Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспортын жүргізу және



Pdf көрінісі
бет27/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39
Байланысты:
150105 kaz 20230419

Радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық паспортын жүргізу және 
пайдалану тәртібі туралы нұсқаулық
1. Осы Нұсқаулықпен радиациялық объектінің радиациялық-гигиеналық 
паспортын (бұдан әрі – паспорт) жүргізу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Паспорт радиациялық объектілердің сәулелену көзімен жұмыс істеген 
кезде радиациялық қауіпсіздігі жағдайын куәландырады және радиациялық 
қауіптілік дәрежесі бойынша бірінші-төртінші санаттағы радиациялық объектіні 
толтыру үшін міндетті болып табылады.
3. Паспортты жыл сайын толтыру адам мекендейтін ортаның жай-күйіне 
және тіршілік ету жағдайларына байланысты жұмыскерлер мен халықтың 
радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сәулелену көзінің әсерін 
бағалау мақсатында жүзеге асырылады. Бұл бағалау радиациялық қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүргізу үшін қажет.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
4. Паспортты радиациялық объекті жыл сайын 31 желтоқсандағы жағдайы 
бойынша толтырады. Паспортты толтыру және бекіту мерзімін радиациялық 
объектімен, бірақ есепті жылдан кейінгі жылдың 1 тоқсанының басынан 
кешіктірмей айқындайды.
5. Паспортқа радиациялық объектілердің радиациялық қауіпсіздігі 
жағдайын бағалау нәтижелері осы Санитариялық қағидалардың 2-тарауының 8 
және 9-тармақтарына сәйкес енгізіледі.
6. Паспортты толтыру кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 
(бақылауға) жауапты радиациялық объектінің құрылымдық бөлімшесі және 
(немесе) радиациялық қауіпсіздікке (бақылауға) жауапты адам жүргізетін 
радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге радиациялық бақылау материалдары, 
сондай-ақ радиациялық бақылауды жүзеге асыруға байланысты қызмет 
саласындағы ұйымдар орындаған өлшемдердің (зерттеулердің) ресми деректері 
пайдаланылады.
7. Паспорт ол толтырылған күні барлық қолда бар сәулелену көздері туралы 
нақты ақпаратты қамтуы және радиациялық объектіде сақтауда болуы тиіс. 
Паспортты сақтау мерзімі – тұрақты.
8. Паспорт дәйекті түрде тармақтар бойынша толтырылады. Паспорттың 
барлық тармақтарына ақпараттарды енгізу міндетті болып табылады.
9. Радиациялық қауіпсіздіктің жағдайда аса тиімді және толық бағалау үшін 
паспортқа қосымшалар түрінде қосымша ақпарат беруге, сондай-ақ мемлекеттік 
тіркелімдерден, тізілімдерден, кадастрлардан, тізімдерден, каталогтардан, 
дерекқорлардан және деректер банктерінен тиісті құжаттарды және (немесе) 
мәліметтерді алу мүмкіндігі туралы нұсқауға жол беріледі.
10. Толтырылған паспортқа радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 
(бақылауға) жауапты радиациялық объектінің құрылымдық бөлімшесінің 
басшысы және (немесе) радиациялық қауіпсіздікке (бақылауға) жауапты адам қол 
қояды және радиациялық объектінің басшысы бекітеді.
11. Радиациялық объект заңнамада көзделген тәртіппен радиациялық 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау 
органдарының сұрау салуы бойынша паспорттың көшірмесін ұсынады.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
12. Радиациялық объектілер паспортты радиациялық объектінің басшысы 
бекіткеннен кейін жыл сайын 15 күн мерзімде аумақтық бөлімшелерге ұсынады.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
«Радиациялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына 6-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет