Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасы



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата31.03.2017
өлшемі0,51 Mb.
#10648
  1   2   3   4

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ 



МИНИСТРЛІГІ 

 

ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 

 

ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ 

 

 



  

 

   



 

 

 



 

 

 



 

5В011400 «Тарих» мамандығы студенттері практикасына 

арналған 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР МЕН БАҒДАРЛАМАЛАР 

(күндізгі және сырттай оқу нысандары үшін) 

  

 

 



 

 

 



Астана  

 

 



 

 

 



 

МАЗМҰНЫ 



 

 Жалпы ереже 

 Оқу практикасы 



 Мұражай-мұрағаттану практикасы 

 Археологиялық практика 



 Өндірістік практика 

 

 



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

21 


ҚОСЫМШАЛАР 

23 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

1.



 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ 

 

Осы ережелердің  мақсаты студенттердің  жоғары оқу орындарындағы 

кәсіби  практикасын  ұйымдастырылуын  регламенттеу  мазмұның  анықтау 

болып табылады. 

1.1  Жоғары  оқу  орындарында  кәсіби  практика  окыту  процесінде  алынған, 

теориялық  білімді  бекітуге,  практикалық  дағдысы  мен  құзыреттілігінің 

қалыптасуына,  сонымен қатар озық тәжірибені игеруге бағытталған. 

1.2.  Оқыту  барысында  педагогикалық  мамандықтар  бойынша  студенттері, 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  сәйкес,  кәсіби 

практиканың бірнеше түрлерінен өтеді : оқу; педагогикалық;  өндірістік; 

1.3  Білім  алушының  жолдамасы  практиканың  барлық  түріне,  практиканың 

өту  мерзіміне,  практиканың  жетекшісі  және  практиканың  өту  базалары 

жоғары оқу орнының басшысының бұйрығымен рәсімделеді. 

1.4  Практикалардың  жетекшілері  ретінде  профессорлар,  доценттер, 

мамандықтың  спецификасын  жақсы  білетін  және  практика  базасының 

қызметін білетін тәжірибелі оқытушылар тағайындалады. 

1.4.4  Практикадан  бір  жетекші  тағайындалған    жағдайда  (оқу,  оқу-танысу, 

далалық және т.б.) баға қорытынды есеп қорғауы және көрсетілген білімдері  

бойынша қойылады. 

1.4.2  Практикадан  екі  жетекші  тағайындалған    жағдайда  (педагогикалық, 

өндірістік    және  т.б.)  қорытынды  баға  практика  базасының  жетекшісі 

тарапынан  қойылған  баға    (40%)  және  ЖОО  тарапынан  тағайындалған 

жетекшісі қойған (60%)   бағасының нәтижесінен қойылады. 

1.5  Практика  жетекшісі  практика  алдында  білім  алушыларды  қажетті 

дайындыққа 

ұйымдастырады, 

практика 

бағдарламасына 

сәйкес 

консультациялар  өткізеді,  практиканың  өтілу  барысына  бақылау  жүргізеді, 



практика бойынша білім алушылардан есеп қабылдайды, кафедраға жазбаша 

түрінде пікір тапсырады, практика жөнінде есепті қабылдау жүргізеді.  

1.6 Білім алушы практика барысында міндетті:  

1.6.1  жоғары  оқу  орнымен  тағайындалынған  нысаны  бойынша,  практика   

бағдарламасын толық орындауға, практика күнделігін жүргізуге;  

1.6.2 практика базасына сәйкес ішкі тәртіпке бағынуға;  

1.6.3  еңбекті  қорғау,  техникалық  қауіпсіздікті  және  өндірістік  санитария 

ережелерін оқып, қатаң түрде сақтауға;  

1.6.4 кафедра тапсырмаларына сәйкес оперативтік қызметіне қатысуға;  

1.6.5  практика  жетекшісіне,  практика  базасы  жетекшісінің  барлық  практика 

тапсырмаларының  орындалынған  туралы,  қолы  қойылған,  тағайындалынған 

нысаны бойынша жазбаша түрде есеп, күнделік тапсыруға. 

1.7    Сырттай  немесе  кешкі  оқу  формасының  білім  аушылары    өз 

мамандықтары  бойынша  қызмет  атқарған  жағдайында,  оқу  практикасынан 

босатылады.    Бұл  жағдайда    білім  алушылар  жұмыс    орнынан    қызметін 

растайтын анықтама және мінездеме тапсырады 

1.8  Оқу  практикасының  қорытындысы  бойынша  оқушылар  кафедраға  есеп 

тапсырады,  оны  практиканың  ғылыми  жетекшісі  тексеріп,  және  кафедра 



 

менгерушісінің  бұйрығымен  құрылған  комиссияның  алдында  қорғайды. 



Есепті  қорғау  қортындысы  дифференциалдық  сынақпен  сандық  балды– 

рейтингтік әріптік баға жүйесімен бағаланады.  

 

І. ОҚУ ПРАКТИКАСЫ 

 

2.1   1-  курста  оқу (үздіксіз)  практикасы ұйымдастырылады. 

2.2    Сырттай  немесе  кешкі  оқу  формасының  білім  аушылары    өз 

мамандықтары  бойынша  қызмет  атқарған  жағдайында,  оқу  практикасынан 

босатылады.    Бұл  жағдайда    білім  алушылар  жұмыс    орнынан    қызметін 

растайтын анықтама және мінездеме тапсырады. 

2.3  Оқу    практикаларының      бағдарламасы  «Педагогика»  кафедрасының 

профессор-оқытушылар  құрамымен  әзірленеді.  

2.4 Оқу  практикасы студенттердің болашақ мамандықтары бойынша үздіксіз 

тәжірибелік  даярлаудың  бір  кезеңі  болып  табылады.  Ол  оқу  процесінің 

барысында  педагогика    және  психология  пәндерінің  базалық  курстарымен 

қатар  өткізіледі  және  сол  педагогикалық-психологиялық  білімдерін 

тәжірибеде қолдана отырып тереңдетеді. 

2.5  Оқу практикасының базасы болашақ кәсіби қызметіне сәйкес ұйымдары 

болып табылады.  

2.6    Оқу    практикасын  өткізу  үшін  болашақ  кәсіби  қызметіне  сәйкес 

ұйымдарымен шарт жасалуы тиіс.  

Оқу  практикасының  көлемі  2  кредит,  30  сағатты  құрайды.    Өтілу  мерзімі  1 

апта ( 1 кредит – 0,5 апта есебімен).  

Практика  барысында  тарихты  оқытуда  қолданатын  әдістемелік 

бағыттарды  жан-жақты  қарастыра  отырып,  білім  алушыларға  тарихи  білім 

берудің  әдістері  мен  тәсілдері,  олардың  оқу  икемділігі  мен  дағдыларын 

қалыптастырудың,  тарих  сабағын  ұйымдастырудың  әдістемелік  жолдары 

және  оқу  үрдістерінде  оқытудың  жаңа  технологияларын  қолданудың  әдіс-

тәсілдерімен  мәселелерінің  теориялық  және  әдістемелік  бағыттары 

баяндалады.  Сонымен  бірге  тарих  пәні  бойынша  сабақ  жоспарларының 

үлгілері  мен  кәсіптік-педагогикалық  іс-тәжірибе  кезінде  жасалатын  есептік 

құжаттармен студенттің сабаққа байланысты сабақты талдау іс қағаздарының 

үлгілері берілген. 

Оқу практиканың мақсаты: 

-  студенттерді  сынып  жетекшісінің  жоғарғы  оқу  орны  және  колледж 

оқытушыларының,  мұғалімінің  функциясын,  тұтас  орындауға  дайындау: 

оқытушылық, 

тәрбиелік, 

қоғамдық 

– 

педагогикалық 



басқару-

ұйымдастырушылық; 

- педагогикалық қызметке жүйелілік тұрғыдан қалыптастыру;  

- кәсіби шеберлік компоненттерін игеру; 

-  жоо-ның    білім  беру  стандарты  және  маманның  біліктілік 

мінездемесінің  талаптарына  сай,  негізгі  кәсіби  педагогикалық  іскерлік, 

тәжірибені бекіту және қалыптастыру.  

Оқу практиканың негізгі міндеттері:  


 

Студенттердің  педагогикалық  практикасының  міндеттеріне  мыналар 



кіреді:  

а)  жоо-да    студенттердің  алған  теориялық  білімдерін  бекітіп, 

тереңдету,  осы  білімдерді  оқушылармен  оқу-тәрбие  жұмыстарындағы  іс-

тәжірибеде пайдалануды үйрету; 

б)  балалар  мен  жасөспірімдермен  жүргізілетін  оқу-тәрбие  жұмысына 

талдау және байқау жасау іскерлігімен студенттерді қаруландыру; 

в)  балалар  мен  жасөспірімдердің  физиологиясы,  педагогикасы  және 

психологиясы  білімдеріне  сүйене  отырып,  студенттерді  олардың  жас  және 

дара ерекшелектерін есепке алып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуді үйрету;  

г) оқушылардың танымдық қызметін белсендіретін, әр түрлі әдістерді 

пайдаланып, әр түрлі типтегі сабақтарды жүргізуге студенттерді дайындау; 

д)  студенттердің  сынып  жетекшісі  функциясын  атқаруға  оқушылар 

ұжымы мен жұмыс істеуге, оқушылармен дара тәрбие жұмыстарын жүргізуге 

үйрету; 


е)  студенттерді  мұғалім  мамандығына  деген  сүйіспеншіліктерін  

дамыту,  арнайы  және  педагогикалық  пәндерді  оқытуға  ұмтылысын 

ынталандыру,  тәрбие  және  оқыту  міндеттерін  шығармашылықпен  шешуге 

дайындау мақсатында өзінің педагогикалық қабілетін жетілдіру;  

ж)  оқушылардың  денсаулығын  сақтауға  деген  қатынас    іскерлігіне 

студенттерді дағдыландыру 



Студенттердің  1 курста шешілетін міндеттері 

-  тәрбиелік  шаралар,  сыныптан  тыс  сабақтар  және  жеке  сабақтарға 

қатысу; 

-  оқу  тәрбие  үрдісін  бақылау  іскерлігі  мен  дағдысын  қалыптастыру 

және оның нәтижесін талдау; 

-  сабақты өткізу әдістерін, тәсілдерін және құралдарын студенттердің 

меңгеруі,  сондай-ақ  төменгі  сынып  оқушыларының  танымдық  қызметін 

басқару іскерлігін игеру; 

-  жеке  әдістемелермен  психологиялық-педагогикалық  пәндерді 

зерттеудегі алынған білімдерін іс-тәжірибелі студенттердің шығармашықпен 

үйренуі. 

Студенттердің  бітіру  алдындағы  практикасында  шешілетін 

міндеттері: 

-  оқушыларды  зерттеу,  мінездеме  құру,  олардың  тәрбиелік  деңгейін 

диагностикалау;  

- өздік педагогикалық міндеттерді құрастыру;  

- оқушылармен тәрбиелік қызметті жоспарлау;  

- кейбір оқушылардың ата-аналарымен дара әңгіме жүргізу; 

-  оқушылардың  дамытушылық  қызметінің  әр  түрлі  түрлерін  өз 

бетінше дайындау.  

 

Студенттердің бітіру практикасында шешілетін міндеттері: 

-

 



Сынып  жетекшілерінің,  пән  мұғалімдерінің  жұмыс  тәжірибесін 

тереңдету және бекіту;  



 

-



 

Сынып ұжымын зерттеу;  

-

 

Барлық  сынып  оқушыларына  қатынасы  бойынша  және  жеке 



оқушылар  үшін  соның  ішінде  «қиын  тәрбиеленетіндер»  үшін  де 

педагогикалық міндеттерді айқындау.  

-

 

Оқушылардың 



ата-аналарымен 

жұмыс 


істеу 

іскерлігін 

қалыптастыру.  

Практика  процесінде  студенттер  төмендегі  іскерліктерді  меңгеруі 

тиіс: 

-  Сыныптағы  тәрбие  жұмыстары  және  сабақты  жоспарлау,  бақылау 

және оған талдау жасау.  

- Сабақ және сыныптан тыс сабақтардың конспектісін жасау.  

-  Әдістемелік  әдебиеттермен  жұмыс  істеу,  шығармашылық  пен 

материалды  таңдау,  сабақ  және  тәрбие  сағаттарына  көрнекі  құралдарды 

дайындау. 

-  Оқушылардың  дене  және  психикалық  даму  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  сабақ  және  сыныптан  тыс  сабақтарды  өткізу  үшін  ең  тиімді  әдіс, 

тәсіл, құралдарын таңдау. 

- Оқушылар ұжымына және жеке тұлғаға диагностика жүргізу.  

-  Өзінің  қызметінің  нәтижесінде  өзіндік  талдау  және  өзіндік  баға 

беруді жүзеге асыру, сондай-ақ басқа практикантардың сабағы мен сыныптан 

тыс сабақтарына талдау жасау.  

-  Балалар  ұжымына  қойылған  міндеттерді  орындауды  ұйымдастыру 

(уақытша инициативті топтар (УИТ) құру, жұмыстың бірізділігін айқындау, 

тиімді  тәсілдер  мен  әдістерді  таңдауға  көмектесу,  бақылауды  ұйымдастыру 

және жұмыстың қорытындысын шығару).  

- Сынып оқушылар ұжымын және оқушылардың жеке басын зерттеу.  

-  Оқушылар мен тәжірибе жұмысының жаңа түрін жүргізу (ұжымдық 

және дара). 

СТУДЕНТ – ПРАКТИКАНТТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҒЫ.   



Студент-  практиканттардың    пән  –  мұғалімі  және  сынып 

жетекшісі ретіндегі міндеттері:  

-

 



Сынып  жетекшісінің  жұмыс  жоспарымен,  пән-мұғалімінің  сабақ 

жоспарымен, әкімшілікпен, мектеппен танысу. 

-

 

Практика барысында оқу және тәрбие қызметінің жеке жоспарын 



жасау.  

-

 



Педагогикалық практика өтілетін сыныпты зерттеу. 

-

 



Сынып жетекшісінің  және пән-мұғалімінің күнделікті міндеттерін 

орындау. 

-

 

Оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. 



-

 

Оқушыларға  (бітіру  алдындағы  практика)  ұжымға  (бітіру-



практика) диагностика жүргізу. 

-

 



Жоспарланған оқу сабақтарына дайындалу және өткізу. 

-

 



Ұжымдық  шығармашылық іс-әрекетті дайындау және жүргізу. 

-

 



Оқушылардың    оқу  және  оқудан  тыс  қызметін  ұйымдастырудағы 

сабақтастықты жүзеге асыру.  



 

-



 

Жетекші мұғалімнің тақырыптық жоспарын зерттеу. 

-

 

Практика барысында тақырыптық жоспар жасау. 



-

 

Жүйелі күнделікті жоспар құру. 



-

 

Өзінің,    студенттердің  және  мұғалімдердің  сабақтарына  талдау 



жүргізу.   

Студент – практиканттың құқығы:  

-

 



Мектеп ұжымы қызметіне белсенді қатыса алады;  

-

 



Туындаған  сұрақтар  бойынша  практиканың  жетекшісіне,  мектеп 

әкімшілігіне бара алады;  

-

 

Өзіндік  ғылыми  зерттеу  тақырыптары  бойынша  ғылыми  – 



практикалық конференцияда шығып сөйлей алады;  

-

 



Сынып  жетекшісінен,  психолог-дәрігерден,  баланың  физикалық 

және психикалық денсаулығы туралы мәліметтер алады;  

-

 

Оқушылардың  тәрбиелік деңгейін  ескере  отырып,  тәрбиенің  түрі, 



әдістерін және құралдарын таңдап алады

-

 



Олардың  ары  қарай  дамуы  мақсатында  шығармашылық  қабілетін 

ескере отырып, қызметке оқушыларды баулу.  

-

 

 



ІІ. МҰРАЖАЙ-МҰРАҒАТТАНУ ПРАКТИКАСЫ 

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ 

 

ЖОО  және  академиялық  ғылымдар  жүйесінде  тарихи  мұрағаттық 

зерттеулерде  және  құқықтық  нормативтік  актілерде  өзгерістер  енгізу  қоғам 

талабынан  туындап  отырған  мәселе.  Бүгінде  қоғамның  өзекті  мәселелерін 

талдауда теориялық қана емес, сонымен бірге мұрағаттанудың, мұражайдың 

іс-тәжірибе мәселелеріне деген сұраныс туындап отыр.  

Республикада  мұрағаттық  және  мұражайдағы  іс-шараның  дамуымен 

бірге  жоғары  мұрағаттық,  мұражайлық  білім  беру  үшін  бағдарламалар 

өзгеріп  отыр.  Мұрағаттанушының  ғылыми  даярлығын  негіздейтін,  ол  –іс-

тәжірибе.  Соңғы  жылдары  ЖОО  мен  мұрағат,  мұражай  арасындағы    іс-

тәжірибеден  өту  жөнінде  келісім-шарт  жасасу  қолға  алынып  отыр.  Іс-

тәжірибе мерзімі бір жылда екі апта көлемінде әр топ студенттері үшін жеке 

жүргізіледі. Жұмыс күнінің ұзақтығы төрт алты сағат.  

Мұрағат,  мұражай  мекемелері  және    институт  басқарамасының  өзара 

келісімімен  арнайы  жоспар  жасалып,  бекітіледі.  Әр  студенттің  жеке  жұмыс 

жоспары және жұмыс кестесі бекітіледі.  

   

Мұрағаттық  іс-тәжірибе  мақсаты:  студенттерді  мұрағат  тарихымен, 

оның құрылымымен, мұрағат қорларының негізгі құрамы және мазмұнымен 

кеңінен таныстыру.  

  Мұрағаттық іс-тәжірибенің негізгі міндеті: 

 



Мұрағаттың  құрамымен,  функциясы  туралы  нормативті  құжаттармен 

мұрағат мамандарының құрылымдық қызметімен танысу; 

 

Мұрағат  қорларындағы  негізгі  деректермен  оның  мазмұнымен  және 



деректерді жүйелеу тізімімен танысу; 

 



 

Мұрағат  тізбегіндегі  тізімге  алу

 

ғылыми  анықтамалық  аппараттың 



құрылымымен  және  құнды  құжаттарды  тексеруден  өткізудегі

 

дағдылы 



жетістіктерге қол жеткізу; 

 



 Құжаттарға  католог  жасағанда  корточкаларға  сипат  беріп,  жүйелі 

катологтарға карточкаларды жүйелеуде ақпараттарды алу және қайтару

 

Есептік  құжаттарды  жинақтап,  істердің  сақталуын    және  сақталып 



отырған  қорлардан  тізім  арқылы  істерді  зерттеуші  оқырмандарға  беруге 

сонымен бірге құжаттарға

 

өңдеу жасауды үйрету; 



 

Мұрағат  құжаттарын  рәсімдеуге  үйрету  (мұрағаттық  анықтама,  мұрағат 



құжаттарынан үзінді және көшірме алу); 

 



Мұрағаттың  анықтама  үстеліндегі  және  оқу  залындағы  зерттеушілерге 

қызмет көрсетуді үйренуге дағды қалыптастыру; 

Мұрағат  бағдарламаларының  тақырыптық  мазмұны  машықкер  -  студент 

анықталған  іс-тәжірибе  негізінде  жекелеген  топтар  алынып,  оны  орындауға 

міндеттенеді. 

Мұражай  іс-тәжірибесінің  мақсаты:    мұражай  қорларының    негізін 

құрайтын    жәдігерлердің  түрлерімен  танысады,  яғни  іс-жүзінде  тарихи 

құндылықтармен танысады  және өздерінің теориялық  білімдерін  нақтылы 

мысалдар негізінде  толықтыруына  толық мүмкіндік алады. 



 Мұражай іс-тәжірибесінің міндеттері:   

-

 



 мұражайлық зерттеу әдістерін жете игеру қажет; 

-

 



мұражайлық ұғымдар мен түсініктерді меңгерулері қажет; 

-

 



  мұражайлық  жәдігерлерді  дәуірнамалық  кезеңдер  бойынша  ажырата 

білуі және сыртқы белгілері бойынша анықтау қасиетін меңгеру қажет

-

 

 мұражайдағы  ескеткіштерді  түрлері  бойынша  ажыратуды  игеруді  және 



мұражайлық мәдениеттерді  негізде сипаттауды меңгеруді білу қажет; 

-

 



  мұражай іс-тәжірибесінің талаптарын нақтылы орындау  қажет. 

-

 



 

ІІІ. АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПРАКТИКА 

 

Түсініктемелік хаттама 

 

Археологиялық – этнографиялық практика ҚР ГОСО қатысты өткізілуі 



тиіс және ол күндізгі бөлімнің бакалавриаттың бірінші курсі үшін археология 

және  этнография  бойынша  теориялық  курстің  аяқталуы  болып  есептеледі. 

Тәжірибенің өткізілу ұзақтығы 2-4 апта.  

 

Тәжірибенің  негізгі  мақсаты  студенттердің  бойында  ежелгі 



нысандарды  суреттеу  және  идентификациялаудың  алғашқы  білімін, 

тәжірибесін  қалыптастыру,  сонымен  қатар  оларды  ескерткіштерді  зерттеу 

әдістемесімен,  кестені  құру  негіздерімен,  ежелгі  процестерді  модельдеу 

элементтерімен таныстырады. Сол кезде археология, этнология және ежелгі 

Қазақстан тарихы саласында мамандандырылып жатқан студенттер өздерінің 

ғылыми қызығушылығын қалыптастыруына әсер етеді.  



 

 



Далалық оқу тәжірибесіне қатысушылардан алдын ала дайындық және 

осындай  мероприятияларды  өткізуді  қадағалайтын  нормативті  құжаттарды 

білу талап етіледі. 

Практиканың мақсаты мен міндеттері: 

 



Ғылыми оқытушылық мақсат студенттердің археологиялық нысандармен 

жұмыс кезінде әдістемелік тәжірибе жинақтауына бағытталады, бұл мақсатқа 

жету үшін келесі міндеттер қойылған: 

 



Тәжірибеленушілерді 

қалыпты 


географиялық 

ортада 


әр 

түрлі 


археологиялық  ескеркіштермен  таныстыру,  студенттерге  олардың  қандай 

ескеркіштерге жататындығын айыруды үйрету (қоныс, тұрақ, обалы бейіт).  

 

Археологиялық 



барлау 

және 


қазба 

барысында  «Археология», 

«Этнология», «Алғашқы қауым тарихы» оқу курстарының теориялық білімін 

тәжірибеде бекіту.  

 

Студенттерді  мәдени  қабаттың  қалыптасу  ерекшеліктерімен,  оны 



зерттеудің  әдіс  тәсілдерімен,  сонымен  қатар  әр  түрлі  археологиялық 

нысандардың (шұңқыр, ошақ, үй) таныстыру.  

 

Жерлеу  құрылыстарын  және  бейіттерді  зерттеу  әдістемесін  үйрету, 



олардың  мерзімделуін  және  қай  мәдениетке  жататындығын  алдын  ала 

болжау, анықтау.  

 

Зерттеліп  жатқан  нысанның,  сонымен  қатар  жеке  нысандардың,  жерлеу 



және стратиграфиялық жағдайдың жоспарын құру дағдысын қалыптастыру.  

 



Археологиялық  және  этнографиялық  тәжірибенің  екінші  мақсаты  оқыту 

тәрбиелік. Оның мынадай міндеттері бар: 

 

Тәжірибе  алушылардың  далалық  лагерді  құруды,  оның  қызметін  және 



өмір сүруін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға үйрету. 

 



Далалық  жағдайда  өмір  сүруге  қажетті  қабілеттерді,  тұрып  жатқан 

жерінде тәртіпті, тазалықты сақтауды қалыптастыру.  

 

Студенттерге  оқшау  ұжым  ішінде  өзара  қатынасты  ұйымдастыруды 



үйрету, бос уақытты реттеу, өзара көмек қабілетін қалыптастыру.  

 

Барлық  алынған  тәжірибе,  қабілет,  дала  жұмысының  тәжірибесін 



студенттер  өздерінің  ЖОО-дан  кейінгі  қызметінде  қолдануы  мүмкін.  Қазір 

жұмыс  істеп  жатқан  археологтар  өздерінің  ғылыми  жұмысында  студенттік 

далалық  тәжірибе  маңызды  орын  алатындығын  мойындады,  ал  көптеген 

түлектер үшін бұл студенттік жылдарының ең жарқын естеліктері. 

 

ІҮ.  ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА 

 

 4.1  Арнайы  пәндер  циклының  немесе  оқытудың  жалпы  теориялық  курсы 

аяқталғаннан  кейін  өндірістік  практика  ұйымдастырылады.  Бітіруші 

курстарында  өндірістік  практика  теориялық  оқыту  толық  аяқталғанан  кейін 

ұйымдастырылады.  

4.2  Кешкі  және  сыртқы  оқыту  нысанынан  білім  алушылар  мамандық 

бойынша  жұмыс  істесе,  өндірістік  практикадан  босатылады.  Бұл  жағдайда 


10 

 

білім  алушылар  жоғары  оқу  орнына  жұмыс  орнынан  кәсіптік  қызметін 



растайтын анықтама және мінездеме тапсыруы керек.  

4.3  Өндірістік  практиканың  бағдарламасы  даярлайтын  кафедрасымен 

әзірленеді және бекітіледі.  

4.5  Өндірістік  практиканың  мақсаты  түйінді  құзіреттіліктерін  бекіту, 

оқытылатын  мамандығы  бойынша  кәсіби  іс-әрекетінің  практикалық 

дағдылары мен тәжірибесін қалыптастыру болып табылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет