің түрі мен 
сипатына байланысты 1-3-жолдарындағыдай мәліметтер көрсетіледі. 
Радионуклидтер генераторлары үшін – аналық нуклид және еншілес өнімдер 
бойынша өнімділігі туралы деректер, сондай-ақ сәулелену көзін сақтау шарттары; 
радиоизотопты көздер мен радиоактивті қалдықтарды арнайы автокөлікпен 
тасымалдау бойынша жұмыстар үшін – автомашинаның түрі, маркасы және 
нөмірі;
2) «Жұмыстардың түрі мен сипаты» деген 2-баған мынадай мәліметтермен 
толтырылады: жұмыстардың түрі және сипаты (стационарлық, стационарлық 
емес, зерттеу, өндіруші және соған сәйкес);
3) «Жұмыстарды жүргізу орны» деген 3-бағанда жұмыстардың орны нақты 
белгіленеді: ғимарат, қабат, цех, учаске, бөлме, аумақ учаскесі (ұйымда және одан 
тыс);
4) «Шектеу шарттары» деген 4-бағанның жолдарында мынадай мәліметтер 
келтіріледі:
5) 1 және 4-жолдарда ашық сәулелену көзімен жұмыстар кезінде – осы үй-
жайларда жүргізуге рұқсат етілген жұмыстар класы;
6) 2-4-жолдарда қажетті шектеу шарттары – осы орында сәулелену көзін 
қолданумен байланысты емес басқа жұмыстарды жүргізуге (персоналмен немесе 
басқа жұмыскерлермен) рұқсат беру немесе тыйым салу, зиянды радиациялық 
емес және соған ұқсас факторлардың ықпалын жою немесе азайту.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
«Радиациялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына 3-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет