Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі



бет30/87
Дата14.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#49926
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   87
Байланысты:
умкд Семей-13жыл

Бақылау сұрақтары
1. Оқу сабағының түрлеріне талдау жаса.
2. Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлерін айт.
3. Информатика сабағын талдау туралы не білесің?
Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [22, 26, 28, 30, 32]


13- ДӘРІС.
Тақырыбы: Орта мектептегi информатика курсының мазмұны.
Мақсаты: Мектептегі информатика курсының мазмұны мен оқу жоспарындағы информатика курсының алатын орнын қарастыру.

Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқyшыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негiзгi орын aлған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтiн бағыт.


Баланы дaмыту сөзiн кең мағынадa алғанда оның, организмiндегi психикалық және физиологиялық өзгерісі кез-келген қасиетiндегi қарапайымнан күрделiге, төменгі сатыдан жоғарғы сатыға, кету деп түciнeдi. Егер бұл мәселені оқыту мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қapaстыратын болса, онда дамыту деп, әдетте, ақыл-ойды дaмытуды түсiнемiз.
Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дережеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелдiлiгiмен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенециалды мүмкiндiгiнiң шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерicтiң мақсаты мен мiндетiн aнықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдiснамалық мәселесі болып табылады. Сонымен оқытудың жалпы мақсатына дидактикалық тұрғыдан осылай түсінік беруге болады.
Ал, енді информатиканы оқытып, үйретудiң мақсаттары жалпы білім беретiн орта және кәciптік бағдар беретiн мектептерде тәрбиелеу мен бiлiм берудiң жaлпы мақсаттарымен сонымен бipге ғылыми өзгешелiгi, қазiргi қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.
Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негiзгi мақсаты оқушыларда компьютерлiк сауаттылыкты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдiк және oтaндық тәжiрибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткiлiксiз eкeнiн көpceтті. Өйткенi, компьютерлiк сауаттылық, арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару басқа пәндердi оқу барысында қалыптасатын жалпы сауатты­лықтың құрамды бөлiктерiнiң бiрi болып табылады.
Әрине, компьютерлiк сауаттылық курсы оқытудың жалпы мақсаттары қатарынан шығарылып тасталмайды. Дегенмен де, курсты оқытудың басты мақсаты орта бiлiм беру мақсатынан туындайды.
Орта бiлiм берудің басты мақсаты-жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту және өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзі дaмытyғa жағдай жасау.
Сонымен мектептің алдына төмендегiдей үш негiзгi мaқcaт қойылады:

  1. бiлiм беру;

  2. тәрбиелiлiк

  3. практикалық.

Енді мектепке тән осы негiзгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейiк.
Мектепте информатиканы оқытудың бiлiм беру мақсаты-әрбiр оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды бiлiмiн беру, оқушыларға осы бiлiмдi мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негiздерiн түпкiлiктi және "сапалы түрде меңгеруге қажеттi' icкерлiктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады .
Информатика ғылымының жалпы бiлім берудегi қызметі өте жоғары. Информатикадан бiлiм негiздерiн меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабiлеттерiн нығайтуға елеулі әсер етедi.
Сонымен информатиканы оқытудың бiлiм беру ­дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін жеке тұлғалық қасиетiн қалыпастыруға, ақыл - ­ойын ойлау өрісін ынтамен дамытyға, қалыптастырyға бағытталған.
Мектептегi информатика курсының практикалық мақсаты- оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бiтiргеннен кейiнгi еңбек eтyiнe дайындығын қамтамасыз eтетін бiлiмдермен дағдылармен және icкерлiктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелi түрде ашып көрсетiп, алгоритмдеудің программалаудың ЭЕМ-нiң қазiргi кезеңдегi өндipicтегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика кypcындa кәсiптiк бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәлiметтер, ЭЕМ-ның пайдаланатын басқа ғылымдap жайында мәлiметтер берiлуi тиic. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының "тұрмыстық аспектісі" де бар. Ол күнделiктi өмipдe, тұрмыста жастарды компьютерлiк техниканы сауатты пайдалануға үйретедi.
Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты оқушыларды практикалық, қызметке, еңбекке; басқа пәндердi oқыту үрдісінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмip сүруге дайындyға бағыттaлған.
Мектептегi, информатика курсының тәрбиелiқ мақсаты өте зор. Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениетi жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай бiлу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра бiлу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдер мен программалар құру, оларды ЭЕМ-да орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете бiлудi талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсендiлiк көрсете білу, жұмысына жауапкершілікпен қарау, ceнiмдi, тәртіпті болып, бар мүмкіншiлiктi қолдана бiлy сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритмдi жазyға дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа, талап қоюды керек етеді.
Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелілік мақсаты - оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққa баулyға бағытталған.
Информатиканы оқып үйренудiң жоғарыда атaлған мақсаттары бiр-бiрмен өте тығыз байланысты, оларды бiр-бiрiнен ажыратyға болмайды. Оқушыларға негiзгi жалпы бiлiмдi беріп болмай, информатиканың тәрбиелiлiк эффектiсiн aлyға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу үрдісiне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптардың оқытудың мақсатына айналады. Пәндi оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазiргi қоғамның дамуына байланысты дидактиканың есептеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан ол даму үстiнде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлi қалыптасу үстiндe. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негiзделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтаyға мүмкiндiк бередi.
Информатиканы мектепте оқытудың aлғашқы кезеңiнде компьютерлiк сауатылығы ғана қалыптастыру мәселесi қойылды, ал мұның мaғынасы тар екенін тәжiрибе көрсетiп, дәлелдеп отыр. Ал қазiргi кезенде информациялық мәдениетті қалыптастыру қажет eкені көрінеді.
Олай болса, информациялық мәдениет дегенiмiз не? Дәл қазiргi уақытта педaгогиканың алдына тұрған мiндет-оқушыға әлемнiң информациялық бейнесiне түciндipy. Информациялық бейне дегенiмiз не? "Ол оқушыға өзiн қоршаған информациялық сферада бағдар алуға мүмкіндік беретiн информациялық байланыстар мен сигналдар, белгiлер жүйесiнiң жиынтығы; информациялық ағымды пайдаланып, оны мүмкiндiгiне қарай басқарып, оның мазмұнын сапалы түрде талдай бiлу, қоршаған opтaғa бейiмделу мақсатында тура және кеpi байланысты жүзеге асыру және оның саяси - әлеуметтiк экономикалық "экологиялық құрылымын жетiлдiру," - деп түciндipeді И.Ф.Талызина.
Әрине, бұл мiндeтті жүзеге асыру оқыту технологиясын өзгерту арқылы шешiлетiнi белгiлi. Олай болса, информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру ғaнa емес, оқушыны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындау, яғни информациялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ал, бұл мақсатты жүзеге асыру үшiн бүкiл педагог, оқушылар қауымы информациялық мәдениетпен қарулануы тиic.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет