Оқушы білуі тиіс: үзінді не екенін және оны белгілеуді;
үзінділермен қандай операциялар жүргізуге болатынын.
Оқушы үйренуі тиіс: үзінділерді әр түрлі тәсілдермен белгілеуді;
үзіндіні шағылдандырып бейнелеуді;
үзіндіні бұруды;
үзіндіні өлшемін өзгертуді;
үзіндіні еңкейтуді.
Оқушы білуі тиіс: мәтіндік және графикалық ақпаратты кескіндеу принциптерін;
графикалық редакторды, олардың міндетін, типтерін және негізгі мүмкіндіктерін;
графикалық объектілер жасау және өңдеу технологиясын.
Оқушы меңгеруі тиіс білігі: кез- келген графикалық объектіні жасауды және өңдеуді;
тұтас суретпен және оның үзіндісімен әрекеттерді жүзеге асыруды;
ақ – қара және түрлі түсті суреттердің, ақпараттық көлемін есептеуді.
№14 сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Дыбыстық ақпаратты кескіндеу. Windows қосымшалары. Графикалық редактор. Компьютерлік графиканың қолданылу аймақтары.
Программалық- дидактикалық қамтылуы:
Оқу есептеуіш техника кешені.
Оқулық. Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты:
Дыбыстық ақпаратты кескіндеу. Компьютерлік графиканың қолданылу аймақтарын анықтау.
Сабақтың типі:
Практикум элементтері бар түсіндірмелі - көрнекілікті