Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


«Иондаушы сәулеленудің техногендік көздерін қалыпты пайдалану



Pdf көрінісі
бет34/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
«Иондаушы сәулеленудің техногендік көздерін қалыпты пайдалану 
жағдайларында персонал адамдарының сәулелену дозалары туралы 
мәліметтер» № 1-ДОЗ нысанын және «Радиациялық авария немесе 
жоспарланатын көтеріңкі сәулелену жағдайларында персонал адамдарының, 
сондай-ақ авариялық сәулеленуге ұшыраған халық адамдарының сәулелену 
дозалары туралы мәліметтер» № 2-ДОЗ нысанын жүргізу мен толтыру тәртібі
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Сәулелену көзімен жұмыс жасайтын жеке немесе заңды тұлғалар және 
дозиметриялық бақылауда болатын персонал жыл сайын «Иондаушы 
сәулеленудің техногендік көздерін қалыпты пайдалану жағдайларында персонал 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
адамдарының сәулелену дозалары туралы мәліметтер» № 1-ДОЗ нысанын (бұдан 
әрі – № 1-ДОЗ нысаны) толтырады.
2. Есепті жылы пероналдың жоспарланған артық сәулеленуі немесе 
радиациялық авария нәтижесінде сәулелену жағдайы болған жеке және заңды 
тұлғалар «Радиациялық авария немесе жоспарланатын көтеріңкі сәулелену 
жағдайларында персонал адамдарының, сондай-ақ авариялық сәулеленуге 
ұшыраған халық адамдарының сәулелену дозалары туралы мәліметтер» № 2-ДОЗ 
нысанын толтырады.
Нысанға жоспарланған артық сәулеленумен және радиациялық авария 
нәтижесіндегі сәулеленумен байланысты жеке дозалары енгізіледі.
3. № 2-ДОЗ нысанына енгізілетін жоспарланған артық және авариялық 
сәулеленумен байланысты дозалар, сондай-ақ есептеу әдісімен алынған 
персоналдың «Б» тобы адамдарының дозасы № 1-ДОЗ нысанына енгізілмеуі тиіс.
4. Персоналға жеке дозиметриялық бақылау жүргізетін жеке және заңды 
тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы болуы 
тиіс.
5. Персоналдың жеке сәулелену дозаларын бақылауы және есепке алуы 
мынадай мақсатта жүргізіледі:
1) сәулелену көздерімен жұмыс жасау, медициналық рентгендік емшаралар 
жүргізу, сондай-ақ радиациялық фон себебінен алынған персоналдың жеке 
сәулелену дозасы туралы объективті ақпарат алу;
2) белгіленген шектерден жоғары сәулеленуге ұшырайтын адамдарды 
есепке алу;
3) ұйым персоналының сәулелену дозалары туралы объективті және нақты 
ақпарат алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
4) радиациялық фактордың персоналға әсерін бағалау;
5) персоналдың сәулелену деңгейлерін төмендету бойынша шаралар 
қабылдау.
6. Жеке немесе заңды тұлғалар жыл сайын № 1-ДОЗ, № 2-ДОЗ нысандарын 
толтырады және аумақтық бөлімшелерге 15 қаңтардан кешіктірмей ұсынады, 
олар, өз кезегінде, алынған мәліметтерді жинақтайды және «Қоғамдық денсаулық 


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық 
сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалына (бұдан 
әрі – Филиал) 31 қаңтарда ұсынады, бұл ретте азаматтардың жеке сәулелену 
дозаларының республикалық деректер базасы құрылады. Филиал алынған 
деректерді талдайды және оларды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 
саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға 25 ақпанда ұсынады.
7. № 1-ДОЗ и № 2-ДОЗ нысандар А4 үлгісіндегі ақ қағазда және электронды 
көшірмелер түрінде ұсынылады. Құжаттың екеуі де (түпнұсқа және электронды 
көшірме) толықтай бірдей болып ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет