Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Радиациялық объектілерді және сәулелену көздерін



Pdf көрінісі
бет12/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
6-параграф. Радиациялық объектілерді және сәулелену көздерін 
пайдаланудан шығаруға немесе пайдалану мерзімін ұзартуға қойылатын 
талаптар
146. Радиациялық объектіні пайдалану мерзімін ұзарту немесе 
пайдаланудан шығару, сондай-ақ оның нұсқасын таңдау туралы шешім 
технологиялық жүйелер мен жабдықтың, құрылыс конструкцияларының және 
іргелес аумақтың радиациялық және техникалық ахуалын кешенді тексеруден 
кейін қабылданады.
147. І санаттағы радиациялық объектілерде белгіленген пайдаланудың 
аяқталу мерзіміне дейін кемінде бес жыл бұрын радиациялық қауіпсіздікті 
қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдармен келісілген барлық 
объектіні немесе оның бір жеке бөлігін пайдаланудан шығарудың егжей-тегжейлі 
жобасы әзірленуі тиіс. ІІ санаттағы объектілер үшін пайдаланудан шығару 
жобасы пайдалану мерзімі аяқталардан 3 жылдан, ал ІІІ санаттағы объектілер 
үшін 1 жылдан кешіктірмей әзірленуі тиіс.
148. Радиациялық объектіні пайдаланудан шығару жобасында оны 
пайдаланудан шығару әртүрлі кезеңдерде: тоқтату, консервациялау, бөлшектеу, 
бейінін өзгерту, жою немесе көму, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде 
қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар көзделеді.
149. Радиациялық объектіні пайдаланудан шығарудың жобасы:
1) бөлшектеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жабдық дайындауды;
2) бөлшектенетін жабдықты дезактивациялау әдістері мен құралдарын;
3) радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату тәртібін;
4) объектіні пайдаланудан шығару жұмыстары кезінде қолданылатын 
радиациялық қорғау шараларының тізбесі мен сипатын;
5) босатылатын алаңдар мен аумақтарды оңалтуды қамтуы тиіс.
150. Радиациялық объектіні пайдаланудан алу жобасында персонал мен 
халықтың күтілетін жеке және ұжымдық сәулелену дозаларын бағалау керек.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
151. Радиациялық объектілерді пайдаланудан алу бойынша жұмыстарды 
радиациялық объектінің арнайы даярланған персоналы немесе атом энергиясын 
пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар басқа ұйымдардың персоналы 
орындайды. Қажет болған жағдайларда персоналды даярлау алдағы жұмыстардың 
негізгі операцияларына ұқсас макеттер мен тренажерларда жүргізіледі.
152. Сәулелену көздерін пайдалану мерзімін ұзарту мүмкіндігі туралы 
мәселені, егер пайдалану мерзімін ұзарту сәулелену көзінің техникалық 
құжаттамасында тыйым салынбаса, құрамында сәулелену көзін пайдаланатын 
жеке немесе заңды тұлға өкілдері бар, ал қажет болған жағдайда дайындаушы 
ұйым өкілдері бар комиссия қарауы және шешуі тиіс. Пайдалану мерзімін ұзарту 
немесе жабық сәулелену көзін пайдаланудан шығару туралы шешім жабық 
сәулелену көзін техникалық куәландыру нәтижелеріне сәйкес қабылданады. 
Техникалық куәландыру атом энергиясын пайдалану саласындағы радиоактивті 
заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды 
дайындауға лицензиясы бар арнайы ұйым жүргізеді. Комиссия қорытындысында 
сәулелену көзін одан әрі пайдалану мүмкіндігі, шарттары мен мерзімі 
айқындалады.
153. Генерациялайтын сәулелену көздерін, құрылғыларды пайдаланудан 
шығарғаннан кейін, олар сәулелену көздері ретінде пайдалану мүмкіндігін 
болдырмайтын жағдайға келтірілуі тиіс.
Радионуклид сәулелену көздерін пайдаланудан шығарғаннан кейін, олар 
арнайы ұйымдарға көму және (немесе) ұзақ уақыт сақтау үшін жіберілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет