Оқушы білуі тиіс:
Excel – де деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерін;
Электрондық кестелер көмегімен деректердің орын ауыстыру және көшірмелеу технологиясы;
Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін;
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
Электрондық кестелерді құруды және толтыруды;
Деректердің орнын ауыстыруды және көшірмелеуді;
Диаграммалар сызуды.
26 – сабақ
Сабақ тақырыбы
Excel кестелік процессоры. Деректерді электрондық кестеде өңдеу. Деректерді өңдеу формулалары. Сызықтық функциялардың графиктерін салу.
Программалық
дидактикалық қамтылуы
Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры.
Оқулық
Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты
Деректерді Excel электрондық кестесінде өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Деректерді өңдеу формулаларын пайдалануды үйрету. Сызықтық функциялардың графиктерін салуды үйрету.
Сабақ типі
Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
Білім мен білікке қойылатын талаптар
Оқушы білуі тиіс:
Электрондық кестелермен сандық ақпаратты өңдеу технологияларын;
Оқушының меңгеруі тиіс білігі:
Электрондық кестелерді құруды және толтыруды;
Дерек өңдеу үшін формулалар құруды;
Сызықтық функция графиктерін салуды.