Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу



Pdf көрінісі
бет16/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
10-параграф. Техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу 
кезінде радиациялық бақылауға қойылатын талаптар


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
183. Техногендік сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі радиациялық 
бақылау персонал мен халықтың сәулелену деңгейлерін айқындайтын барлық 
негізгі радиациялық көрсеткіштерге жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір радиациялық 
объектіде радиациялық бақылау жүйecі бақылау түрлерінің, радиометрлік және 
дозиметрлік аппаратура типтерінің, өлшеу орындары мен бақылау кезеңділігінің 
нақты тізбесін көздейді.
Радиациялық бақылау персоналды дозиметриялық бақылауды және 
радиациялық жағдайды бақылауды қамтуы тиіс.
Өндірістік жағдайларда табиғи сәулелену көздерінің персоналдың 
сәулеленуіндегі үлесі ол жылына 1 мЗв асатын жағдайларда бақыланады және 
есепке алынады.
184. Жеке дозиметриялық бақылау персоналдың жылдық дозаларын 
анықтау мақсатында жүргізіледі және «А» тобының персоналы үшін міндетті 
болып табылады. Персоналдың сәулеленуін жеке дозиметриялық бақылауға 
жұмыстың сипатына байланысты мыналар кіреді:
1) тері жабыны мен жеке қорғаныш құралдарының ластануын радиометрлік 
бақылау;
2) тура және (немесе) жанама радиометрия әдістерін қолдану арқылы ағзаға 
радиоактивті заттардың түсу сипатын, динамикасын және деңгейлерін бақылау;
3) жеке дозиметрлер қолдану арқылы немесе есептеу жолымен сырттай бета-
, гамма- және рентгендік сәулелену, сондай-ақ нейтрон дозаларын бақылау. 
Радиациялық бақылау нәтижелері бойынша персоналдың тиімді дозаларының 
мәндері есептеледі, ал қажет болған жағдайда жекелеген ағзалардың эквивалентті 
сәулелену дозаларының мәндері айқындалады.
185. Жүргізілетін жұмыстар сипатына байланысты радиациялық жағдайды 
бақылау мыналарды қамтиды:
1) жұмыс орындарында, жапсарлас үй-жайларда, радиациялық объект 
аумағында, санитариялық-қорғаныш аймағы мен байқау аймағында рентген, 
гамма және нейтрондық сәулелену дозаларының қуатын, иондаушы сәулелену 
бөлшектері ағынының тығыздығын өлшеу;


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2) жұмыс беттерінің, жабдықтың, көлік құралдарының, персоналдың жеке 
қорғаныш құралдарының, тері жабындары мен киімінің радиоактивті заттармен 
ластану деңгейлерін өлшеу;
3) жұмыс үй-жайларының ауасындағы газдар мен аэрозольдердің көлемдік 
белсенділігін айқындау;
4) радиоактивті заттардың шығарындылары мен төгінділерінің белсенділігін 
өлшеу немесе бағалау;
5) санитариялық-қорғаныш аймағы мен байқау аймағындағы қоршаған орта 
объектілерінің радиоактивті ластану деңгейлерін анықтау.
186. І және ІІ санаттардағы объектілерді өндірістік радиациялық бақылау 
жүйесі мынадай техникалық құралдарды:
1) стационарлық автоматтандырылған техникалық құралдар негізінде 
үзіліссіз бақылауды;
2) бірге алып жүретін және жылжымалы техникалық құралдар негізінде 
жедел бақылауды
3) стационарлық зертханалық аппаратура, талдау үшін сынамалар сұрыптау 
және дайындау құралдары негізінде зертханалық талдауды пайдаланылады.
Автоматтандырылған жүйелер ақпаратты бақылауды, тіркеуді, бейнелеуді, 
жинауды, өңдеуді, сақтауды және беруді қамтамасыз етуі тиіс.
187. Өздігінен бөлінудің тізбекті реакциясы туындауы мүмкін мөлшерде 
бөлінетін материалдармен жұмыстар жүргізілетін үй-жайларда, сондай-ақ 
ядролық реакторлар мен шекті жинақтауларда және жұмыстар жүргізу кезінде 
радиациялық жағдайы елеулі өзгеруі мүмкін басқа да І кластағы жұмыстар 
кезінде дыбыс және жарық сигнализациясы құрылғылары бар радиациялық 
бақылау аспаптарын орнатады, ал персонал авариялық дозиметрлермен 
қамтамасыз етіледі.
188. Персоналдың сәулелену дозаларын жеке бақылау нәтижелері 50 жыл 
бойы сақталады. Жеке бақылау жүргізу кезінде жылдық тиімді және эквивалентті 
дозалардың, соңғы 5 жылдағы тиімді дозаның, сондай-ақ бүкіл кәсіптік қызмет 
кезеңі ішінде жинақталған жиынтық дозаның есебі жүргізіледі. Персоналдың 
жеке сәулелену дозаларының деректері «Иондаушы сәулеленудің техногендік 
көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында персонал адамдарының сәулелену 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
дозалары туралы мәліметтер» № 1-ДОЗ нысаны бойынша және «Радиациялық 
авариялар немесе жоспарланатын көтеріңкі сәулелену жағдайларында персонал 
адамдарының, сондай-ақ халық арасынан авариялық сәулеленуге ұшыраған 
адамдарының сәулелену дозалары туралы мәліметтер» № 2-ДОЗ нысаны 
бойынша толтырылып және осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшасында 
көрсетілген №1 ДОЗ нысанын және № 2 ДОЗ нысанын жүргізу және толтыру 
тәртібіне сәйкес аумақтық бөлімшелерге ұсынылады.
189. Сәулелену көзімен жұмыс істейтін адамдардың сыртқы сәулеленуінің 
жеке дозасын есепке алу карточкасын (бұдан әрі – персоналдың жеке карточкасы) 
жалдаушы дозиметриялық бақылауда болатын барлық персоналға ашуы тиіс. 
Персоналдың жеке карточкасының нысаны осы Санитариялық қағидаларға 13-
қосымшада келтірілген.
Жеке сәулелену дозасы кейіннен персоналдың жеке карточкасына, сондай-
ақ радиациялық объектілерде деректер базасын құру үшін машина 
тасымалдаушыға енгізе отырып журналда тіркеледі.
Сәулелену көздерімен жұмыс жүргізілетін басқа ұйымға ауысқан жағдайда 
жұмыскердің жеке карточкасының көшірмесі жаңа жұмыс орнына табысталуы 
тиіс; еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда қызметкердің қолына беріледі; 
түпнұсқасы бұрынғы жұмыс орнында сақталады.
190. Сәулелену көздерімен жұмыс істеуге іссапарларға жіберілетін 
адамдарға алынған сәулелену дозалары туралы толтырылған жеке карточканың 
көшірмесі берілуі тиіс. Іссапарға жіберілген адамдардың сәулелену дозалары 
туралы деректер олардың жеке карточкаларына кіруі тиіс.
191. Техногендік сәулелену көздерімен жұмыстар жүргізілетін радиациялық 
объектілерде бақылау деңгейлері белгіленеді.
Бақылау деңгейлерінің тізбесі мен сандық мәндері жұмыс жағдайларына 
сәйкес айқындалады.
192. Бақылау деңгейлерін белгілеу кезінде мыналарды ескере отырып 
оңтайландыру қағидатын басшылыққа алу керек:
1) радиациялық әсер ету уақытының біркелкі еместігі;
2) осы объектідегі радиациялық әсердің қол жеткізілген деңгейін рұқсат 
етілген деңгейден төмен сақтаудың орындылығы;


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3) радиациялық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі.
Жұмыс сипаты өзгерген кезде бақылау деңгейлерінің тізбесі мен сандық 
мәндері нақтылануға жатады. Атмосфера ауасындағы және су қоймалары 
суындағы радионуклидтердің көлемдік және меншікті бақылау деңгейлерін 
айқындау кезінде олардың азық-түлік тізбектері бойынша түсу мүмкіндігін және 
сол жерде жиналған радионуклидтердің сыртқы сәулеленуін ескеру керек.
193. Радиациялық бақылаудың нәтижелері дозалар шектерінің мәндерімен 
және бақылау деңгейлерімен салыстырылады. Бақылау деңгейлерінің 
жоғарылаған кезде радиациялық объектінің әкімшілігі талдау жүргізеді.
Персонал үшін Гигиеналық нормативтерде белгіленген дозалар шектерінен 
немесе халықтың сәулелену квоталарынан асу жағдайлары туралы радиациялық 
объектінің әкімшілігі аумақтық бөлімшені (жазбаша түрде) хабардар етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет