Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата31.03.2017
өлшемі0,51 Mb.
#10648
1   2   3   4

4.6  Өндірістік  практиканың  базалары  оқытылатын  мамандықтың  профиліне 

сәйкес (немесе салалас мекемелерде) болуы тис. 

4.7 Жоғары оқу орындары білім беру саласындағы уәкілетті органы бекіткен 

өндірістік практика мекемелерімен типтік шарт негізінде, практиканы өткізу 

базасы болып табылатын мекемелерімен шарт жасауы керек.  

Практика  базаларымен  оқу  жылы  басталғанға  дейін  1  ай  бұрын  шарт 

жасалуы тиіс.  

4.8  Өндірістік  практиканың  мөлшері  4 кредит  300  сағатты  құрайды. 

Өндірістік практиканың ұзақтығы 10 апта. 

4.9 Өндірістік практиканың қорытындысы бойынша, білім алушылар сәйкес 

кафедраларына  есеп  тапсырады,  ғылыми  жетекшісі  тарапынан  тексеріледі, 

кафедра  меңгерушісінің  жарлығымен  құрылған  комиссия  алдында 

қорғалады.  Есепті  қорғау  қорытындысы  тағайындалған  балдық–рейтингтік 

әріптік  жүйе бағасы бойынша дифференциалды сынақпен  бағаланады. 



Өндірістік практиканы ұйымдастыру 

Алдын-ала  келісім  жасаған  мектептерге  университеттің  бұйрығымен 

студенттер  тобы  жіберіледі,  әр  мамандықтар  үшін  базалық  мектептер  бар. 

Осы  бұйрықпен  нақты  мамандықтар  бойынша  практикаға  жауапты 

адамдарды, оқу және тәрбие жұмысы бойынша психологтарды бекітеді.  

Тапсырманың  мазмұны  және  көлемі  36  сағат  жұмыс  аптасына 

есептелген. Студенттер мектепте 6 сағат бойы күнделікті жұмыс істейді, оқу 

тапсырмаларын  орындайды,  сынып  жетекшілерінің  міндетті  қызметін 

атқарады.  Студенттер  бірінші  аптада  өзінің  сыныбының  барлық  сабағына 

қатысады,  мектепте  нені  игеруге  болады,  оқушылардың  жаңа  адамдарға 

қалай  үйренетінін  біледі.  Барлық  студенттер  мектепке,  өзінің  сыныбына 

бірінші  сабақтың  басталуына  15  минут  қалғанда  келеді  және  жұмысты  6-8 

сағатта бітіреді.   

Барлық  күндер  барысында  студенттермен  мектеп  әкімшілігі,  сынып 

жетекшілері  жұмыс  істейді.  Олар  кеңес,  нұсқау  жүргізеді.  Мектеп 

мұғалімдері және балалармен жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі.  

Педагогика  кафедрасының  әдіскерлері  мектепте  әдістемелік  күнін 

белгілейді.  Осы  күн  барысында,  студенттердің  жүргізген  шараларына 

қатысып, талдау жасайды, ақыл-кеңес береді.  

Өндірістік практика  негізінде студенттер қызметінің бағдарламасы 



Дайындық кезеңі: 

- практикаға шығар алдындағы оқушылардың кеңесі және тренингтер; 

-  педагогикалық  практиканың  жағдайымен  және  орнымен  танысу 

(оқушылармен, педагогтармен кездесу); 



11 

 

- практиканттар жеке бағдарламаларын дайындау.  



Негізгі кезең:   

-  оқушылар  ұжымына  диагностика  және  педагогикалық  практика 

барысында жұмыс жоспарын жасау;  

-  диагностикалық 

карталар  көрсеткіштері  негізінде  қызметті 

жоспарлау

-  инварианттық  модель  бойынша  жасалынған  педагогикалық 

сценарилер жасау негізінде ұжымда қызметті ұйымдастыру, оларды өткізу; 

-  міндетті  ұжымдық  шығармашылық  істердің  кешенін  (даму 

қажеттілігін  ескере  отырып,  оқушылардың  ынтасы,  мектептің  жоспарлар 

болжамы, сынып жетекшілері) орындау;  

- өзіндік қызметінің нәтижесіне талдау жасау; 



Қорытынды кезең: 

-

 



есеп беру құжаттарын дайындау; 

-

 



практикадан кейінгі өзін-өзі кәсіби дамыту үшін жеке міндеттерді 

қысқа әрі дәл жеткізу. 

-

 

конференцияда практиканың нәтижесін талқылауға қатысу.  



Студент – практиканттардың қызметі 

Негізгі бағыттары:  

-

 



мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырумен танысу; 

-

 



сынып  ұжымын  және  жеке  оқушыларды  психологиялық-

педагогикалық зерттеу; 

Педагогикалық практика барысында: 

-

 



сынып  жетекшісі  және  алдыңғы  қатарлы  мұғалімдердің  жұмыс 

тәжірибесін жинақтау және педагогикалық тәжибелерді талдау; 

-

 

педагогикалық қызметті жоспарлау; 



-

 

оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру; 



-

 

пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар



-

 

ата-аналармен жұмыс; 



-

 

студенттердің әдістемелік және зерттеушілік қызметі; 



-

 

оқушылармен  тәрбие  жұмысына,  кәсіби  жарамдылығына  өздік 



баға.  

Бітіру алдындағы практиканың ерекшелігі: 



Студент-практикант:  

-

 



сыныптағы  және  мектептегі  оқу-тәрбие  үрдісінің  жағдайын 

зерттейді; 

-

 

сыныптың  біріндегі  сынып  жетекшісінің  қызметімен  танысады 



(әңгіме, мектеп құжаттары, бақылау, тәрбие жұмысының жоспарын зерттейді 

т.с.с); 


-

 

сынып ұжымын зерттейді (диагностикалық картамен жұмыс); 



-

 

педагогикалық 



практика 

барысында 

тәрбие 

қызметін 



жоспарлайды;  

-

 



оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, сынып ұжымында 

(КТД) ұжымдық шығармашылық істерді жасап, өткізіп және талдайды; 



12 

 

-



 

сынып  жетекшілері  әріптестерінің  ұжымдық  шығармашылық 

істеріне қатысып және талдау жасайды; 

-

 



педагогикалық практика бойынша есеп беруге дайындалады.  

Бітіру практикасының ерекшеліктері:  

Студент-практикант  жоғарыда  көрсетілген  бағыттар  бойынша  өзінің 

педагогикалық қызметін жетілдіреді, сондай-ақ:  

- оқушылардың жасын және қызығушылығын ескеріп, кәсіптік бағдар 

қызметін жүзеге асырады; 

- сынып жетекшісінің жұмысына ата-аналар қатысады

- сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің тәжірибесін зерттеу; 

- «ТӘУЕКЕЛ» тобындағы балармен жұмыс істеу т.с. 

Жұмыстың мазмұны және түрі.    

Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырумен танысу. 

Студенттер  мектеппен,  оның  дәстүрлерімен  танысады.  Әр  түрлі  оқу 

бөлмелеріне 

барып, 


онда 

әдістемелік 

материалдармен 

танысады. 

Мұражайлардың,  факультативтер,  спорт  секциялары,  ұзартылған  күн 

тобының  жұмысын  бақылайды.  Сынып  жетекшілерінің  оқу  пәндері  және 

тәрбие  жұмыстары  бойынша  сыныптан  тыс  қызметін  зерттейді.  Мектептегі 

орнықтыру  жиналысына  қатысады,  мектеп  әкімшілігімен,  сынып 

жетекшілерімен, 

психологтармен, 

әлеуметтік 

педагогтармен, 

кіпатханашылармен  және  басқа  мектептін  педагогикалық  қызметкерлерімен 

әңгімелеседі, оқу орындарында бекітілген, біріңғай талаптармен танысады.  

Студенттер  сынып  жетекшісінің  (бітіру  алдыңдағы  курс)  көмекшісі 

және  сынып  жетекшілері  (бітіру  курстары)  ретінде  сыныптар  бойынша 

бөлінеді. Сыныптағы тәрбие жұмысының мазмұнымен танысады. Мектептегі 

жоспарлардың  түрін  зерттейді.  Оқушылармен  кедеседі,  сыныптың 

белсенділері тобымен жеке оқушылармен алғашқы әңгімені өткізеді.  

Мектептің  құжаттарымен  танысады:  сынып  журналдарымен, 

күнделіктер,  оқушылардың  іс  қағаздарымен,  медициналық  картасымен, 

дәптерлерімен,  шығармашылық  жұмыстары  т.с.с.  Оқушылар  жөнінде 

мәліметтерді диагностикалық картаға толтырады. Оқушыларды зерттеу және 

жақсы  есте  сақтау  мақсатында  сынып  жетекшілерінің  тәрбие  сағаттарына 

және мұғалімдердің түрлі сабақтарына қатысады.  

Студенттер  жоғары  оқу  орындарының  оқытушылары,  мектеп 

мұғалімдері және сынып жетекшілері өткізген кеңестерге қатысады. Алынған 

мәліметтерді педагогикалық күнделіктерге жазады. Практика барысында оқу-

тәрбие жұмысының жеке жоспарын құрайды.  

Сонымен,  мекептегі  педагогикалық  практиканың  бірінші  аптасында, 

студенттер алғашқы іскерлікті алады:  

-

 



мектепте оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жағдайын талдауы;  

-

 



мектептің құжаттарымен жұмыс істеу; 

-

 



мұғалімдермен,  оқушылармен,  сынып  жетекшілерімен  қарым-қатынас 

жасау;    

-     мектеп өмірінің жағымды және жағымсыз құбылыстарын көру 

Педагогикалық қызметті жоспарлау 


13 

 

Оқушылармен жұмыстың мазмұнын, тәрбие әдістерін, түрлерін, құралдарын, 



педагогикалық міндеттерін ескере отырып, жоспар талданады. Семинарда 

жоспардың әртүрлі түрлері, формалары, оның құрылымы талқыланады. Жеке 

ұжымдық шығармашылық істердің тақырыптық жоспарына назар 

аударылады. 

Студенттер  практика  кезінде  белгілі  жастағы  оқушылармен  жеке 

тәрбие  жұмысының  жоспарын  құрады.  Жоспарлаудың  негізгі  принциптері 

ескеріледі:  ғылымилығы,  тиімділігі,  болашағы,  нақтылығы,  ақиқаттығы, 

сабақтастығы,  басқарушылығы  т.б.  Жоспарлаудың  көздері  және  олармен 

жұмыс  істеудің  кейбір  түрлері  зерттеледі  (материалдар  мен  құжаттарды, 

сынып мінездемесін, Ресейдегі және шетелдегі ағымдағы оқиғалар, алдыңғы 

қатарлы педагогикалық тәжірбиелерді талдау жасау). 

Студенттер  тәрбие  жұмысының  жоспарын  құруға  оқушыларды 

тартады,  сынып  жұмыс  жоспарында  ең  жақсы  ұсыныстарға  конкурстар, 

әңгімелер  өткізу.  Жоспарлауда  жеке  тұлғаның  үйлесімді  дамуының  барлық 

бағыттары  ескріледі:  ақыл-ой, дене,  еңбек,  адамгершілік,  эстетикалық  т.б.  – 

жоспардың  бір  нұсқасы.  Оқушылар  қызметінің  түрлері  бойынша 

жоспарлаудың  басқа  нұсқасы:  оқу,  еңбек,  спорттық,  қоғамдық,  көркем-

шығармашылық,  ойын  және  т.б.  Үшінші  нұсқасы  –  жетекші  тәрбие 

міндеттері. Төртінші нұсқасы – жұмыстың болашақ (перспективті) жоспары. 

Жоспарды  құруда  студенттер  белгілі  құрылымға  сүйенеді:  сынып 

мінездемесі, оқушылардың  тәрбиелік деңгейі және жас ерекшеліктеріне сай, 

педагогикалық  міндеттері,  іс-әрекетті  дамытушылық  негізгі  түрлерінің 

күнтізбегі,  апталық  сынып  жетекшісінің  жоспары  (күнделікті  шаруалары), 

күнделікті жазу, сынып жетекшісінің жеке шығармашылық жоспары.  

Сонымен  бірге,  практикада  және  тәрбие  шараларының  тақырыптық 

жоспарлардың  алгоритмі  жасалады:  тақырыпты  қысқа,  әрі  дәл  жазу, 

міндеттерді  жазу,  міндеттерді  қою,  сабақты  өткізудің  уақыты  және  орнын 

белгілеу, тәрбие шараларының тәртібі және дайындау жоспарын құру, өткізу 

түрлерін  таңдау,  құралдарын  ойлану  рәсімделуі  және  мазмұнын  анықтауға 

қажетті  әдебиеттер,  өткізілген  тәрбие  шараларының  нәтижесін  есепке  алу 

түрлерін таңдау. 

 Мұқият 


ойластырылған 

жоспарлау 

әдістемесі 

студенттерге 

педагогикалық  қызметті  жүзеге  асырудағы  формализмді  жеңуге  мүмкіндік 

береді. 


Оқушылармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру. 

Педпрактика 

үрдісінде 

студенттер 

оқушылар 

қызметінің 

дамытушылық  технологиясын  игереді.  Жұмыс  мазмұны  мыналарға 

байланысты: 

-

 

жұмыстың  дара  жоспарын  құру  негізінде  оқушылармен  тәрбие 



шараларының сипатын талқылау; 

-

 



сынып  ұжымының  дамуы,  сынып  жетекшілерінің  бағытына 

байланыстылығын  анықтау  (оқушылардың  сыртқы  регламентациясының 

артықтығы, 

оқушылардың 

қызығушылығымен 

тәрбие 


мақсатының 

сәйкестілігі  немесе  сәйкес  еместігі,  сынып  жетекшісінің  бағыты 



14 

 

тәрбиеленушілердің өзін-өзі реттеушілігімен қосарлануы, практиканың басты 



кезеңінде  пайда  болған  қайшылықтарды  шешу  жолдарын  тәрбиешінің 

түсінуі); 

-

 

дамытушылық қызметтің типтік (моделік) үлгісі негізінде тәрбиелік 



шараларды  дайындауға  оқушыларды  жұмылдыру.  Ол  тәрбиенің  жалпы 

әдістерін  жүзеге  асыруға  көмектеседі,  осындай  ұйымдастырушылық 

амалдармен  іс-әрекеттерді    көп  рет  орындауға  барлық  қатысушыларды 

кірістіру,  ақыр  соңында    келешек  үлкен  қызметке  қажетті  тәжірбиені 

қалыптастырады.  

Негізгі  іс-әрекетке  кіретін:  шығармашылық  топтарды  құру,  алға 

қойылған шаралардың жоспарын жасау, бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 

қажетті материалдар заттардың шараларын, дайындық құралдарының тізімін 

құру, барлық оқушыларға міндеттерді бөлу. Тәрбие сағаттарын  дайындауға, 

оны  өткізуге  және  кейін  талдау  жасауға,  қызметтің  әртүрлі  түрлеріне 

оқушыларды тарту. 

Пән бойынша  оқу және сыныптан тыс жұмыстар. 

Оқу  үрдісі  барысында  тәрбиелік  міндеттер  қойылды  және  шешіледі, 

сабақтың  әртүрлі  тақырыптары  адамгершілік  және  этикалық  талғамға  сай 

мазмұны мен рәсімделуіне сай, дидактикалық материалдарды дайындалады, 

тәрбие  міндеттерін  шешу  және  ойды  тұжырымдау  іскерлігін  анықтай 

отырып, курстастарының сабақтарын талдайды, әртүрлі тәрбиелік деңгейдегі 

оқушылармен қарым-қатынасты, жасына қарамай орната алады. Мамандыққа 

сәйкес  пән  бойынша  сыныптан  тыс  тәрбиелік  шараларды  дайындау  және 

өткізу  (конференция,  кеш,  экскурсия  т.б.)  іскерлігін  қалыптастыру. 

Бөлмелерді  рәсімдеу  және  құралдарды  дайындау  шығармашылық 

қызметтерді пайдалану. 

Ата-аналармен жұмыс 

Оқушылардың  ата-аналарымен  жұмыс  олардың  педагогикалық  мәдениетін 

арттырудың  негізгі  принциптерін  ескере  отырып  құрылады:  балаларды 

тәрбиелеудегі  мақсатқа  бағыттылық,  қоғамдық  және  балаларды  отбасында 

тәрбиелеу 

бірлігі, 

қоршаған 

өмірмен 


байланысты 

ата-аналардың 

педагогикадан  өзіндік  білім  алуы  жетекшілік  пен  педагогикалық  ағартудың 

үйлесімділігі және оларды оқушыларды тәрбиелеу қызметіне тарту, сараптау 

тұрғысынан келу және т.б. 

Студенттердің әдістемелік және зерттеушілік қызметі 

Студенттер  мұғалімдердің  және  сынып  жетекшісінің  әдістемелік  семинар 

жұмыстарына  қатысады,  әдістемелік  бірлестік  отырыстарында  әртүрлі 

проблемалар талқыланады: оқушылардың дара ерекшіліктерін ескере отырып 

педагогикалық міндеттерді шешу тәсілдері, сыныппен психологиялық  және 

дара  жұмыс  істеу  әдістернің  мазмұны,  дамудағы  ауытқулары  бар 

оқушылармен  жұмыста  тәрбиелік  міндеттерді  қысқа  әрі  дәл  жасау. 

Практиканттар  оқытушылардың  жалпы  жеке  тапсырмаларын  орындайды, 

оларға  шығармашылық  шешім  табуға  ұмтылады:  жаңа  нұсқаны  жасайды, 

нәтижеге  жетудегі  дәстүрлі  жолдарды  өзгертеді,  тапсырманы  орындаудың 

жаңа түрлері мен құралдарын пайдаланады. 


15 

 

Студенттер  диплом  және  курстық  жұмыстардың  тақырыптары 



бойынша  ғылыми-зерттеушілік  ізденістер  жүргізеді,  педагогикалық 

проблемаларды  шешуге  пәнаралық  байланысты  орнатуды  үйренеді,  сабақта 

және  сыныптан  тыс  жұмыстардағы  тәрбиелік  міндеттердің  дәстүрлі  емес 

шешімдерін  табады,  оқушыларды  бақылайды  және  алынған  нәтижені 

талдайды;    модульді  дидактикалық  құрылыммен  жұмыс  істейді; 

педагогикалық  эксперимент  жүргізіледі,  қорытынды  және  тұжырым 

жасайды. Зерттеу нәтижелерін ғылыми баяндама түрінде рәсімдейді. 

Оқушылармен  тәрбиелік  жұмыстарға  кәсіби  жарамдылығына  өзіндік  баға 

беру 

Студенттер  педагогикалық  кәсібилік  интроспекциясын  игереді,  жеке 

тұлғаның  кәсіби  маңызды  сапасының  болуы,  педагогиканың  қызмет 

әрекетінің  тұлғалық  деңгейіне  жету  жағдайын  анықтайды.  Педагогикалық 

кәсіптік  негіздерін  тиімді  игеруге  өзін-өзі  бағалауға  әкеледі,  әртүрлі  тестік 

әдістемелердің көмегімен оның қалыптасу деңгейін талдайды.  

Типологиялық  және  кәсіби  бағыттылығын  есепке  ала  отырып,  өзімен 

жұмыс істеуге дайындық сатысын орнату.  

Жүргізілген  оқу-тәрбие  жұмысының  сапасын  бағалайды  және 

талдайды,  оқушылардың  тәрбиесі  және  даму  динамикасын  бақылайды, 

тәрбиелік  қызмет  міндеттерін  және  мақсаттарын  жүзеге  асыру  (сатысын) 

деңгейін,  мектепке,  балаларға  деген  қарым-қатынас  сипаты,  жұмысқа 

қанағаттану сатысы айқындайды. 

Тәрбиелік  қызметте  өзінің  білімін,  іскерлігін  және  дағдысын  дұрыс  

бағалауды меңгереді. Болашақ мұғалім – тәрбиешіге қажетті, тұлғаның өзін-

өзі тәрбиелеу сапасын арқылы тұлға бағыттылығын түзету. 



Шығармашылық тапсырма 

1)  Сынып  жетекшісімен  танысыңыз,  олармен  сынып  оқушылар 

жөнінде  әңгімелесіңіз.  Диагностикалық  карта  негізінде  алдын-ала  сұрақтар 

тізімін анықтаңыз. Оқушылар жөнінде ауызша хабарлама жасаңыз. 

2)  Мектеп  бойынша  кезекшілік  уақыттындағы  оның  сыныбын, 

оқушылар және сынып жетекшілерінің қызметі туралы біліңіз. 

3)  Оқушылардың  үйіне  баруға  сұрақты  ойлаңыз,  оны  сынып 

белсенділерімен  бірге  істеңіз  (кімге  барасыз,  бару  мақсатыңыз,  олардың 

проблемаларын қызықтыратын сұрақтар бойынша ата-аналарға нұсқаулар). 

4)  Әртүрлі  қызмет  түрі  бойынша  педпрактика  кезеңінде  сынып 

оқушыларымен бірге жоспар құрыңыз. Жұмысты жоспарлауда оқушыларды 

тарту  тәсілдерін  ойластырыңыз.  Ұсынылған  тәрбиелік  шаралары  өткізу 

қажеттілігін    дәлелдейтін  және  оны  орындалу  ақиқаттығына  жету. 

Тәрбиелеушілердің  арнайы  іскерлік,  дағдысын  ескеріңіз,    олардың  жақсы 

көретін  сабақтарын,  белгіленген  жоспарды  орындау  бойынша  қызметтің 

әртүрлі түрлерінде олардың бейнеленуіндегі шығармашылық қабілеттер. 

5) Ата – аналар жиналысынан бір тақырыпты таңдаңыз да, толқылауға 

сұрақтарды ойлаңыз. 



16 

 

6) Оқушылар жиналысын өткізуді қамтамассыз етіңіз, оны сыныптың 



белсенділерімен бірге дайындаңыз, өзіңіздің бағытыңызды, ақыл-кеңес және 

ұсыныстарды ойлаңыз. 

7)  Мектеп  алаңын  тазалау  бағдарламасының  белгілеңіз  (басы, 

жауапты адамдар, құралдары, қорытынды шығару). 

8)  Өзінің  қызығушылығы  және  пән  мамандықтары  бойынша  бірінші 

үйірме  сабақтарына  хабарлама  дайындаңыз  (жұмыстың  мазмұны,  үйірме 

мүшелеріне қойылатын талаптар, олардың қызығушылықтарын дамыту т.б.). 

9) 


Енжар 

оқушылардың 

белсенділігімен 

инициативасын 

қалыптастыруда  қызметтің  әртүрлі  түрлеріне  тарту  жөнінде  бірқатар  іс-

әрекеттерді белгілеп қойыңыз. 

10)  Оқушылардың  өзін-өзі  тәрбиелеу  бағдарламасын  құруға 

оқышаларға  көмектесіңіз,  оны  орындаудағы  оқушылардың  әрекеттері  және 

оның негізгі бағыттарын талқылаңыздар. 

11) Оқушылардың әртүрлі тапсырмаларының мазмұнын ашыңыз, оны 

орындау тәсілдерін жазыңыз. Сынып белсенділерімен бірге тапсырмалардың 

тізімін құрыңыз. 

12) 

Мектепте 



оқу-тәрбие 

жұмысында 

оқушылардың 

жас 


ерекшіліктерін  сынып  жетекшісі  және  пән-мұғалімдері  қалай  есепке 

алатынына бақылау жүргізіңіз. 

13)  Дайындауға  қойылған  негізгі  және  қосымша  міндеттерді  жүзеге 

асыру  тұрғысынан,  сынып  сағатының  бір  түрін  жүргізу  әдістемесіне  талдау 

жасаңыз. 

14)  Қыин  оқушылардың  мінез-құлқын  түзету  үшін  қолданылатын 

сынп  жетекшісінің  педагогикалық  ықпал  ету  әдістері  туралы  қорытынды 

жасаңыз. 

15)    қоғамдық  пайдалы  еңбекке  оқушыларды  баулу  мақсатындағы 

сынып  жетекшісінің  қолданылатын  тәрбие  тәсілдері  мен  құралдарын 

көрсетіңіз. 

16)    Сынып  жұмыстарындағы  кемшіліктерді  анықтаңыз,  оны  жою 

және өзін-өзі басқару органдарының қызметін жетілдіру бойынша іс-әрекетті 

белгілеңіз. 

17)  Жеке  педагогикалық  міндеттерді  жазыңыз  және  оны  шешу 

жолдарын көрсетіңіз. 

18)  Сынып  ұжымының  тәрбиелік  және  даму  деңгейіне  байланысты 

тақырыптарыңыздың  бірі  бойынша  оқушылармен  әңгіме  жүргізу 

конспектісін  жасаңыз.  Сынып  жетекшісімен  әңгіменің  мазмұнын  талдаңыз, 

оқушылармен  сұрақтармен  талқылау  үшін  әңгіме  мазмұнын  сыныптың 

тәжірибе ісімен байланыстырыңыз. 

19)    Диагностикалық  карта  және  басқада  оқушылар  туралы 

мәліметтерді ескере отырып, сыныпқа толық мінездеме беріңіз. 

20)  мұғалім  мамандығы  туралы  оқушылардың  пікірлерін  айқындау. 

Қандай  тартымды  және  тартымсыз  жақтары  олар  көретінін  біліңіздер. 

Мұғалім болғысы келетін оқушылардан мұғалім мамандығын таңдау мотивін 

нақтылаңыз. 


17 

 

21)  Оқушыларды  педагогикалық  университетке  экскурсияға  әкеліңіз, 



факультеттер туралы айтыңыз, мұражайларды, лабораторияларды көрсетіңіз; 

университетті 

бітірушілермен 

және 


оқытушылармен 

кездесу 


ұйымдастырыңыз. 

22)  Сабақта  жаңа  материалды  баяндау  тәжірюиесін  зерттеу.  2-3 

сабаққа  қатысыңыздар,  мұғалім  сабақта  жаңа  материалды  қалай 

түсіндіретінін  бақылаңыз,  тақырып  бойынша  сабақ  жүйесінде  оқу  үрдісінің 

кезеңдерін, 

оның 


танымдылық-тәрбиелік 

мәнділігін 

анықтаңыз, 

оқушылардың  түсінгенін,  мұғалім  қалай  тексеретінін  бақылаңыз;  жаңа 

материалды  баяндауда  оқушыларға  жаңа  тұрғыдан  келуді  қалай  жүзеге 

асырады; жаңа білімдерді меңгеру мен жаңа материалды қабылдауға (ереже, 

заң, ұғым) мұғалім оқушыларды қалай дайындайды. Бақылаудан қорытынды 

жасаңыздар. 

23)  Сабақта  жаңа  білімді  бекіту  және  оқушылардың  тәжірбиелік 

іскерлігі  мен  дағдысын  қалыптастыру  бойынша  мұғалімдердің  жұмыс 

тәжірбиесін зерттеңіздер: 

-  әр  пән  бойынша    _____  сыныптың  2-3  сабағына  қатысыңыз, 

бақылаңыз,  мұғалім  қалай  сабақта  білімді  бекітеді;    күшті  және  нашар 

оқушылармен  білімді  бекіту  бойынша  жұмысты  қалай  ұйымдастырады; 

сабақта  білімді  бекітуде  өзбетіндік  жұмыстардың  алатын  орны,  оның 

тиімділігі, мақсаттылығы қандай. Бақылау нәтижесін шығарыңыз. 

24)  Сабақта  оқушылармен  педагогикалық  талаптарды  орындауды 

зерттеңіз. 

- сыныпта 2-3 сабаққа қатысып, оқушылар педагогикалық талаптарды 

қалай орындайтынын бақылаңыз. Бақылаудан қорытынды жасаңыз. 

25) сабақта педагогикалық техника элементтерін зерттеңіз.  

-  сыныптағы  2-3  сабаққа  қатысыңыз,  мұғалім  педагогикалық 

элементтерді  қалай  пайдалатынын  қараңыз  (мимика,  понтономиканы 

меңгеруі;  көңіл-күй,  эмоцияны  басқаруы;  әлеуметтік-перцептивті  қабілеті: 

зейіні,  байқағыштығы,  қиялдануы;  Сөйлеу  техникасы:  дем  алуы,  дауысты 

қою,  дикциясы,  сөйлеу  тепмі;  оқыту  және  тәрбие  үрдісінің  технологиялық 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет