Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Медициналық сәулелену кезінде радиациялық қауіпсіздігін



Pdf көрінісі
бет18/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39
3-тарау. Медициналық сәулелену кезінде радиациялық қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
208. Пациенттер мен халықтың медициналық сәулеленуінің барлық түрлері 
(профилактикалық, диагностикалық, емдік, зерттеу) кезіндегі радиациялық 
қауіпсіздік рентгендік-радиологиялық емшаралардың барынша көп пайдасына 
қол жеткізу және радиациялық зиянды азайту арқылы қамтамасыз етіледі.
209. Диагностикалық ақпарат немесе терапиялық эффект алу мақсатында 
пациенттерді медициналық сәулелену дәрігердің тағайындауымен және 
пациенттің келісімімен жүргізіледі. Тиісті емшараны өткізу туралы түпкілікті 
шешімді рентгенолог дәрігер немесе радиолог дәрігер қабылдайды.
210. Медициналық диагностикалық сәулелену басқа баламалы 
диагностикалық әдістер ақпарат тұрғысынан жеткіліксіз болса немесе қолдану 
мүмкін болмаған жағдайларда медициналық көрсетілімдер бойынша жүзеге 
асырылады.
211. Емшаралар орындаудың оңтайлы режимдері және оларды орындау 
кезінде пациенттің сәулелену деңгейлері көрсетілетін сәулелік диагностика мен 
терапия әдістемесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
212. Рентгендік-радиологиялық диагностикалық зерттеулердің барлық 
түрінің жүргізілу регламенттері детерминирленген сәулелік әсерлердің 
болмауына кепілдік береді.
213. Адамдарды ғылыми медициналық ақпарат алу мақсатында 
сәулелендіру зерттелушілерге сәулеленудің ықтимал салдарлары туралы 
мәліметтер тапсырылғаннан кейін олар жазбаша келісім берген кезде жүзеге 
асырылады.
214. Сәулелік терапия жүргізу кезінде сәулелік асқынулар қаупін төмендету 
мақсатында патологиялық ошақтың орналасуы ескеріледі.
215. Рентгендік-радиологиялық медициналық зерттеулер мен сәулелік 
терапия үшін Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканың мемлекеттік тізіліміне енгізілген және оны пайдалану 
құқығына қорытындысы бар аппаратура пайдаланылады.
216. Сәулелік терапия және диагностика бөлімдері (бөлімшелері) емдік-
диагностикалық емшараларды орындау кезінде пациентті және персоналды 
радиациялық қорғаудың жылжымалы және жеке құралдарының міндетті жинағын 
қолданады.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
217. Рентгендік-радиологиялық диагностикамен және терапиямен 
айналысатын медициналық персонал пациенттердің сәулелену дозаларын 
мүмкіндігінше төмен деңгейде сақтай отырып, қорғауды қамтамасыз етеді.
218. Пациенттің әрбір жүргізілген рентгендік-радиологиялық зерттеуден 
және сәулелік терапия емшараларынан алған сәулелену дозалары оның 
амбулаториялық картасына қосымша болып табылатын дербес медициналық 
сәулелену дозаларын есепке алу парағына енгізіледі, сондай-ақ медициналық 
ақпараттық жүйелер болған кезде сәулелену дозалары электрондық форматта 
қалыптастырылады.
219. Пациенттің жинақталған медициналық диагностикалық сәулелену 
дозасы 0,5 Зв жеткен кезде, егер сәулелік емшаралар өмірлік мәні бар 
қажеттілікпен байланысты болмаса, оның сәулеленуін одан әрі шектеу бойынша 
шаралар қабылданады.
220. Пациенттің талабы бойынша оған күтілетін немесе алынған сәулелену 
дозасы туралы және рентгендік-радиологиялық емшаралар жүргізудің ықтимал 
салдарлары туралы ақпарат ұсынылады.
221. Медицина персоналына өзінің кәсіби сәулеленуін қысқарту мақсатында 
пациенттің сәулеленуін ұлғайтуға жол берілмейді.
222. Пациентке терапевттік мақсатта радиофармацевттік препарат енгізу 
кезінде дәрігер оған ұрпақ өсіруден уақытша бас тартуға кеңес береді.
223. Радиофармацевттік құралдарды диагностика және терапия мақсатында 
жүкті әйелдерге енгізуге жол берілмейді.
224. Диагностика немесе терапия мақсатында бала емізетін аналарға 
радиофармацевттік препараттар енгізу кезінде баланы емшекпен тамақтандыру 
уақытша тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет